- •Мазмұны
- •Cурет 1 Шалғынды-далалық белдеудің көрінісі
- •1997-1999 Жылдары арасында биология ғылымдарының кандидаты к.К. Бурунбетова қазушы араларға зерттеу жұмыстарын жүргізді.
- •Сурет 2 Ебелек дұрыс (сол жақта), дұрыс емес (оң жақта)
- •3 Суретте көрсетілгендей көбелекті ұстағанда ебелектің ішінде өлтіреді. Жәндік қанатын арқасына жинағанда дәке арқылы оның кеудесін қысамыз.
- •Сурет 3 Көбелектің кеудесінен қысу
- •Сурет 4 Түзеткіш
- •Сурет 5 Қабыршаққанаттыларды ұстау кезі
- •7 Суретке көрсетілгендей еттұмсықтың ұзындығы гүлдің шырынының орналасуына байланысты.
- •3.2 Зерттеу жұмысы барысында анықталған қабыршаққанаттылардың түрлерінің фенологиялық сипаттамасы
- •Сурет 11 Ноқат көккөбелек (l. Semiapgus Rott)
- •Сурет 12 Үлкен перламутровка (Argynnis. Paphia l.)
- •Сурет 14 Икар көк көбелек ( l. Icarus Root.).
- •Сурет Тобылғы ала қоржыны(Zygaena lonicerae) және оның жұлдызқұрты
- •3.4 Нимфалидтер тұқымдасына мінездеме (Nympholidae)
- •Сурет Қалақайша (a. Urticae.)
- •Сурет Таспалы камилла (l. Camilla l.)
- •Сурет Қаралы көбелек (V.Antiopa l.)
- •3.5 Қабыршаққанаттылардағы ақ көбелек тұқымдастарына мінездеме
- •Сурет Шалқан ақ көбелек (Pieris Rapae).
- •Туыс: Ақ көбелек (Pieris Schrk.) Түрі қырыққабат көбелегі (p.Brassicae.)
- •Сурет Түрі зорька (Anthocharis cardamines l.).
- •Туыс: Лимонница (Gonepteryx Leach.), Түрі Жай лимонница (Gonepteryx rhamni l.)
- •Сурет Жай лимонница (Gonepteryx rhamni l)
- •3. Парусники тұқымдасына мінездеме (Papilionidae)
- •Сурет Аполлон (p.Apollo l.)
- •Сурет Махаон (p.Machaon l.)
- •Сурет Бархатница дриада (Satyrus dryas)
- •Сурет Кәдімгі мыңжапырақ (Achilléa millefólium l.)
- •4 Қабыршаққанаттылардың ауылшаруашылық маңызы
- •Қорытынды
- •Пайданылған әдебиеттер тізімі
3.2 Зерттеу жұмысы барысында анықталған қабыршаққанаттылардың түрлерінің фенологиялық сипаттамасы
Қабыршақтылар (Lepidoptrera) немесе көбелектер – эволюциялық жағынан жас топ. Түнгі көбелектердің күндізгі көбелектерден ерекшелігі – денесі жуан, қанаттарының бояуы бір ғана түсті, күңгірт. Мұртшалары қауырсынтәрізді немесе жіптәрізді.
Түнгі көбелектер күндіз тыныштықта болып, түнде өте белсенді қозғалады. Оларда сезім мүшелері ұзын мұртшалар түрінде өте жақсы дамыған. Тыныштық жағдайында олар мұртшаларын үшбұрыш тәрізді етіп жинайды.
Күндізгі көбелектер тозаңдандыра алмайтын гүлдерді бұлар түнде тозаңдандырады.
Көбелектер барлық бунақденелілердің ішіндегі ең танымалысы. Көбелектердің әдемілігіне таң қалмайтын адам жоқ. Көне Римде «көбелектер жұлынып қалған гүлдерден пайда болды» - деген ойларға сенген. Көбелектің қанаттары әр – түрлі түстерге боялғандықтан әдемі болып келеді. Сонымен қатар қанаттарының жүйкелері маңызды систематкалық белгі.
Олардың қалдықтары жер қыртысынан бірінші гүлді өсімдіктер пайда болған кезден-ақ табылған. Қабыршақтылар мен гүлді өсімдіктердің эволюциясы параллельді дамып келді. Қазіргі кезде 140 мың түр белгілі. Біздің зерттеу жұмысымыз барысында Катон Қарағай ұлттық паркінің аумығында түнгі қабыршаққанаттылардың жеті тұқымдасқа жататын отыз бес түрі анықталып олардың маңыздылығы және түрлеріне сипаттама төменде берілді.
Көккөбелек тұқымдасына мінездеме (Lycaenidae)
Орташа көлемді көбелектер, қанаттарының жаюы 2,5-3,5 см. Көздері ұзартылған, төменнен ақ сызықпен көмкерілген, аталықтарының алдыңғы аяқтары қысқарған, бөлшектенбеген алақанымен және бір тырнақты. Жыныстық диморфизмі тез байқалады. Аталықтарының қанатының негізгі түсі көк, тұқымдас аты да осыдан, ал аналықтарында – қара-қоңыр, қанаттарының төменгі жағы көбінесе сұр немесе ақшыл ұсақ көзше дақтарымен. Аяқтары қысқарған. Бұл тұқымдас түрлері бір-біріне өте ұқсас, кейде оларды ажырату тіпті қиын, тек қанаттарының төменгі жағындағы суретінен ажырату аз да болса оңайырақ. Көбелектердің жұлдызқұрты астынан жалпақ, арқасымен өте шығыңқы, жіңішке әрі қысқа түктермен жабылған, өзінің пішінімен есекқұртты еске түсіреді. Ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктердің жапырақтарымен қоректенеді. Бұл көбелектері жапырақты ормандарда, шалғындарда және жай ғана жолда да кездеседі.
Туыс: Көккөбелек Lycaena F.),
Түрі: Ноқат көккөбелек (L. semiapgus Rott)
Түсінің ерекшелігі: жыныстық диморфизмі әлсіз байқалады. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 1,5-1,7 см. Ұшу уақыты: маусым- шілде.
Қанатының төменгі алдыңғы бетінде шеткі дақтары жоғалған, «көзшелері» бірдей көлемді, қанат жаюы 3-3,5 см. Ұшу маусым – шілдеде.
Түрі Шапшаң көккөбелек ( L. аmanda Schr.)
Түсінің ерекшелігі: жыныстық диморфизмі әлсіз байқалған. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 1,7-2 см. Ұшу уақыты: маусым – шілде. Биоорындары: ормандар мен шалғындарды ұнатады.
Өте қорқақ түр, тіпті аулаудың өзі де қиынға соғады. Қанат жаюы – 3,5-3,9 см. Алдыңғы қанатының төменгі бетінде ақ сызығы және «көзшелерінің» түстес қатарының жиектерінің арасында және дақтары жоқ, артқы аяқтарының шеткі дақтары сұр жылтырақсыз. Жұлдызқұрттар тышқан сиыр бұршағында өмір сүреді. Қуыршақ белдеулі. Көп таралған түрі таулы аймақтарда, өзен маңдарында. Бухтарма су қоймасының жағалауында көк көбелектердің 11 суретке сәйкес жаппай ұшуы байқалған.
