- •Мазмұны
- •1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері
- •1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
- •1.2 Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •1.4 Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
- •1.6 Айғыр гигиенасы
- •1.8 Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
- •2 Бие гигиенасы
- •2.1 Бие сауу гигиенасы
- •2.2 Құлын өсіру гигиенасы
- •2.4 Су және мал суару гигиенасы
- •2.6 Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
- •2.8 Малды жайылымда күтіп-бағу гигиенасы
- •3 Ат қораны күту
- •3.1 Ат қора температурасы
- •3.2 Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы
- •3.8 Жылқыны күту ережелері
- •4 Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы
- •4.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері
- •4.2 Жылқыларды бордақылау гигиенасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.2 Құлын өсіру гигиенасы
Ең бастысы жаңа туған құлындарды суықтан (қорада температура 6-10°С болу керек), алғашқы дымқылдан және желден сақтау керек. Сондықтан оларға құрғақ, таза әрі жылы төсеніш керек.
Құлын кезінде организмнің жетік қарқынды өсуі енесінің сүтіне байланысты. Құлынның 1 кг салмағы 10 литр енесінің сүтін қажет етеді. Сол үшін құлынды биені жұмысқа салуға болмайды. Құлын енесімен бірге жайылымда жүргенде 1-1,5 ай кезінде шөпке үйрене бастайды. Ал енді екі айлық кезінде жем беруге де болады. Құлынға жемді беруді 200-300 г бастайды да кейіннен оның көлемін көбейте береді, ал енді енесінен ажыраған кезде 2,5-3,0 кг дейін жеткізеді. Қыстыкүні құлындарға арналған рационда дәнді көне бұршақ пішендері, сәбіз, сҧлы, арпа, күнжара, жүгері және азықтық бұршақ болғаны дұрыс.
Құлынның рационына витаминді, минералды қоспалар және балық майын енгізеді.
Құлынды кейбір шаруашылықтарда 8-12 бастан топтап, жарық, кең қорада ұстайды. Мұңдай секцияларда жем-шөпке арналған ақыр, су ішетін ыдыс болуы тиіс.
Құлынды мұндай қорада топтап ұстағанда қораның іші таза, ауада басқа жарамсыз иістер болмауы керек, желдеткіштер жүйесі үздіксіз жұмыс істеп тұруы тиіс. Сонымен қатар жел өті болмауы керек.
Құлынды топтап баққанда оны жынысына, жасына, қоңдылығына қарай бөледі. Жас, кейін туған және нашар құлындарды бөлек бөліп, бөлек топ құрайды. Ұрғашы және еркек құлындарды бөлек бағады. Енесінен ажыраған құлындарға (6-8 айлығында) жақсы жайылым ұйымдастырады және қыста оларға сапалы, құнарлы жоңышқа, бидайық және шөптен жасалған ұн беріледі. Құлынның астауында сәбіз, жалайтын тұз, кальций, бор болғаны дұрыс. Жаздыкүні күндіз табиғи немесе көп жылдық шөп егілген жасанды жайылымда бағады, ал түнге қарай шарбаққа немесе секцияға қамайды. Құлындардың тұяқтарын, терісін қадағалап тұру керек.
3-сурет –Жылқыны левада да серуендету.
Жарыстыруға арналған құлындарды әр күні бір бағытпен жүгіртіп отыру керек. Мұндай жаттықтыру құлын организмінің жетік өсуіне, төзімділікке үйренуіне, жеке жаттығуына, өзінің ықпалын тигізеді [8].
2.4 Су және мал суару гигиенасы
Су кешенді табиғи байлық болып табылады және дҥниежҥ-зілік мұхит (94%), жер асты суы (4%), мұз бен қар (2%), өзен, көл және батпақ суларынан тұрады. Барлық су қорының (1,5 млрд км ) тек 2 пайызы ғана тұщы су үлесіне тиеді.
Адам өмірі үшін, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі үшін су аса қажет. Сонымен қатар су сыртқы орта факторлары есебінде жануарлар денсаулығына едәуір әсер етеді. Сондықтан мал организмі ҥшін судың алатын орны ерекше. Ол ерекшелік организмнің құрамының үштен екі бөлігінің судың үлесіне тиюімен қатар оның құрамында зиянды заттар мен қауіпті микробтардың болуымен оның малды өсірудегі санитариялық орны жан-жақты көрсетілген. Су дегеніміз негізгі биологиялық сұйық. Су организмге үш сұйық күйде (фазада) кездеседі: клетка ішінде, клетка сыртында және трансцеллюларлық. Оның ең көп мөлшері клетка ішінде жиналады. (40-50 пайызы). Клетка сыртындағы суға қан плазмасы, клетка аралық сұйық және лимфа жатады. Трансцеллюларлық сұйық (ішек-қарын жолындағы, перикардтағы, плеврадағы, құрсақ қуысындағы, көз ішіндегі, буын қалтасындағы) тамырлардан кілегей қабат арқылы бөлінген.
3-кесте –Тәулігіне жайылымда бір мал тұтынатын су нормасы, л/тәулік
Мал түлігі |
Шалғай дала және шөлейт аудандардың жайылымдарында |
||
Жазда, қыста, күздің басында |
Қыста, күзде, көктемнің аяғында |
||
Сиыр |
30 - 60 |
25 - 35 |
|
Қой, ешкі |
2,5 - 6 |
1 - 3 |
|
Жылқы |
25 - 50 |
20 - 35 |
|
Түйе |
50 |
40 |
|
Жылқы түлігін тәулігіне 3 рет, ең жақсысы азықтандырудың алдында немесе пішен жеп болған соң және сұлы берерден бұрын суарған дұрыс. Ыстық күндері ауыр жұмысқа жегілген ат тәулігіне 4-5 рет суарылады. Жылқы суымай тұрып суық су беруге болмайды. Терлеп тұрған жылқы суық тиіп ауырады және арқасынан ыстық өтеді. Олар әсіресе, тҧяқтың ревматикалық қабынуына тез шалдығады. Жұмыс біткен соң жылқы 30 мин. суытылады. Содан соң суға шыланған пішен салынып, 1 сағат өткен соң жарты шелек салқындау су беріледі. 30 мин. кейін қайталап суарылады. Жылқыны жұмыстың аяқталуына 30-40 мин қалғанда суарған жақсы, сонда жұмыстан соң, жем-шөпті құмарта, обырлап жейді. Жылқы суды асықпай ішуі ҥшін шелектегі суға бір уыс сабан салынады. Кешкі азықтандырудан соң, жылқының еркін су ішуіне мүмкіндік беру керек. Жемді (арпа, сұлы) суарып болғаннан кейін немесе азықтандырғаннан кейін, ең кем дегенде екі сағат өткеннен кейін суарған дұрыс. Жылқыны табында баққан кезде (өрісте, жайлауда баққанда) жаздыкүні тәулігіне 3 рет, күз бен көктемде - 1 рет, қыста - 1 рет (онда да талтүсте) суарылады. Енелерін еміп жүрген құлын жылдың жылы мезгілінде суатқа енелерімен бірге түсіп, еркін су ішуіне мүмкіндік беру керек [8].
