- •Мазмұны
- •Cурет 1 Шалғынды-далалық белдеудің көрінісі
- •1997-1999 Жылдары арасында биология ғылымдарының кандидаты к.К. Бурунбетова қазушы араларға зерттеу жұмыстарын жүргізді.
- •Сурет 2 Ебелек дұрыс (сол жақта), дұрыс емес (оң жақта)
- •3 Суретте көрсетілгендей көбелекті ұстағанда ебелектің ішінде өлтіреді. Жәндік қанатын арқасына жинағанда дәке арқылы оның кеудесін қысамыз.
- •Сурет 3 Көбелектің кеудесінен қысу
- •Сурет 4 Түзеткіш
- •Сурет 5 Қабыршаққанаттыларды ұстау кезі
- •7 Суретке көрсетілгендей еттұмсықтың ұзындығы гүлдің шырынының орналасуына байланысты.
- •3.2 Зерттеу жұмысы барысында анықталған қабыршаққанаттылардың түрлерінің фенологиялық сипаттамасы
- •Сурет 11 Ноқат көккөбелек (l. Semiapgus Rott)
- •Сурет 12 Үлкен перламутровка (Argynnis. Paphia l.)
- •Сурет 14 Икар көк көбелек ( l. Icarus Root.).
- •Сурет Тобылғы ала қоржыны(Zygaena lonicerae) және оның жұлдызқұрты
- •3.4 Нимфалидтер тұқымдасына мінездеме (Nympholidae)
- •Сурет Қалақайша (a. Urticae.)
- •Сурет Таспалы камилла (l. Camilla l.)
- •Сурет Қаралы көбелек (V.Antiopa l.)
- •3.5 Қабыршаққанаттылардағы ақ көбелек тұқымдастарына мінездеме
- •Сурет Шалқан ақ көбелек (Pieris Rapae).
- •Туыс: Ақ көбелек (Pieris Schrk.) Түрі қырыққабат көбелегі (p.Brassicae.)
- •Сурет Түрі зорька (Anthocharis cardamines l.).
- •Туыс: Лимонница (Gonepteryx Leach.), Түрі Жай лимонница (Gonepteryx rhamni l.)
- •Сурет Жай лимонница (Gonepteryx rhamni l)
- •3. Парусники тұқымдасына мінездеме (Papilionidae)
- •Сурет Аполлон (p.Apollo l.)
- •Сурет Махаон (p.Machaon l.)
- •Сурет Бархатница дриада (Satyrus dryas)
- •Сурет Кәдімгі мыңжапырақ (Achilléa millefólium l.)
- •4 Қабыршаққанаттылардың ауылшаруашылық маңызы
- •Қорытынды
- •Пайданылған әдебиеттер тізімі
Сурет Қаралы көбелек (V.Antiopa l.)
Түрі Шашечница цинксия (М. Cinxia.)
Түсінің ерекшелігі: жыныстық диморфизм байқалмайды. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 1,5-2 см. Ұшатын уақыты: мамыр – қыркүйек. Биотоптары: шалғындық, жолға жақын жерлерде кездеседі. Қоректенетін өсімдіктері: сарбасқұрай, жайлау ботакөзі, шеміршекті мыңжапырақ, бұйрагүлді лалагүл, қалампыр, көкбояу, аюқұлақ.
Артқы қанатының астыңғы жағы қара дақтармен, ақшыл оймағының шетінде күзен бар. Самғағанда қанатының ұзындығы 3,5-4 см. Көбелектер өте тез ұшады, қорқақ, гүлге тез қонады (2мин ішінде 3-5 рет). Мамыр – шілдеде бірінші ұрпағы, тамыз – қыркүйекте екінші ұрпағы ұшады. Жұлдызқұрттары саршатырда, жолжелкенде, ботакөзде тіршілік етеді. Жол маңайларында кең тараған.
3.5 Қабыршаққанаттылардағы ақ көбелек тұқымдастарына мінездеме
Ақ көбелек тұқымдастары жер шарының мәңгі мұз басқан жерлерінен басқа барлық жерлерінде таралған. Ақ көбелек тұқымдастарының өкілдері көбінесе ағашты жерлерде, тұрғын үй маңайында кездеседі. Марқакөл жерінің климаты әртүрлі биотоптардың дамуына мүмкіндік береді. Экологиялық мүмкіндіктің факторлары: абиотикалық, биотикалық, антропогендік.
