- •Мазмұны
- •Cурет 1 Шалғынды-далалық белдеудің көрінісі
- •1997-1999 Жылдары арасында биология ғылымдарының кандидаты к.К. Бурунбетова қазушы араларға зерттеу жұмыстарын жүргізді.
- •Сурет 2 Ебелек дұрыс (сол жақта), дұрыс емес (оң жақта)
- •3 Суретте көрсетілгендей көбелекті ұстағанда ебелектің ішінде өлтіреді. Жәндік қанатын арқасына жинағанда дәке арқылы оның кеудесін қысамыз.
- •Сурет 3 Көбелектің кеудесінен қысу
- •Сурет 4 Түзеткіш
- •Сурет 5 Қабыршаққанаттыларды ұстау кезі
- •7 Суретке көрсетілгендей еттұмсықтың ұзындығы гүлдің шырынының орналасуына байланысты.
- •3.2 Зерттеу жұмысы барысында анықталған қабыршаққанаттылардың түрлерінің фенологиялық сипаттамасы
- •Сурет 11 Ноқат көккөбелек (l. Semiapgus Rott)
- •Сурет 12 Үлкен перламутровка (Argynnis. Paphia l.)
- •Сурет 14 Икар көк көбелек ( l. Icarus Root.).
- •Сурет Тобылғы ала қоржыны(Zygaena lonicerae) және оның жұлдызқұрты
- •3.4 Нимфалидтер тұқымдасына мінездеме (Nympholidae)
- •Сурет Қалақайша (a. Urticae.)
- •Сурет Таспалы камилла (l. Camilla l.)
- •Сурет Қаралы көбелек (V.Antiopa l.)
- •3.5 Қабыршаққанаттылардағы ақ көбелек тұқымдастарына мінездеме
- •Сурет Шалқан ақ көбелек (Pieris Rapae).
- •Туыс: Ақ көбелек (Pieris Schrk.) Түрі қырыққабат көбелегі (p.Brassicae.)
- •Сурет Түрі зорька (Anthocharis cardamines l.).
- •Туыс: Лимонница (Gonepteryx Leach.), Түрі Жай лимонница (Gonepteryx rhamni l.)
- •Сурет Жай лимонница (Gonepteryx rhamni l)
- •3. Парусники тұқымдасына мінездеме (Papilionidae)
- •Сурет Аполлон (p.Apollo l.)
- •Сурет Махаон (p.Machaon l.)
- •Сурет Бархатница дриада (Satyrus dryas)
- •Сурет Кәдімгі мыңжапырақ (Achilléa millefólium l.)
- •4 Қабыршаққанаттылардың ауылшаруашылық маңызы
- •Қорытынды
- •Пайданылған әдебиеттер тізімі
1997-1999 Жылдары арасында биология ғылымдарының кандидаты к.К. Бурунбетова қазушы араларға зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Аралардың жеке түрлерін және оларды жасанды ұяларда өсіру жұмыстары зоология институтының қызметкерлері (АНССР – Г.П. Мариковский мен Т.И. Щербаковалар) орындады.
Шығыс Қазақстан облысының қысқамұртты қосқанаттылары толық зерттелмеген.
Жалпы Қазақстанда қосқанаттылар (Diptera) фаунасын бірінші зерттеу жұмыстарын ХХ ғасырдың бірінші жартысында медициналық энтомологияның қызметкерлері жүргізді [4,5].
Жұмыстардың көбісі біріншіден, медициналық маңызы бар түрлер туралы жазылды.
Көп қоректі қабыршаққанаттыларды 1969 жылы Х.Шек зерттеді,
Қансорғыш қосқанаттыларды кешенді түрде зерттеу ХХ ғасырдың 60 жылдарында А.М. Дубницкидің (1964), М.С.Шакирзянованың (1962, 1958), В.А. Синельщикованың (1962), Х.А. Айбасованың (1958), Н.Г. Олсуфьеваның және В.П.Боженканың (1960), В.В. Шевщенконың (1956), Б.М.Якуниннің (1966) және т.б. ғалымдардың жұмыстарында берілген. Бұл жұмыстарда сона және күздік жигалка шыбындарының биологиясы мен экологиясы берілген [6].
Кейіннен 1950 жылдары Р.Ф. Бересневаның жұмыстарында Қазақстан бойынша жалпы кірпі шыбынына арналған зерттеулер берілген.
