Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жедел жәрдем чек лист.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.95 Кб
Скачать

Пән: «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем» Мамандығы: 5b130100 «Жалпы медицина» - 5 курс

2016-2017 Оқу жылы

OSCE қабылдаушыға : критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз

Студенттің шифры:_______________

Тобы________________

Асқазан жуу

жоқ

Ия, бірақ әлі жетідіру керек

ия

0

1

2

1

Қажетті матералдар

  1. Жіңішке асқазан зонды (диаметр 5-9 мм)

  1. Вазелин немесе глицерин

  1. Жууға арналған ерітінді(5- 10 литров)

  • Таза қайнаған су (20-24°С).

  • Тұз ерітіндісі ( 5 л суға 2ас қасық ).

  • Марганцовканың ашық түсті ерітіндісі (перманганат калия)

  • Ас сода ерітіндісі( 5 л суға 2ас қасық ).

  1. Стакан су (50мл) және ішуге арналған түтікше

  1. Жане шприці

  1. Лейкопластырь

  1. Сүлгі, салфеткалар

  1. Резенке қолғап

  1. Қалдық суға арналған ыдыс (шелек.)

  1. Жууға арналған 5-10 литр ерітінді

2

Науқастың жүргізілетін процедурамен таныс екендігіне көз жеткізіңіз

3

Алжапқыш пен қолғап кию

4

Танаудың өтімді жағын анықтаңыз (танаудың бір жағын жауып тұрыпекінші жағын мен тыныс алдырыңыз , және керісінше).

5

Енгізілетін зонд ұзындығын анықтаңыз. Бұл үшін зонд арқылы мұрын ұшынан құлақтың сырғалығына дейін одан кейін құрсақ құысының алдынғы қабырғасымен семсер тәрізді осіндіге дейін. Өлшенген жерін белгілеп алыңыз бұл сізге зондты керекті жерге дейіненгізуге мүмкіндік береді.

6

Науқасқа зондты енгізу кезінде жүрек айнып лоқсуы мүмкін екендігін түсіндіріңіз,бірақ мұрынмен терең тыныс алу арқылы бұны жеңуге болатынын түсіндіріңіз.Сонымен қатар зондты тіспен тістеп қимылдатуға болмайтынын айтыңыз.

7

Науқастың көкірек қуысын сүлгімен жабыңыз

8

Қолды жуып, қолғап киіңіз

9

Зондтың тұйық ұшын вазелинмен немесе глициринмен жақсылап сүртіңіз.

10

Науқастың басын шамалы арқаға шалқайту

11

Зондты танау арқылы15-18 см енгізгеннен кейін науқасқа басын алға қаратуын сұраңыз.

12

Науқасты жұтындыра отырып зондты жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы жылжытыңыз.

13

Зондты жұтқыздырып болғаннан кейін науқастың тыныс алып , сөйлей алатынына көз жеткізіңіз

14

Зондты әр жұтынған сайын жаймен белгіленген жерге дейін енгізіңіз.Науқасқа стаканда су және ішуге арналған түтік беріңіз, басын шамалы алға иіп аз аздан жұтынып ішуін сұраңыз.Бұл зондтың жақсы жылжуына көмек береді.

Егер зонд енгізгенде қатты қарсылық болса, немесе науқаста жөтелу, ентігу, бетінің көгеруі болса зонд көмейге түскен, ол кезде зондты жаймен қайтып аламыз.

15

Зонд асқазанға түскеніне көз жеткізіңіз.

Жане шприцін пайдаланып асқазанға 20 мл ауа жібереміз, фонендоскоп арқылы тыңдап немесе құлағымызды құрсақ қуысына қойып тыңдаймыз.

Асқазандағы сұйықтықты шприцке алу

16

Шприцке жууға арналған ерітіндіні алу , оны зондқа жалғап асқазанға енгізу

17

Шприцтің поршенін өзімізге тартып , асқазандағы сұйықтықты сорып аламыз. Толтырып алған шприцті зондтан босатып алып , ішіндегісін жуып шаюға арналған ыдысқа төгіңіз.

18

Дайындаған сұйықтық біткенге дейін процедураны қайталай беріңіз (5-10 литр немесе 10-15% дене массасына қарай)

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин.

Максимальды ұпай саны: 36(100 %), жинаған ұпай саны: _____ ( ____ %)

Критерийді бағалаған оқытушының аты, жөні және қолы ______________________

Пән: «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем »