- •Мазмұны
- •Cурет 1 Шалғынды-далалық белдеудің көрінісі
- •1997-1999 Жылдары арасында биология ғылымдарының кандидаты к.К. Бурунбетова қазушы араларға зерттеу жұмыстарын жүргізді.
- •Сурет 2 Ебелек дұрыс (сол жақта), дұрыс емес (оң жақта)
- •3 Суретте көрсетілгендей көбелекті ұстағанда ебелектің ішінде өлтіреді. Жәндік қанатын арқасына жинағанда дәке арқылы оның кеудесін қысамыз.
- •Сурет 3 Көбелектің кеудесінен қысу
- •Сурет 4 Түзеткіш
- •Сурет 5 Қабыршаққанаттыларды ұстау кезі
- •7 Суретке көрсетілгендей еттұмсықтың ұзындығы гүлдің шырынының орналасуына байланысты.
- •3.2 Зерттеу жұмысы барысында анықталған қабыршаққанаттылардың түрлерінің фенологиялық сипаттамасы
- •Сурет 11 Ноқат көккөбелек (l. Semiapgus Rott)
- •Сурет 12 Үлкен перламутровка (Argynnis. Paphia l.)
- •Сурет 14 Икар көк көбелек ( l. Icarus Root.).
- •Сурет Тобылғы ала қоржыны(Zygaena lonicerae) және оның жұлдызқұрты
- •3.4 Нимфалидтер тұқымдасына мінездеме (Nympholidae)
- •Сурет Қалақайша (a. Urticae.)
- •Сурет Таспалы камилла (l. Camilla l.)
- •Сурет Қаралы көбелек (V.Antiopa l.)
- •3.5 Қабыршаққанаттылардағы ақ көбелек тұқымдастарына мінездеме
- •Сурет Шалқан ақ көбелек (Pieris Rapae).
- •Туыс: Ақ көбелек (Pieris Schrk.) Түрі қырыққабат көбелегі (p.Brassicae.)
- •Сурет Түрі зорька (Anthocharis cardamines l.).
- •Туыс: Лимонница (Gonepteryx Leach.), Түрі Жай лимонница (Gonepteryx rhamni l.)
- •Сурет Жай лимонница (Gonepteryx rhamni l)
- •3. Парусники тұқымдасына мінездеме (Papilionidae)
- •Сурет Аполлон (p.Apollo l.)
- •Сурет Махаон (p.Machaon l.)
- •Сурет Бархатница дриада (Satyrus dryas)
- •Сурет Кәдімгі мыңжапырақ (Achilléa millefólium l.)
- •4 Қабыршаққанаттылардың ауылшаруашылық маңызы
- •Қорытынды
- •Пайданылған әдебиеттер тізімі
Сурет Таспалы камилла (l. Camilla l.)
Түрі перламутровка Ниоба (A. niobe L.).
Түсінің ерекшелігі: жыныстық диморфизм байқалмайды. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 2-3 см. Ұшатын уақыты: маусым – тамыз. Биотоптары: шалғын, саябақта. Қоректенетін өсімдіктері: жай таңқурай, екіүйлі қалақай, күйдіргіш қалақай, үш түсті шегіргүл, бұйра гүлді лалагүл, қалампыр.
Самғағанда қанатының ұзындығы – 4,5 – 5,6 см. Артқы қанатының астыңғы жағы сыртқы жағынан жіңішке екі қабатты сызықпенжәне қаралау ай тәрізді дақтардан құралған шеткі күзеңмен шектелген, ортаңғы ұяшығында жиі қара дағы болады, ақшыл дақтары күміс түстес болады. Маусым – тамызда ұшады. Жұлдызқұрттары шегіргүлде дамиды.
Үлкен переливница (Apatura iris L.).
Көбелектің жалпы түсі қара-қоңыр. Қанатының алқымы 60-70 мм. Қанаттары көк. Алдыңғы қанаттарында ақ дақтары, ал артқы қанатарында қызыл-қоңыр түсті көзшелер болады.
