Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Ayauzhan_Babochki_novy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.56 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1

Зерттеу ауданының физико-географиялық сипаттамасы

1.1

Қысқаша физикалық-географиялық сипаттамасы

1.2

Энтомофаунаның зерттелу тарихы

8

2

Жинау және материалды өңдеу методикасы

10

2.1

Жинау методикасы

10

2.2

Құрал жабдықтармен материалдарды өңдеу

10

3

Систематикалық бөлім

16

3.1

Қабыршаққанаттылар отрядына жалпы сипаттама

16

3.2

Зерттеу жұмысы барысында анықталған түнгі қабыршаққанаттылардың фенологиялық сипаттамасы

26

3.3

Қабыршаққанаттылардағы бражниктер, көк көбелектер, парусниктер, ала көбелектер, ақ көбелектер, нимфалидтер,

бархатница тұқымдастарының экологиялық сипаттамасы

3.4

Қабыршаққанаттылардың кейбір тұқымдастарына сипаттама

4

Қабыршаққанаттылардың халықшаруашылық маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстанның қиыр шығысындағы Өр Алтай - ел аузында жыр болып жырланған, ән болып шырқалған жер жаннаты. Катон-Қарағай осы асқақ Алтайдың алтын алқасы iспеттi. Бұл аймақ ежелден барша түркi жұртының кiндiк отаны, ақ жайлау ата қонысы болғаны да аян. Алтайдың табиғи байлығы ұшан-теңiз. Түгiн тартсаң майы шыққан, ағашынан бал тамған қазақтың қасиеттi мекенi. Орманы нулы, өзенi шулы, бұлағы шипалы, ауасы дауалы киелi де құйқалы жерұйық. Осы өңiрдiң барша байлығын сақтап, табиғи ажарын тоздырмай, келер ұрпаққа аман жеткiзу максатында Қазакстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 17 шiлдедегi қаулысымен Катон-Қарағай Мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi құрылды. Оның негiзгi аумағы 643477 гектарды алып жатыр.

Біздің зерттеу объектіміз Катон-Қарағай ұлттық мемлекеткеттік табиғи паркінде қабыршаққанаттылар отрядының және Қызыл кітапқа енген өкілдері болып табылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында насекомдарды инвентаризациялау, олардың сиреп бара жатқан және жойылу шегіне жеткен түрлерін анықтау және оларды қорғауға алу мақсатында жүргізілетін жұмыстардың өзектілігі жоғары. Биологиялық әралуандылықты сақтау бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі, ал биологиялық әралуандылықты сақтап қалу үшін қорғауға алынатын нысандарды инвертаризациядан өткізіп алу қажет.

Жеке аймақтардың фаунасын инвентаризациялау және талдау бүкіл республикамыздың бунақденелілер әлемінің байлығы туралы анағұрлым толық мәлімет алу үшін және де табиғатты қорғаудың ғылыми негізделген іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында аса қажетті.

Бунақденелілер класы басқа кластарға қарағанда өкілдер санына өте бай болып табылады. Осы бунақденелілердің ішіндегі ең үлкен отрядтардың бірі қабыршаққанаттылар немесе көбелектер - Lepidoptera. Қабыршаққанаттылардың табиғатта 140-тан астам тұқымдасқа жататын 300 мыңдай түрі кездеседі.

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты: Катон-Қарағай ұлттық мемлекеткеттік табиғи паркінде мекендейтін қабыршаққанаттылар отрядына жататын өкілдердің түр құрамын анықтау. Осыған байланысты бітіру жұмысымның алдына келесідей міндеттер қойылды:

  • Катон-Қарағай ұлттық мемлекеткеттік табиғи паркінде кездесетін қабыршаққанаттылардың түрлік құрамын анықтау;

  • Зерттелген көбелектер түрлеріне және экологиясына сипаттама беру;

  • Зерттелген көбелектер ішінен пайдалы және зиянды түрлерін анықтап, зиянды түрлерімен күрес шараларын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеу, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі бөлімдерінен тұрады. Жұмыста 3 кесте, 30 сурет келтірілген , 38 әдебиет қолданылған. Жұмыс 73 беттен тұрады.

Жұмыстың өзектілігі: Бірінші рет Катон-Қарағай ұлттық мемлекеткеттік табиғи паркінде кездесетін қабыршаққанаттылар отрядының түр құрамы анықталды.

