Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жылы гигиенасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

2.1 Бие сауу гигиенасы

Басқа малдарға қарағанда бие сүтінде белоктың қасиеті, аминқышқыл құрамы, микроэлементтердің саны және ферменттер, қанттың мөлшері бойынша әйелдердің сүтіне өте жақын екен. Осыған орай елімізде және шет елдерде жас сәбилерге бие сҥтін беру қалыптасқан, ал осы бие сүтінің барлық құрамы мен көрсеткіштері, сонымен қатар оның шипалық қасиеті ең бірінші сауылған бие сүтінің сапасына байланысты. Әрбір сауынды биеден суалғанша (жылына) 2000-2500 литр сүт алуға болатыны анықталған.

Биені сауу тәсілдері - қолмен және механикалық әдіспен сауады.

Қазақ халқының тұрмыс ерекшеліктеріне сәйкес және табындағы жылқыларды бағу мен жаю жағдайларына қарай қолмен сауу әдісі қалыптасқан. Бұл әдісті қолданғанда, күндіз құлындарды енесінен бөлек ұстайды және 1-2 сағат сайын оларды сауып алады да, түнге қарай құлындарды қосып жібереді.

Таңертеңгі өрістен соң құлындарды желіге байлап қояды. Содан соң 12 сағат өткеннен кейін биелерді айдап келіп емізуге құлындарды босатады. Құлын 2-3 мәрте сорғаннан кейін оны енесінің алдына ұстап тұрып, саууды бастайды. Сауатын адам биенің сол жағынан келіп оң аяғымен тізерлеп отырады, ол тік бұрыш жасап бүгілген сол аяғының үстіне сҥт ыдысын қояды. Оң қолымен биенің артқы сол аяғын құшақтай отырып оң жақтағы емшегін ыдыс ілінген сол, қолымен сол жақтағы емшекті сауады.

Сүт сауу процесі емшектерді қысып тартуға негізделген, ал мұның өзі бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен жоғарыдан төмен қарай қысып созу арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибесі мол сауыншылар емшектерді екі қолымен алма кезек тартып сауады. Биелерді сауу кезінде ақырын сөйлесу және тыныштық сақтау керек, өйткені қандай болмасын бөтен дыбыстар, айғай-шу сүттің бөлінуін тежейтін рефлекстердің қозуына ықпал жасайды. Тыныш ортада жеделдетіп сауу, сондай-ақ шелекке шапшып құйылған сүттің дыбысы бұл рефлекстерді бәсеңдетеді және сүттің бөліну процесін күшейтеді.

Сауу кезінде емшекті қатты қысуға немесе тартуға болмайды, өйткені мұның өзі биелердің ауырсынуына және тынышсыздануына, шала сауылуына себеп болады. Үрку мен ауырсыну бір жағынан сүттің бөліну рефлексін тежейді, ал екінші жағынан бүйрек үсті бездерінің қызметін қоздырады. Мұның соңғысы қан құрамындағы адреналиннің бөлінуін күшейтеді, ол болса тамырларды тарылтады, сөйтіп сүт безіне окситоцин гармондарының келуіне кедергі жасайды.

Биелерді күн тәртібінде белгіленгендей дәл уақытында сауып отыру керек. Уақытты өзгерту, сүттің тартылуын немесе өздігінен иіп кетуін туғызады, сапасын төмендетеді және сүт безі ауруға шалдығуы мүмкін.

Көшпелі халықтар қолданылып келген қолдан сауу әдісі осы күнге дейін Орта Азияның, Қазақстанның, Ресейдің (Башқұртстан, Якутия, Татарстан) көптеген шаруашылықтарында қолданылады және жылқы өсірудің табындық жағдайларына қарай жетілдіріліп келеді.

Бұл әдістің негізгі кемшілігі - өнімсіздігінде, өйткені құлындарды байлауға және ағытуға көп уақыт жұмсалады. Қолдан сауу кезінде тәуліктегі сүттің басым көпшілігін құлындар емеді.

Биелерді қолдан сауудың өзі қиын және қауіпті, әсіресе малға жақындағанда сауыншылардан ерекше ептілікті талап етеді. Сондай-ақ мұндай әдістің негізгі кемшіліктерінің бірі - сүт сапасы төмен болады.

Биелерді машинамен сауу бірінші рет 1961 жылы Қазақ мал шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді. Биені машинамен сауу үшін шаруашылықтарда ДДА-2 дейтін екі режимді сауу аппараттары қолданылды.

Биені машинамен саууға іріктеу және оған үйрету. Биенің формасы мен көлемі біркелкі бола бермейді. Сиыр желініне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.

