- •15 Билет
- •2) Жасуша өлімінің түрлері: апоптоз, некроз. Жасуша өлімінің түрлерінің морфологиялық, биохимиялық және молекулалық белгілері.
- •3) Насекомдардың дене құрылысы және олардың туындылары.
- •16 Билет
- •17Билет
- •2) Су алмасу экологиясы. Әр түрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасуындағы ерекшеліктері (ксерофиттер, мезофиттер, гигрофиттер, галофиттер) және су тапшылығына өсімдіктердің бейімделуі.
- •3) Насекомдардың қанаттары, құрылысы және шығу тегі
15 Билет
1 сұрағы жоқ
2) Жасуша өлімінің түрлері: апоптоз, некроз. Жасуша өлімінің түрлерінің морфологиялық, биохимиялық және молекулалық белгілері.
Некроз – (грекше nekros-өлген) деп, тірі организмде жасушаның, тіннің немесе ағзаның бір бөлігінің бүтіндей өлуін айтады. Демек некроз тірі организмде болатын жергілікті өлім. Некроз қалыпты жағдайда да ұдайы болып тұратын құбылыс. Тері эпидермисі, асқазан- ішекшырышты қабатының жасушалары, қан элементтері және т.б. болады. Әрдайым өліп, жаңа жасушалармен алмасып отырады, ол “регенерация” деген атауға ие. Ағзалар негізін құраушы жасушалар бірнеше сағаттан бірнеше жылдарға дейін өмір сүріп, кейін өз тіршілігін жояды. Бұл физиологиялық өлім. Егер жасушаның өлімі әртүрлі зақымдаушы әсерлер нәтижесінде болса оның патологиялық өлім дейді. Морфологиялық өзгешіліктеріне қарап некроздың екі түрін ажыратады: Коагуляциялық (құрғақ) некроз белокқа бай, бірақ құрамында су көп болмайтын ағзаларды: жүректе, көлденең жолақты бұлшықетте, бауырда, бүйректе, көкбауырда дамиды. Некроз болған аймақта белоктар ұйып қалып тін сусызданып, тығыздалып қалады. Кальций жиналып қалуы, осыған балынысты жасушаішілік ацидоз денатурация үрдісін күшейтетіні белгілі. Колликвациялық (ылғалды) некроз құрамында су мол ағзаларда, мысалы, мида кездеседі. Зақымданған тін өзіне суды сіңіріп жұмсайды, сұйылады, ботқа ұқсаған затқа айналады. Кейінірек ол жерде киста пайда болады.
Кейінгі кездері “апоптоз” деген термин пайда болды. Оның некроздан айырмашылығы ол негізінен жасушалардың зақымдануына, әсіресе олар ДНК-дағы байланысты дамитын өзін өзі өлтіру үрдісі. Сонымен апоптоз организмнің гендік қасиеттері өзгерген жасушалардан тазарудың физиологиялық механизмі. Апоптоздың алғашқы кезеңінде хроматинде маргинация, ал цитоплазма мен жасуша оргоноидтарында конденсация құбылыстары дамып, жасуша қалдықтары мембранамен қоршалған апоптоздық денешіктерге айналады. Кейін олардың макрофагтар немесе басқа жасушалар обып жояды.
3) Насекомдардың дене құрылысы және олардың туындылары.
насекомдардың денесi үш бөлiмнен тұрады: бас, кеуде, құрсақ. Басында қос буынды әртүрлi антенналары (мұртшалары), қарапайым немесе күрделi көздерi және ауыз аппараттары орналасады. Ауыз аппараттарының типiне қарай насекомдарды екi үлкен топқа бөледi: кемiрушiлер және сорушылар.Кеуде бөлiмi үш сегменттен тұрады: алдыңғы кеуде, ортаңғы кеуде, артқы кеуде. Ортаңғы және артқы кеуде сегменттерiнде қос тыныс тесiктер орналасқан. Үш сегменттiң әрқайсысында бiр-бiр жұп буындалған аяқтары болады. Аяқтары жүруге, жүгiруге, секiруге, жүзуге, қоректi ұстауға және дыбыс дабылын беруге де ыңғайлануы мүмкiн. Құрсақ сегменттерiнiң саны 3 пен 11 аралығында болады. Оларда өсiндiлер болмайды. Тек 8-шi және 9-шы сегменттерiнде жыныс өсiндiлерi болады. Кейбiр түрлерiнiң 11 сегментiнде церкилер болады. Тыныс тесiктерi 1-8 құрсақ сегменттерiнде орналасады.Iшкi құрылысы. Ас қорыту жүйесi ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, жемсау, ортаңғы және артқы iшектерден тұрады. Әр түрлерде бұл бөлiмдердiң көлемi насекомдардың қорек сипатына қарай ерекшеленедi.Насекомдардың қан айналу жүйесi жүрек пен арқа қолқасынан құралған. Денесiнiң үстiңгi жағында орналасқан түтiк тәрiздi жүрегiнiң артқы ұшы тұйық, ал алдыңғысы бас қуысына ашылатын арқа қолқасына жалғасады. Жүрек камераларының бүйiрiнде остиялар деп аталатын саңылаулары бар. Жүрек қабырғасына бiткен, қанат тәрiздi бұлшық еттерiнiң әсерiнен жүректiң камералары бiр бағытта жиырылып қанды артқы жағынан алға қарай қолқаға сырғытады. Қолқадан шыққан гемолимофа бас қуысына құйылып, одан кеуде және құрсақ бөлiгiне қарай ағып, ондағы iшкi мүшелердi аралап, қайтадан жүрекке құйылады.Насекомдардың тiршiлiк циклi сан алуан және орасан күрделi. Көптеген насекомдарда даму метаморфоз арқылы жүредi. Метаморфоз – бүкiл тiршiлiк циклiнде жануарлардың құрылымы мен түрiнiң кенет өзгеруi. Насекомдардың өте қарапайым топтарының личинкалары жиi ересек түрлерiне ұқсас болады. Әдетте әрбiр келесi личинкасы өскен сайын ересек түрге ұқсай бередi. Дамудың мұндай типi гемиметаморфоз деп аталады. Оны нимфалар мен ересек түрлердiң бiр аймақта мекендеп, бiр қорекпен қоректенуiн – бiртiндеп метаморфозы және нимфаларда ересек түрлерiне қарағанда басқа қорекпен қоректенуге бақталастықты тоқтататын және басқа аймақтарды игеруге адаптивтi белгiлерi пайда болғанда метаморфоз деп екi топқа бөледi.