Ең маңызды факторлардың бірі жарық болып табылады. Ол белсенділікке әсерін тигізіп, ылғал мен температураны өзгертуге, оны қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Ғылыми мәліметтерге жүгінсек ақ көбелек тұқымдастарының белсенділігі таңертеңгі 9-дан кешкі 18-ге дейінгі уақытқа сәйкес келеді. Әрине, бұл болжам, қабыршаққанаттылардың белсенділік уақыты әр түрдің тіршілік әрекетеріне байланысты. Ал біздің бақылауымыз бойынша, ақ көбелектің белсенділік уақыты 11-ден кешкі 18-ге сәйкес келеді.
Жарық басқа да абиотикалық факторлар температурасымен байланысты. Егер қабыршаққанаттылар жануар болса, олар тек дене температурасын қалыпты ұстап тұруға ғана қабілетті екенін байқатты. Температура жәндіктер үшін қоректенетін ең қолайлы фактор. Қабыршаққанаттылардың белгенділігі бізде +230С – 280С болып тіркелген. Түстен кейінгі 350С ыстықта, көбелек тұқымдастарының көптеген түрлері қараңғы жерге тығылып, ешқандай белсенділік көрсетпейді, қоректенбейді. Олардың сыртқы реңі жылуды реттеуде маңызды роль атқарады. Ақ көбелектің денесінің түсі бақтың климатына сай қою түске боялған. Бұл олардың көлеңке жердегі аймақта тұрып, жылулықты қажет ететіндігінің белгісі.
Температура қабыршаққанаттылардың өсімталдығы мен дамуына тигізетін әсері зор. Аналық көбелектер +350С -де дамуын тоқтатады.
Қабыршаққанаттылардың дене тұрқының мөлшері кішкентай болғанына қарамастан, ылғалды өте жақсы көріп, тәуелділік көрсетеді. Мысалы, долана көбелегі ыстық күндері көгал мен су қоймаларының жағасындағы суды қомағайлана сорады.
Ылғалдың оптимумнан ауытқуы, әсіресе дамуында жетіспеушілікке әкеп соғады, температураның ауытқуына, есінен айырылуы мен дамуындағы кешеуілдік байқалады.
Диапауза – біздің аймақтағы қолайсыз жағдайларға бейімделушілік болып табылады.
Диапаузаны 3 синдромға бөлеміз: 1. ұрпақтық; 2. қуыршақтық; 3. дернәсілдік.
Қабыршаққанаттылардың дамуына басқа да факторлар (жауын, жел, бұлт) әсерін тигізеді.
Биологиялық факторлардың ішінде қоректің алатын орны бөлек. Ол көбелектердің өсуі мен дамуына үлкен әсер етеді. Антропологиялық фактор олардың дамуына кері әсерін тигізеді. Капуста, алма, қара өрік, долана, мойыл өнімдерін алу үшін адамдар зиянкестерді механикалық, химиялық, агротехникалық жолмен жояды. Ақырында, бұл көбелектердің санының азаюына әкеп соғады.
Міне, осылай біз қабыршаққанаттыларға экологиялық мінездеме бердік.
Ақ көбелек бізге үнемі кездесіп отырады. Бұл көбелектердің қанатында ақ, қызғылт-сары түстер бар, алдыңғы аяқтары жақсы жетілген. Көбелектердің үлкен түрлері секундына 10 шақты рет қанат қағады, ал кішкентай түрлері бұдан азырақ қанат қағып ұшады.
Көбелектердің қанат қағуы зигзаг ретінде болады. Әдетте, ұшып жүрген көбелекті құс та ұстай алмайды.
Олар көгалдарда, ормандарда, шалғынды т.б жерлерде кездеседі.
Қабыршаққанаттылардың ауыл шаруашылығы мен табиғатқа тигізетін пайдасы мен зияны зор. Көптеген түрлердің жұлдызқұртары ауыл шаруашылығының аса қауыпты зиянкестері, ал ересек формалары өсімдіктердің тозаңдануын қамтамасыз етіп орасан пайдасын тигізеді. Олар: қырыққабат көбелегі, долана көбелегі.
Туыс: Апория (Aporia). Түрі долана көбелегі (A. crataegi L.)
Түр ерекшеліктері: жыныстық диморфизм аздап байқалады. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 23-36мм. Жаздағы тіршілік уақыты: мамырдың аяғы мен тамыздың басы. Биотоптары: ормандық алаңқойлар, бақтар, көгалды жерлер. Жұлдызқұрттардың қоректік өсімдіктері: мойыл, алма ағаштары, долана, бүлдірген, жалбыз.
Долана көбелегі – бұл үлкен, жартылай мөлдір, ақ жолақтары бар көбелек.