Біздің облысымызда соналарды зерттеумен энтомолог Скороходов Н.В. айналысқан.
2 Материалдарды жинау және өңдеу әдісі
2.1 Жинау методикасы
Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің маңында 2015-2016 жылдардың мамыр айының соңы мен тамыз айларында, сонымен қатар 2016 жылы сәуір айының соңы мен маусым айларында қабыршаққанаттыларды жинау және оларға бақылау жүргізілді.
Жинау әдісі келесідей болды. Зерттелетін ауданды бір-бірінен алшақ етіп жақсылап бөлдік. Әрбір осы сияқты жүрген орындарын біз 2 аптада 15 км жүріп өттік. Әрбір экскурсияның күнін жинау уақытын, әртүрлі қабыршаққанаттылардың (Lepidoptera) түрлерінің белсенділігін, олардың қоректенетін өсімдіктерін белгілеп отырдық. Біз көбелектерді бақылауда жұлдызқұрттың жұмыртқадан шыққан уақытын, жұлдызқұрттың қуыршаққа айналғанын, имагоның қуыршақтан шыққан уақытын тіркедік. Сонымен қатар дернәсілдік сатысындағы белгілеріне және оның есею жолында өзгерісіне мән бердік. Сәуір - тамыз айы аралықтарында біз қабыршаққанаттылардың (Lepidoptera) тіршілік әрекеттерімен және олардың қоректену мерзімін бақыладық. Сонымен бірге имаго мен жұлдызқұрттың қандай тіршілік әрекет жүргізетінін ескердік (топпен, колониямен немесе жалғыз тіршілік ететін). Осы кезеңдерде тәулік ішіндегі белсенділіктеріне мән берілді. Барлық бақылаулар жүргізілгеннен кейін әуе ебелектердің көмегімен көбелектерді ұстадық.
2.2 Құрал жабдықтармен материалдарды өңдеу
Энтомологиялық ебелек. Энтомологиялық ебелек – лепидоптерологтардың негізгі құралы. Біздің аулайтын көбелектеріміз қаншалықты қажет және қызықты болары жасалған ебелегімізге байланысты болады. Ебелек 3 бөлімнен тұрады: шеңбер, қап және саб. 2 суретте көрсетілгендей шеңбер жасау үшін ұзындығы 112 см, қалыңдығы 3-5 мм болат сымын аламыз.
Сурет 2 Ебелек дұрыс (сол жақта), дұрыс емес (оң жақта)
Алдымен сымның соңын бір жағынан 7 см және 11 см келесі жағынан тура бұрыштап майыстыру керек. Енді осы сымның аз бөлігін (шамамен 1 см) ішке қарай тура бұрыштап майыстырамыз. Майыспаған кішкене бөлігін балғамен соғып және қайрақпен үшкірейту керек. Нәтижесінде өте биік П әріпті фигура шығады. Осы болат сымнан шықан фигураны домалақ қылып майыстыру қажет. Ебелектің цилиндірлі домалақ басына марліден қап тігілген жөн болады. Шеңберге оны мықты мата жолағынан қондырған дұрыс болады. Ебелектің сабы өзіңнің қолыңнан ұзын болмайтындай етіп таңдау керек. Таяқты шеңберге жалғау үшін сымның ұшталған соңын майыстырып қадау керек. Таяқтың шеңберге жалғасқан жерін қатты шуда жіппен немесе сыммен орау керек. Осылай жіпке жіпті тығыз орау керек. Ебелек күтуді қажет етеді. Сонымен бірге ол таза және құрғақ болу керек.
Ебелекпен ұшып жүрген насекомдарды ұстаған кезде оны үстінен төмен немесе жерге серпуге болмайды, ол жәндікті алып шығуды қиындатады және оның денесінің бұзылуына әкеп соғады. Ебелекпен серпуді жәндіктің бүйірінен немесе төменнен жылжытқан дұрыс. Жәндік ебелек ішіне қалай түсті оны 90-180-қа, тез бұрып шығуға мүмкіндік бермеу керек. Әдетте жәндікті абайлап 2 саусақпен немесе пинцетпен дәке арқылы ұстап, одан кейін қапты аударғанда жәндік қаптың сыртында болу керек.