Бие желінінің сыртқы формасымен оны машинамен сауғанда сүт болу ерекшелігінің арасында белгілі бір тәуелділік бар.Осыған байланысты биені машинамен саууға іріктеп аларда желіннің формасымен оның жетілуіне айрықша мән берген дұрыс. Биені машинамен саууға іріктеп алардағы негізгі қойылатын талаптар: малдың желінсауға шалдықпауы. Желін формасы мен емшек көлемі және машинамен сарқа сауылуы. Машинамен сауардан бір ай бұрын биені іріктеп алу керек, сондай-ақ биеде желінсау ауруының бар-жоғы тексеріледі. Шаруашылықта бұл жұмысты мал дәрігерлер атқарады. Желінсау (сүт безінің қабынуы) ауру биеден сау биеге жұғыуы мүмкін. Ауырып жазылған биенің сүті кеміп, сапасы төмендейді, көбінесе желіні қатады. Желінсауы бар биені әбден жазылғанша басқа биелермен қосып саууға болмайды. Машинамен саууға желіннің бөліктері біркелкі жетілмей және емшектерінің ұзындығы 3,5-4 см болуы тиіс. Емшегі қысқа әрі шағын ешкі желіндес бие машинамен саууға жарамайды. Сыңар емшекті бие де машинамен саууға жіберілмейді. Әдетте желіні тостаған тәрізді биелердің емшектері ұзын және сүтті болып келеді.

Биені машинамен саууға үйрету кезінде оны тез иітуге және сүтін сарқа алуға дағдыландырған жөн. Алғашқы күні сауу қондырғысын орнатқаннан кейін биелерді қораға кіргізіп,вакуум насостың электродвигателін іске қосып, сауу шелегін вакуум жүйесіне қосады. Бие шуға және сауу машинасына біртіндеп үйрене бастайды. Осындай тәсілмен бірнеше күн үйреткеннен кейін биені саууға кірісе беруге болады. Емшекке сауу стакандарын кигізгенде кейбір биелер тынышсызданады. Осы жағдайда сауыншы шыдамдылықпен биені сылап-сипап тыныштандырғаны абзал. Алғашқы 7-10 күн биелер аппаратқа үйрене қоймағанмен де, кейіннен тез көндігіп кетеді. Жаңадан сауылатын биелерді сауыншы сақа биелермен бірге сауын қондырғыларында дағдыландырып, біртіндеп үйреткені жөн. Әдепкіде сауыншының жұмысы едәуір қиындайды, бірақ оның есесіне тұмсалар машинамен саууға тез дағдыланатын болады.

Биені тәулігіне 6-7 рет сауатын болғандықтан сүттің сапасын жақсарту жөнінде жүргізілетін санитариялық жұмыстар жоғары дәрежеде болуы тиіс. Бие сүтіне сауу мезгілінде оның желінінен зиянды микробтар түсіп, сүт сапасын төмендетуі мүмкін. Сол себептен бие желінін жуу үшін сиырда қолданатын жуғыш-дезинфекциялық ертінділер кеңінен қолданылады. Әр сауын алдында биенің үрпісіндегі алғашқы сүтті бөлек ыдысқа сауып алу керек.

Сонымен қатар, бие сҥтінен әзірленетін қымыздың сапалы болуы ыдыс-аяқтардың, сауын шелегінің, сауын аппаратының таза болуына байланысты.

Сауу аппаратараттарын дұрыс әрі дер кезінде күтіп ұстау, сүтті санитариялық тұрғыдан таза алуға және тетіктердің пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Резеңке тетіктерді, әсіресе резеңке емізікті күтуге айрықша көңіл бөлу керек. Өйткені, кебінесе резеңкеге май сіңіп, ісінуден бұзылады. Соның салдарынан ескіреді, сызаттар түседі. Сүтпен жанасатын резеңке тетіктердің пайдалану мерзімінің ұзақтығы оны қолданғаннан кейін тазалау сапасына, күтіп ұстау және сақтау тәртібіне байланысты.

Әр сауыннан кейін пайдаланған аппараттар мен сүт ыдыстарын, сондай-ақ жабдықтарды алдымен сүттің жұғынын кетіру үшін жылы сумен (25-30°С) жуып, соңынан ыстық сумен шаяды.

Қымыз шаруашылығындағы ветеринариялық сақтық шаралар. Қымыз фермасында қызмет ететін адамдар малдан адамға және керісінше жұғатын әртүрлі індетті аурулардың таралу жолдарын жетік біліп, оны болдырмау шараларын ұдайы қарастырып отыруы қажет. Шаруашылықтағы малдарға түрлі жұқпалы аурулардан аман сақтау мал дәрігерлерінің тікелей міндетіне жатады. Әсіресе, сауын биелерді маңқа, туберкулез, желінсау ауруларының алдын алу шараларын сақтау қажет.

Сауын биелерді әрбір сауын алдында тексеріп шығарады. Егер желінінде ісік, жарақат білініп сүтінен қан, ірің аққан жағдайда дереу мал дәрігеріне қарату керек. Желінсаудың алдын алу үшін арнайы тесттермен және тұндыру тәсілімен әр айда 2 рет тексеріп тұру қажет [7].