Оны қырыққабат көбелегі мен жиі шатастырып алуға болады. Қанаттарының ұзындығы – 5-7см. Көбелектер мамырдың аяғы мен тамыздың басына дейін ұшады. Аналық көбелектердің жұмыртқаларының саны 30-150 болады. Олар жұмыртқаларын мәдени ағаштардың жапырағаның астыңғы жағына салады. Долана көбелегінде бір-ақ ұрпақ болады. Жас, жетілмеген жұлдызқұрттар бірігіп тіршілік етіп, жаздың аяғында “ортақ ұя” салады. Олар сондай жай жетіліп, дамиды. Көктемде жаңа қыстап шыққан жұлдызқұрттардың жағдайы өте нашар болады, сондықтан жалғыз ілікті өмір кешеді. Бұл бақылаған жұлдызқұрттар қара, сарғыш, ұзыншақ..
Жолақтармен денесі көмкерілген 23-ші суретке сәйкес.
Сурет 23. Долана көбелегі (A. crataegi L.)
Қуыршақтың даму ұзақтығы 2-3 аптаға созылады. Одан ұзындығы 2-2,5см қуыршақ дамиды. Олар мойыл ағашының жапырағының төменгі жағына жұмыртқалайды. Жұлдызқұрттардың жас түрлері жапырақтың жұмсақ жерлерімен қоректенеді.
Ыстық күндері долана көбелектері ылғал жерлер мен суқоймаларға жиналып, содан суды сорады 24 суретке сәйкес.
Сурет Суға жиналған долана көбелегі (A. crataegi L.)
Үш жастағы жұлдызқұрттар ағаштардың қуысындағы өрмектерде қыстайды. Жұлдызқұрттардың қыстан шығуы, мойыл ағаштарының бүршік атуымен тұспа-тұс келеді. Мамыр айының аяғы мен маусым айының басында жұлдызқұрттар үлкен бұтақтарға қуыршақтарын салады Мұндай зиян “қаңқалау” деп аталады. Ал жұлдызқұрттың ересек түрлері жапырақты толығымен жойып жібереді. Олардың да көптеген жаулары болады.
Европада ортағасырда «қанды жаңбыр» деп аталатын аңыз долана ақ көбелегімен байланысты. Қуыршақтан имагоның шығуы кезінде көбелектер қызыл түсті сұйықтық бөліп шығарады, олар жапырақта және бұтақтарда қатып қалады. Жаңбыр суы оларды шайып терек астында тасалап тұрған адамның бетіне, қолына және киіміне қызыл тамшылар тамады. «Қанды жаңбыр» жауып тұр! Ыстық және құрғақшылық жылдара долана көбелегінің жаппай көбеюі, сонымен қатар басқада зиянкестердің көбеюі байқалады. Долана көбелегі (A. crataegi L.) жылына бір ғана ұрпақ береді.
Ағаштарда өрмекші ұясында үш жастағы дернәсілдері қыстайды. Дернәсілдердің қысқы ұяларынан шығуы мойылдың бүрлерінің дамуымен сәйкес келеді. Мамыр айының аяғында, маусымның басында дернәсілдер ағаштардың діңіне және ірі бұтақтарына жабысып қуыршаққа айналады. Қуыршақ сатысы 2-3 аптаға созылады .
Долана көбелегі жұмыртқаларын мойылдың жапырағының астыңғы жағына салады. Жас, жетілмеген жұлдызқұрттар бірігіп тіршілік етіп, жаздың аяғында “ортақ ұя” салады және жапырақтың жұмсақ ұлпаларын жейді тек ірі жүйкелері қалады. Дернәсілдердің ірі дернәсілдері тарап кетіп жапырақ тақтасын түгелімен жеп қояды. Жаппай дамыған жылдары ағаштарды жалаңаштап тастайды. Бір жақсысы долана көбелегінің жаулары көп.
Сурет Долана көбелегінің қуыршақтан шығу кезі
Орамжапырақпен бірден ақ көбелектердің дернәсілдерінің үш түрі қоректенеді: қырыққабат көбелегі (P.Brassicae.), репа және брюква, жабайы кресгүлділерде де дамиды.
Туыс: Ақ көбелек (Pieris Schrk.) Түрі: Шалқан ақ көбелек (Pieris Rapae).
Түсінің ерекшелігі: жыныстық диморфизм аздап байқалады Алдыңғы қанатының ұзындығы: 20-30 мм. Жаздағы тіршілік уақыты: маусымның басы тамыздың ортасы. Биотоптар: далалы, көгалды жерлер. Қоректенетін өсімдіктері: қырыққабат, шалқан, крестгүлділер т.б. Негізгі белгісі: қырыққабат зиянкесі 26 суретте көрсетілген.
