Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Ayauzhan_Babochki_novy.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.56 Mб
Скачать

Сурет 5 Қабыршаққанаттыларды ұстау кезі

Қысқыш (пинцет) - шағатын насекомдарды ұстауға қажет және бірнеше шыны ыдыстар мен қораптар керек. Бұларға ұсталған жануарларды сақтау үшін салынады. Жануарларды тірі сақтау үшін жеке-жеке ыдыстарға салған жөн. Егер бірге салынатын болса, бір түр жануарлары болса да, бір-бірін зақымдайды (немесе әлсізін күштісі жеп кояды). Сондыктан сіріңке қорабы өте ыңғайлы. Кем дегенде бір ыдыста жұмсақ денелі жануарларды (моллюскалар, су буынаяқтылары, құрлық насекомдарының дернәсілдері) салатын арнайы сұйыктық болу керек. Бұл - 70% этил спирті немесе 4% формалин. Формалин арзан, әрі жақсы консервант, бірақ онда жануарлар сынғыш болып келеді. Формалинмен жұмыс жасағанда, өте сақ болу керек, әсіресе көзді сақтау керек. Жануарларды басқаша сақтау өте қиын. Жұмсақ денелі жануарларды аз уақытқа ас тұзының қаныққан ерітіндісінде сактауға болады.

Сонымен қатар, ең қажетті у салынған ыдыс - «тұншықтырғыш» (морилка). Бұл омыртқасыз жануарларды тез жансыздандырады (көбіне насекомдарды), содан кейін оларды 6 суретке сәйкес құрғақ күйінде ұзақ уакыт сақтауға болады.

Сурет 6 Насекомдарды жинауға арналған құралдар: 1 - насекомдарды уақытша сақтайтын мақтадан жасалған матрасша, 2 - у салынган ыдыс, 3 - сачок, 4 - қыскыш, 5 - көбелектердің қанатын жайып қатыратын аспап

Қысқыштар - таныс емес насекомды қорықпай ұстау үшін, кем дегенде бір қысқыш болу керек. Қысқыштар дәріханаларда сатылады немесе жасап алуға болады. Тек ішкі жағында тісшелері болмау керек. Бірақ қысқыштар экскурсия кезінде тез жоғалады. Сондықтан қысқышты мойынға, белдікке, т.б. жерге ашық түсті баумен байлап алған дұрыс.

Бұл жағдайда мұндай құпанды тез алу керек немесе шетіне дейін топырақ салып қою керек, ішіне түскендердің барлығын жойып жібермес үшін (біраз уақыт өткеннен кейін, бірінші түскендері өліп, шіри бастағанда, бұл қақпан еліктірушіге айналады да, мұнда өлексежегіштер жиналады).

Өсімдіктерде тіршілік ететін насекомдарды бір-бірлеп жинауға болады. Егер бұта, ағаш жапырақтарының астына ақшыл мата төсеп, тез қағып қалса, насекомдар ұшып үлгермейді, аяқтарын жиырып, құлап түседі де, біраз уақыт қимылсыз қалады. Осы кезде оларды оңай жинап алуға болады. Мұндай жұмысты ауаның төменгі температурасында жасаған жөн, себебі ыстық кезде насекомдар тез ұшып кетеді. Үлкен ағаштардың қурап қалған қабығының бір бөлігін алып қарасақ, мұнда көптеген омыртқасыздар тіршілік етеді. Мұнан ерекше жалпақ денелі "қабық асты" түрлерін кездестіруге болады. Мысалы, қандаланың Tingidae тұқымдасы- шілтерлі қандалаларды кездестіруге болады.

Гүл шоғырларында отыратын, аз қозғалатын араларды тікелей морилкаға сілку арқылы жинауға болады. Аузы ашық ыдысты астына қойып, қақпағымен насекомды итеріп салуға болады. Гүл шоғырларына жақсы ұшатын өте көп насекомдар ұшып келеді, сондықтан оларды сүзгімен ұстаған дұрыс. Сүзгіні гүл шоғырына жақын әкеліп, тез қағып қалу керек. Дәл сол кезде насекомы жоқ гүлдерді дұрыстап қараса онда жемтігін аңдып тығылып отырған өрмекшінің болуы мүмкін. Өрмекшінің кейбірі гүлдің түсіне сәйкес түсін өзгертеді [].

Омыртқасыздарды өсімдіктерден жинаудың ең белгілі әдісі - "ору". Шөп орғандай етіп, сүзгіменен бірнеше рет қағып, сонан кейін түскен насекомның барлығын немесе жинаушыға керектісін ғана таңдап алады. "Ору" әдісі арқылы насекомдарды тек жинап қана қоймай, кейбір сандық өлшегіштерді де жүргізуге болады. Мысалы, кез-келген түрдің, сачокты 10 рет өсімдіктен қағып алғанда, түрлердің санының өзгеруін немесе бір өсімдіктен белгілі бір уақыт арасында қандай өзгерістер болуын, т.б. анықтайды. Мұндай жолмен түрдің тек салыстырмалы санын ғана белгілеуге болады, бірақ бұл өсімдікте қанша насеком бар екендігін анықтау мүмкін емес. Бұл үшін арнайы әдістер бар (Фасулати, 1971). Машықтанған мамандар, яғни сачокпен "ору" әдісін жиі пайдаланатындар, бұл үшін арнайы ауыр шеңберлі, қатты матадан тігілген сачокты пайдаланады. Сонымен қатар, қабын ауыстырып тұратын арнайы бейімделген тесігі болады. Сөйтіп әр жиналған материалды жеке зерттейді.