Жеке экспедиция кезінде 2015-2016 жыл аралығында жиналған коллекциялық материалдарды, анықтау негізінде бітіру жұмысы орындалды.

Зертханалық жағдайда БМ-51-2 маркалы бинокуляр және келесідей анықтауға арналған оқу құралдары пайдаланылды.

  1. Мамаев Б.М. Определитель насекомых Европейской части СССР. М. Просвещение, 1976.

  2. Определитель насекомых Европейской части СССР в 5 томах / под редпкцей Г.Я. Бей-Биенко М-Л. Наука 1965 м.2.

  3. Плавильщиков Н.Н. Определитель насекомых М. Учпедгиз, 1975.

Материалды жинау энтомологияда қолданылатын методика арқылы жүзеге асырылды.

Бітіру жұмысында 15 тұқымдасқа, 42 туыстарға жататын қабыршаққанаттылардың 45 түр құрамы берілген.

1 Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы

Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катон-Қарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.

Катон-Қарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегілер кіреді: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шегінді Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақты жоталары.

Парктің мынадай шекаралары белгіленген: Солтүстік және шығысында: Ресеймен (Алтай Республикасы) шектеседі; Оңтүстік-шығысында: Қытай Халық Республикасымен шектеседі; Батысында: шекара Белқарағай және Солдатово ауылдарына дейін Фарпусная өзені (Шыршытсу) бойымен өтеді; Оңтүстігінде: шекара Шыңғыстай орманшылығының Мұз-Бел орман саяжайы шекарасы және Катонқарағай мен Күршім аудандарының әкімшілік шекарасы бойымен оңтүстік-шығысындағы Қытаймен шекараға дейінгі Оңтүстік Алтай жоталарының солтүстік беткейлері Сарымсақты, Тарбағатай бойымен өтеді. Шығыстан батысқа қарай тізбектеле созылған Қатын, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық), Сарымсақты, Листвяга ең биік жоталары болып табылады. Биік таулы Қатын және Оңтүстік Алтай жоталарының бедері тік жартасты беткейлі, мореналы, астау тәріздес аңғарлы альпілік типте. Өзге жоталардың бедері жазықтау болып келген. Жоталар мен қыраттардың ұшар бастары кең алаңқайлы қарлармен және мұздықтармен жабылған. Мұнда қазіргі заманғы мұзбасудың екі орталығы, көптеген тау өзендерін қоректендіретін, Қатын мұздықтары және Оңтүстік Алтай жотасының шығыс бөлігінің мұздықтары орналасқан.

Ұлттық парк аумағы дамыған гидрографиялық желіге ие. Үлкен көк қыратынан бастау алатын Бұқтырма өзені негізгі су магистралі болып табылады және Бұқтырма су қоймасын сумен қамтамасыз етеді. Ұлттық парк шегіндегі негізгі салалары: Калмачиха, Күрті, Таутекелі, Ақ Берел, Сахатушка, Фадиха, Тынық, Чернова, Каменушка, Сарымсақты, Ақсу өзендері. Ұлттық парктің оңтүстік бөлігіндегі маңызды өзендер: оңтүстікке қарай ағатын Қара-Қаба, Арасан – Қаба, Ақ-Қаба. Аталған өзендер тік, жартасты жағалаулары тар, қарағайлы орманды сайлар арқылы жол салып ағады. Тау өзендерінің түсі өзіндік ерекшелігімен, әсемдігімен, қатты ағынымен таң қалдырады. Мұздықтың қозғалу кезінде тау жыныстарының үйкелісі салдарынан пайда болатын лайлы тұнбалар әсерінен Ақ Берел, Бұқтырма мұздық өзендерінің сулары ақшыл-күлгін түсті лайлы болып келген. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өзендерінде мынадай сарқырамалар бар: Көккөл, Рахман және Язевое өзеніндегі сарқырамалар тізбегі. Жоталар мен тау аралық ойпаттардың бар болуы көптеген көлдердің түзілуіне әсер еткен. Әсем көлдер биік таулы ландшафтарға қайталанбас ғажайып өң береді, олардың ең ірілері: Бұқтырма, Рахман, Қаракөл, Маралды және Чернова.

