Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MI_VKGU_001-15_Po_oformleniyu_diplomnykh_rabot_kaz (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
374.97 Кб
Скачать

8 Өзгертулер

8.1 Әдістемелік нұсқаулыққа өзгерістер мен қосымшалар СБӨ рұқсатымен енгізіледі және оның қолы қойылып, өзгеріс туралы хабарлама түрінде құжатталады. Өзгеріс туралы хабарлау парағы белгіленген үлгіге сәйкес хатталады және осы әдістемелік нұсқау бар барлық құрылымдық бөлімшелерге беріледі. Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшалар ҚР ШҚМУ 001-13 талаптарына сәйкес енгізіледі. Сақтауға берілген әдістемелік нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы хабарламаны әзірлеуші бөлімше шығарады. Әдістемелік нұсқаулыққа өзгерістерді ҚБЖ өзгерістерді және қосымшаларды тіркеу парағына белгілей отырып енгізеді;

8.2 Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін СММжББ жауапты;

8.3 Әдістемелік нұсқаулықты тексерулердің мерзімділігін есепке алу парағына міндетті түрде белгілей отырып, ҚБЖ үш жылда кем дегенде бір рет қайта қарайды.

8.4 Әдістемелік нұсқаулыққа өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін мыналар негіз бола алады:

  • заң күші бар нормативтік-құқықтық актілерге жаңадан енгізілген өзгерістер мен қосымшалар;

  • ректордың бұйрықтары;

- СБӨ рұқсатымен енгізілген өзгерістердің себебі көрсетілген ҚБЖ қызметтік жазбасы;

8.5 Ұйымның немесе құрылымдық бөлімшенің атауы өзгертілген кезде әдістемелік нұсқау ауыстырылуы керек.

8.6 Ауыстырылған әдістемелік нұсқаулық күшін жоғалтқан жағдайда университеттегі барлық даналар алынып, жаңасымен ауыстырылуы тиіс.

8.7 Ескірген әдістемелік нұсқауды алу және ауыстыруға ҚБЖ және СММжББ жауапты.

8.8 Ескірген ережеге «Жойылды» деген белгі, жою негіздемесі, күні және «Жойылды» деген белгіні қойған тұлғаның қолы қойылып, мұрағатқа жіберіледі. Мұрағаттық құжаттар жұмысқа пайдаланылмайды.

9 Келісу, сақтау және тарату

9.1 Әдістемелік нұсқаулықты Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келісуді ҚБЖ жүзеге асырады.

9.2 Әдістемелік нұсқаулықты ҚБЖ әзірлейді.

Әдістемелік нұсқаулықпен мыналар келіседі:

- СБӨ;

- Сапа бойынша басқарма өкілі;

- ОӘЖ жөніндегі проректоры;

- СММжББ бастығы;

- құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы.

9.3 Әдістемелік нұсқаулықты ректор бекітеді және жойылғанға дейін әрекет етеді.

9.4 Әдістемелік нұсқаулықтың түпнұсқасы құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде сақталады және оның сақталуы үшін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы жауапты болады.

9.5 Құрылымдық бөлімшенің барлық жұмысшыларының әдістемелік нұсқаулықтың мазмұнымен жеке танысуы үшін ҚБЖ, кадрлар бөлімінің бастығы және құқықтық қолдау жауапты.

9.6 Әдістемелік нұсқаулықтың есепке алынған жұмыс даналарын құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі таратады.

9.7 Әдістемелік нұсқаулықтың есепке алынған жұмыс данасының бөлімшеде сақталуы үшін ҚБЖ жауапты.

Қосымша А

Мұқаба әзірлеу нұсқасы

2 см

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

(1 жолақ калдыру)

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жол ортасында орналасу қажет

Иванов И.И.

3 см

1 см

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру

Барлық әріптерін бас әріппен

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]