Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Ayauzhan_Babochki_novy.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.56 Mб
Скачать

3 Суретте көрсетілгендей көбелекті ұстағанда ебелектің ішінде өлтіреді. Жәндік қанатын арқасына жинағанда дәке арқылы оның кеудесін қысамыз.

Сурет 3 Көбелектің кеудесінен қысу

Әлсіз, ақырын сыртыл естілгенше кеудесін қысамыз. Сыртылдан кейін қорықпай көбелекті алып шығып, қағаздан немесе калька қағазынан жасалған хатқалталарға саламыз.

Энтомологиялық хатқалта. Көбелектерді жұқа қағаздан немесе калькадан жасалған хатқалталарға салып, аса үлкен емес жалпақ қораптарға саламыз. Себебі оған жәндіктерді салғанда бүлінбейді. Көбелектердің үлкен немесе орташа қанаттыларын хатқалтаға жақсы сақталатындай етіп салады.

Түзеткіш. Көбелектердің қанатын түзету келесідей жүреді. Көбелектерді түзету көп еңбектенуді қажет етеді. Үлкен ұқыптылықпен абайлықты қажет ететін өте ауыр жұмыс. Көбелектердің қанаттары өте жұқа және нәзік болғандықтан оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Көбелектердің қанатын түзету үшін оған түзеткіш керек. 4 суретте көрсетілгендей түзеткіш жұмсақ ағаштан жонылған 2 тақтайшадан, олардың арасы 0,5-тен 1 см-ге дейін саңылаудан тұрады.

Тақтайшаларға көлденең таяқшаларды орналастырады. Тақтайшаларды тура тігінен емес табақшаға біраз бұрыштап орналастырамыз. Саңылаулардың ені көбелектің бүйірінің жуандығынан біраз үлкен, ал тақтайшаның ені – қанатының ұзындығынан аздап үлкен болу керек. Үстелге барлық қажетті құралдарды дайындап қойып, түзетуге кірісеміз. Ең алдымен, көбелекті түйреуішпен дұрыс шаншу керек. 4 суретте көрсетілгендей түйреуіш тығынға перпендикуляр болуын аса зейінмен қарау керек.

Сурет 4 Түзеткіш

Әйтпесе, көбелекті түзету қисық болып кетуі мүмкін. Көбелектің бүйірі мен кеудесі сыртқа шықпай тақтайшаның қуысына кең орналасуы керек. Қанаттарының негізгісі тақтайшаның деңгейін бірдей етіп түйреу тығынға тереңге дейін қадайды. Жәндіктің аяғы тақтайшалардың қуысына түбі мен қабырғасына тимейтіндей етіп құрсағының астына бүгіледі. Тығынға түйреуішті қадап көбелектің қажетті қалыпқа тұрғанына көз жеткізіп, пинцетпен абайлап қанаттарын жазады. Тақтайшаға қанаттарды орналастырғаннан кейін оны қағаз қиындысы арқылы энтомологиялық түйреуішпен қадайды. Көбелектің алдыңғы қанатына 1-түйреуішті біршама алшақтықта қадап, сол қолмен оның кері жағын ұстап аздап қағазды тартады. Бір уақытта оң қолмен инені алып алдыңғы қанатын аздап алдыға жылжытады. Қанаттарының жүйкесінің жуан жеріне дейін ине жыртпай және тырнамайтындай етіп тартады. Алдыңғы қанатының ізімен артқы қанатында аздап алдыға жылжытады. Қанат артқа кетпейтін сәтте инені жоғары көтеріп қағаздың қиығын мықтылап тартады. Қанаттарды алдыға жылжыта отырып алдыңғы қанат әрқашанда кейінгісін аздап бүркеуін қадағалау керек. Қанаттар қажетті қалыпқа келгенше жылжытады. Біржолата түзетілген қанаттарды қағазбен қысып, оның кейінгісін түйреуішпен орнықтырамыз. Қанаттардың бір жағына түзету біткен соң келесі жағында осы әдіспен түзетуге көшеді. Көбелектің қанаттарын түзеткенде симметриялы екенін тексеру қажет. Барлығы дұрыс жасалғанына көз жеткен соң қанаттардың сыртқы бөлігін бұрынғы қанатының қағазынан ұзын (1см-ге дейін енді) етіп мықтылап жабады. Осы қиықтарды біріншіге параллель етіп түйреуішпен қадайды. Көбелектің мұртшаларын алдыңғы бөліктің қанаттарына параллель тартамыз да жұқа қағаз қиығы мен түйреуішпен қадаймыз. Жәндік орналасқан түзеткішті шаңнан және күн сәулесі қатты түспейтін құрғақ жерде ұстау керек.

Орташа көлемді көбелектер 2-3 аптадан кем кептірілмеуі керек. Егер түзеткіштен оларды алуға асықсақ онда бірнеше күннен кейін қанаттары төменге салбырап қалады. Бір түзеткіште бірнеше көбелектерді керуге болады. Ол орын мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Омыртқасыз жануарларды жинауға және фиксациялауға арналған кұрал-жабдықтар.

Насекомдарды жинауға және фиксациялауға қажетті кұрал-жабдык тар: сүзгі, тұншыктырғыш, қысқыш, түзеткіш, матрасша және т.б.

Омыртқасыз жануарларды ұстау үшін ең керекті құрал - сүзгі (сачок), әсіресе ұшатын насекомдарды сүзгісіз ұстау мүмкін емес. 5 суретке сәйкес сүзгімен көбелектерді ұстау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]