Шырша ағаштары өсетін ормандарда, орман алақойларында, орман жолдарында өседі. Қоректік өсімдігі – тал. Көбелектердің ұшу уақыты маусым – тамыз айларында. Переливицалар жиі жол жиектеріндегі батпаққа қонып отырады, әсіресе аттың қиында, өсімдік шырынын сорады. Олардың жұлдызқұрттары ашық жасыл түсті, басы көгілдір түсті, онда ұзын мүйізді өсінділері болады. Қоректік өсімдіктері тал және көк терек. Қыстайтындары жұлдызқұрттары.
Үлкен переливница (Apatura iris L.) маусым шілде айларында жапырақты орманда әсіресе ылғалды жерлерде, су шетерінде жиі кездестіруге болады.
Түсінің ерекшелігі: жыныстық диморфизм анық байқалмайды. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 2,5 – 3,5 см. Ұшатын уақыты: маусым – қыркүйек. Биотоптары: таулы аймақтарда кездеседі. Қоректенетін өсімдіктері: жай таңқурай, екі үйлі қалақай, күйдіргіш қалақай, үш түсті шегіргүл, жалынгүл, бақ-бақ, шайқурай.
Сыртқы қанаттарының түрлі – түстілігімен көзге түседі. Қанаттың үстіңгі беті қызғылтым – коңыр. әр қанатында үлкен көз тәрізді дақ болады. Самғағанда қанатының ұзындығы 5-6 см. Көктемде қыстап шыққан көбелектер ұшады. Бірінші ұрпағы маусым – шілдеде, екіншісі тамыз – қыркүйек. Жұлдызқұрттары қалақай мен құмақта тіршілік етеді. Таулы аймақтарда кең тараған.
Дернәсілдері қалақайда кездеседі. Оларды қолдан өсіруге болады. Дернәсілдерінде өздеріне тән тікенек тәрізді өсінділері бар, қоректік өсімдіктерінде топтасып тіршілік етеді.
Қоректеніп болғанан кейін дернәсілдер бірден қуыршақтанады. Егер жолыңыз болса тіпті көбелектің шығуын байқауға болады.
Зерттеу ауданында (Nymphalis l-album) сәуір айында ұшып жүргенін байқауға болады. Бұл көбелектер имаго сатысында қыстайды, гүлдердің гүлдеуіне дейін қайыңның шырынымен қоректенеді.
Туыс: Шашечница (Melitaea.), Түрі Шашечница аталия (M. Athalia Rott.)
Түсінің ерекшелігі: жыныстық диморфизм байқалмайды. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 1,5-2 см. Ұшатын уақыты: шілде – тамыз. Биотоптары: шалғындық, жолға жақын жерлерде кездеседі. Қоректенетін өсімдіктері: сарбасқурай, жайлау ботакөзі, шеміршекті мыңжапырақ, қоңыраубас, мойыл.
Бұл туыста тек өзіне ғана тән біркелкі түрлі – түсті суретімен ерекшеленеді, артқы қанаттары көлденең жүйкесіз, нақты анықтау мүмкіншілігі тек аталық мүшесінің өзара қосылуын ескере отырады. Жұлдызқұрттары күз бен қысты ұйымдасып өрмек ұяларында, қыстап шыққаннан кейін жеке дара тіршілік етеді. Артқы қанатының бетінде қара дақтары жоқ, самғағанда қанатының ұзындығы 3-4 см, маусым – тамызда ұшады. Жұлдызқұрттары жолжелкенде, ботажезде және т.б өсімдіктерде тіршілік етеді.
Түрі Қаралы көбелек (V.antiopa L.)
Жыныстық диморфизм көрінбеген. Қанатының ұзындығы 55 – 75 мм. Ұшатын уақыты шілде айынан күзге дейін, содан кейін көктемде (қыстап шыққаннан кейін). Жұлдызқұрттары қайың ағаштарында тіршілік етеді. Биотоптары: алқаптар, таулы жерлер, көгалды жерлер. Қоректенетін өсімдіктері: құртқашаш, баршынгүл, запран.
INCLUDEPICTURE
"http://www.floranimal.ru/pages/animal/t/3164.jpg" \*
MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE
"http://i057.radikal.ru/1002/13/d08f41566a5c.jpg" \*
MERGEFORMATINET