Ұшатын насекомдарды кешке жинау жақсы нәтиже береді. Бұл кезде көптеген "ымырт" және "түн" насекомдары белсенді болады. Түнде ұшатын насекомдарды түнгі жарықтар арқылы жинайды (әсіресе ултьракүлгін сәулелер жақсы еліктіреді). Арнайы жинағыш жарықтардан басқа, автомобиль жарықтарын, алып жүретін шамды, қала немесе ауыл сыртында жарық түсіруші шамдарды пайдалануға болады. Насекомдар далада жанған отқа да ұшып келеді, бірақ бұл жерде оларды ұстау қиындау, оларды ұстамас бұрын, өздері отқа түсіп кетеді. Егер жарық көзіне ақ мата немесе ақ қағаз ұстаса, көптеген насекомдар соларға қонады. Сонымен қатар, жерге жарықтың астына да ақ мата төсеу керек. Насекомдарды жылы, желсіз, караңғы түндері жарыққа ұстау өте нәтижелі болады.

Экскурсияда жиналған материалдарды өңдеу

Материалды сақтау

Сұйық консерванттарда сақталған омыртқасыздарды, экскурсия кезінде жиналған ыдыстарда біраз уақыт сақтауға болады. Лагерьге келгеннен кейін бірден этикеткасын жазу керек. 2-3 күннен кейін жаңа сұйықтықпен ауыстыру керек. Жануардың денесінен бөлінген сұйықтықтан консерванттық концентрациясы азаюы мүмкін, сондықтан жаңа сұйықтыққа ауыстырады. Ірі омыртқасыздардың денесіне инъекция арқылы фиксаторды жіберуге болады. Бұл жануардың жақсы сақталуына және анатомиялық зерттеулер жүргізуге жарамды етеді. Реттелген коллекция материалын мақтамен немесе тығынмен жабылған пробиркаға салады да, оны үлкен ыдысқа салып, фиксаторға батырып қояды. Бұл материалды кебуден сақтайды.

Морилкаға жиналған насекомдарды жансызданғаннан кейін, бірден энтомологиялык инеге тізген дұрыс. Мұндай насекомдар коллекцияда сақталады және оларды анықтау да оңай болады. Инеге тізу уакытты талап етеді, сондыктан сактаудың ең орынды тәсілі - мақтадан жасалған матрасиктерде сактау. Мұны жасау жолы суретте көрсетілген. Тығыз қағаздан конверт жасап, түбіне мақта төселеді. Осы мақтаға насекомдар салынады (күндізгі көбелектерден басқалары). Насекомдардың үстіне этикетка қойылады. Әр күнде, әр биотопта жиналған насекомдар арасы белгілі болу үшін түсті жіппен бөлінеді. Ұсталған көбелекті морилкаға салмайды, оны сүзгіден алып, көкірегін екі саусақпен шамалы қысу керек. Содан кейін көбелек жансызданған сон, оны қағаздан жасалған энтомологиялық конвертке салады, оның бір шетіне этикетка жазады. Әр көбелекке жеке конверт жасайды

(сурет, А).

Сақталатын насекомдар матрасшаларың жақсылап кептіру керек, айпесе көгеріп кетеді. Материалды алдын ала умен өңдеп алу керек. Ертеректе нафталинді жиі пайдаланған. Қазір кез-келген уды пайдалануға болады. Ең ынғайлысы аэрозольдар. Бірақ есте сақтау керек, кез-келген улы зат насеком үшін ғана емес, басқаларға да зиян. Сондықтан олармен істеген кезде, сақтану шараларын қатаң ұстау керек.

Жоғарыда айтылып кеткендей, морилкадан шығарған бойда насекомдарды инеге тізген дұрыс.

Насекомдарды арнайы энтомологиялык инелерге тізеді. Олар жуандығымен ажыратылады.

3 СИСТЕМАТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Патшалық: жануарлар - Zoa

Патшалық асты: көпклеткалылар - Metozoa

Бөлім: екіжақты-симметриялы - Bilateria

Бөлім асты: алғашқы ауыздылар - Protostomia

Тип: буынаяқтылар - Arthopoda

Тип тармағы: трахеятыныстылар - Tracheata

Класс: бунақденелілер - Insecta

Отряд: қабыршаққанаттылар немесе көбелектер - Lepidoptera

3.1 Қабыршаққанаттылар отрядына жалпы сипаттама

Қабыршаққанаттылар күндізгі уақытта тіршілік ететіндіктен оларды біз күндізгі көбелектер немесе түйреуіш мұрттылар деп атаймыз.

Көбелектің денесі үш бөлікке бөлінген: басы, денесі және құрсағы осылардың әр қайсысы өзіне тән қызмет атқарады. Басында сезім мүшелері орналасқан, қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты, оның ауыз мүшесі өзінің қоректенуіне бейімделген. Басы 6 сегменттен тұрады. Олардың бәрі бірігіп кеткен. Қабыршаққанаттылардың көзі күрделі, басының екі жағында орналасқан. Фасеткасының саны – 1700.

Ауыз мүшесінің үстіңгі жағы жойылған, олар спираль тәрізді оралған еттұмсыққа айналған. Үстіңгі жақпен астыңғы ерін өзгерген, бірақта астыңғы еріннің қармалауыштары жақсы дамыған және олар үш буыннан тұрады, олар химиялық сезім мүшесінің қызметін атқарады. Еттұмсық серпімді және қозғалмалы, сұйық тағаммен қоректенуге бейімделген, олар гүлдің шырынымен қоректенеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]