Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жедел жәрдем чек лист.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.95 Кб
Скачать

Пән: «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем» Мамандығы: 5в130100 «Жалпы медицина» - 5курс

2016-2017 Оқу жылы

OSCE қабылдаушыға: критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз

Студенттің шифры: _______________

Тобы_____________________________

Курсы ___________________________

Иық сүйегінің жарақаты кезіндегі алғашқы көмек. Дезо таңғышы.

Бағалау критерийі

Жоқ

Ия, бірақ әлі жетілдіру керек

Ия

0

1

2

1

Науқасты өзіне қарама-қарсы отырғызып, тыныштандырды, науқасқа жасалатын манипуляцияның атын, жасалу ерекшелігін түсіндірді.

2

Қолтық астына валик қойды.

3

Науқастың қолын шынтақ буынында 900 бүкті.

4

Қолды бүгілген күйінде кеудеге жақындатып қойды

5

Бірінші тур иықты және кеуде торын қосып екі рет циркулярлы таңу жасады.

6

Екінші тур бинтті арқасы арқылы сау қолтық асты аймағынан зақымданған аймаққа өткізді

7

Үшінші тур екінші турды жалғастыра отырып зақымданған иық сүйегінің артқы бетімен төмен түсіп, зақымданған аймақтағы шынтақ буынын орай өтіп, бинтті қиғаш сау аймақтағы қолтық астына келді сау қолдың қолтық асты аймағымен арқа бөлігіне өтіп,зақымданған иыққа келді

8

Төртінші тур зақымданған иықтың алдыңғы бетімен төмен түсіп,білекті орай иықтың арқа бетімен сау қолдың астына келді

9

Барлық турларды 3 рет қайталады.

10

Таңуды кеуде торын циркулярлы орау арқылы аяқтады

11

Түйрегішпен түйреді.

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин

Максимальді ұпай саны: 22 (100%) жинаған ұпай саны:______________________

Критерийді бағалаған оқытушының аты – жөні, қолы _______________________

Пән: «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем» Мамандығы: 5в130100 «Жалпы медицина» - 5курс

2015-2016 Оқу жылы

OSCE қабылдаушыға: критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз

Студенттің шифры: _______________

Тобы_____________________________

Курсы ___________________________

Құрысу синдромы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмі.

Бағалау критерийі

Жоқ

Ия, бірақ әлі жетілдіру керек

Ия

0

1

2

1

Жалпы жағдайын бағалау (жеңіл, орташа, ауыр)

2

Ұстамалы клоникалық құрысу кезінде басын, қол-аяқтарын жарақаттап алмау үшін, ол мүшелерді жай ғана демеп ұстап отыру қажет.

3

Клоникалық және тоникалық құрысу кезінде жақтарының шайнау немесе тістену кезінде тілін, ернін және ұртын қырқып алмас үшін, ит тісі мен азуларының аралығына, тіс эмальдарын жарақаттамайтын бірнеше рет бүктелген мата немесе ағаш тәрізді заттар қойып үлгеру

4

Брюзепам 10 мг-2,0 мл вена ішіне енгізді

5

Науқасты сол қырына жатқызды ( асфиксияның алдын алу үшін)

6

Құрысу басылған соң салфеткамен ауыз қуысына жиналған сұйықтықты тазарту

7

Ми ісінуінің алдын алу үшін фуросемид 1%-2,0 мл бұлшықетке енгізді.

8

Екіншілік құрысудың алдын алу үшін және ми ішілік қысымды төмендету үшін MgSO4 25%-5,0+NaCl 0,9% 5,0 вена ішіне енгізді.

9

Артериалық қан қысымын өлшеу,

10

Жүректің соғу жиілігін,пульсін санау

11

Қан қысымы жоғары болған жағдайда гипотензивті препараттарды енгізу

12

ЭКГ түсіру ЭКГ-ға қорытынды берді.

13

Ауруханаға тасымалдау

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин

Максимальді ұпай саны: 26(100%) жинаған ұпай саны:______________________

Критерийді бағалаған оқытушының аты – жөні, қолы _______________________