Тау бедерінің күрделі болып келуі климаттық жағдайға әсерін тигізбей қоймайды, тау баурайынан шыңына қарай жоғарлаған сайын климаттың қатты өзгеруі байқалады. Алдымен температуралық режим өзгереді, таудың үстіне көтерілген сайын температура төмендей түседі. Таудағы климат беткейлердің экспозициясына, сонымен қатар мұздықтардың орналасу жақындығына байланысты өзгереді. Аймақтың климаты шұғыл континентті, жыл маусымдары кезіндегідей, тәулік ішінде де температураның ауытқуы жоғары. Қысы ұзақ, әрі суық. Жаздың ыстық күні суық түнмен ауысады. Жауын-шашын мөлшері жыл маусымдарында тең түспейді. Ылғалдың көп мөлшері жаз айларына (маусым-шілде) келеді, жауын-шашынның таралуының минимумы қаңтар-ақпан айларына тән. Жыл маусымының жылы айларында жауын-шашынның көптеп түсуі, ауа ылғалдығының жоғарлауын туғызып, биік таулы аймақтың өсімдік жамылғысына қолайлы әсер етеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 432 мм. Абсолютті максимум +340С және абсолютті минимум -440С болған кездегі ауаның жылдық орташа температурасы +1,60С құрайды. Катон-Қарағайдағы топырақтың орташа қату тереңдігі 67 см (47 см - 100 см-ге дейін). Қараша айының басында қар жамылғысы тұрақтанып, сәуір айының басында не ортасында ери бастайды. Шығыс, оңтүстік - шығыс бағыттағы желдер басым келген. Желдің орташа жылдық жылдамдығы - 3,8 м/с тең.

Ландшафты. Парк шегіндегі төрт негізгі биіктік зоналарына аймақтың барлық ландшафтары кіреді:

I. нивальдыға субнивальды белдеу кіреді;

II. тундралық-шалғындыға таулы-тундралық, таулы-шалғынды-альпілік, таулы-шалғынды-субальпілік белдеулер кіреді;

III. таулы-ормандыға таулы-орманды-субальпілік, таулы-шалғынды-тайгалық белдеулер кіреді;

IV. таулы-орманды-шалғынды- далалық.

Биік таулы нивальды зона - бұл арадан бастарына ақ сәлде жапқандай асқар да, айбынды бұйраттардың тау өзендерімен тілімденген терең сайларының ғажайып көрінісі ашылады. Бұл зонаның төменгі шекарасы теңіз деңгейінен 2800 м жуық биіктіктен өтеді, өсімдіктер жарылған жартастардың және тастардың арасына жиналған ұсақ топырақтарға, сонымен қатар мұздықтар мен қарлардың шет аймағындағы беткейлерінде өскен. Бұл зонаға қына және биік таулы аймақтың шөптесін өсімдіктерінің бірлестігі тән: қарлы наурызгүл, қар дәуаяғы, аласа ұлпабас, алтай сарғалдағы. Субнивальды белдеудің жартастарында сібір бөріқарақаты, қара қарақат және иісті қарақат, қара арша, алтай ұшқаты, ал шөптесін өсімдіктердің ішінде етжапырақ бадан, сібір тасжарғаны, қар қазтабаны, сібір тасшүйгіні, алақоғыр шөмішгүл және басқа да түрлері кездеседі.

Таулы-тундралық зона оның жоғарғы шекарасы теңіз деңгейінен 2800 м биіктіктен өтеді, ал төменгі шекарасы 2100 м абсолютті биіктікке дейін түседі. Жоғары жікқабатын тасты, мүкті-қыналы, бұталы және шөптесін тундраға тән мүк, алтай қоңыроты, суық көкгүл және дөңгелек жапырақты ақ қайың, тікенді ұшқат, тобылғы және аласа бойлы талдар алып жатыр.

Таулы — орманды зона теңіз деңгейінен 1200-1250 метрден 2200-2300 метр аралығындағы вертикальді диапазонда орналасқан. Оған жоғарғы жағын алып жатқан таулы-орманды субальпілік және төменгі жағында орналасқан таулы-шалғынды-тайгалық белдеулер кіреді. Бұл зонаның шегінде мынадай негізгі орман түзуші ағаштар өседі: сібір қарағайы, қарағай, шырша. Самырсын, қайың, терек, көктерек және талдардан құралған ормандар сирек кездеседі. Өсімдік жамылғысын астық тұқымдастар, қияқөлең, қара жидек, аралас шөптер құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]