- •Мазмұны
- •1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері
- •1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
- •1.2 Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •1.4 Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
- •1.6 Айғыр гигиенасы
- •1.8 Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
- •2 Бие гигиенасы
- •2.1 Бие сауу гигиенасы
- •2.2 Құлын өсіру гигиенасы
- •2.4 Су және мал суару гигиенасы
- •2.6 Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
- •2.8 Малды жайылымда күтіп-бағу гигиенасы
- •3 Ат қораны күту
- •3.1 Ат қора температурасы
- •3.2 Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы
- •3.8 Жылқыны күту ережелері
- •4 Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы
- •4.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері
- •4.2 Жылқыларды бордақылау гигиенасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.6 Айғыр гигиенасы
Айғырды байлаусыз, кең әжіреде (көлемі 3,2x3,2x5,5 м) және жарық, таза, құрғақ, жақсы желдетілетін, өтпе жел соқпайтын қорада күтіп-баққан дұрыс. Қораның едені өте жақсы тапталған саз балшықтан жасалып және еденге ұдайы төсеніш салып қою керек.
Шағылыстыру кезеңінің басталуына 1-1,5 ай қалғанда айғырлардың азықтандыру нормасын көбейту керек. Ал шағылыстыру кезеңінде айғырларды жеке - жеке тәулігіне 3 реттен азықтандыру керек (күндік рацион құрамы: 60 пайыз - құнарлы азық, 35 пайыз - ірі азық және 5 пайыз - шырынды азық). Айғырларды әрі жеткіліксіз, әрі артық азықтандыру оның жыныс активтілігіне өте залал келтіреді. Салмағы 500 кг айғырдың рационына тәулігіне 5 кг сұлы, 1 кг ұнтақ және 6-8 кг шөп енгені абзал. Рационның құрамын оқтын-оқтын ауыстырып тұрған жөн. Азықтандыруға мынандай жем-шөптер қолдануға болады: қырдағы, тоғайдағы, егілген шөптер, дәнді өсімдіктер, бұршақты шөптер (сұлы, арпа, жүгері майдаланған күйінде), тары, ұсақ бұршақ, сәбіз, қызылша, картоп, көк шөптен жасалған ұн, малдан өндірілген азық (сүт, жұмыртқа, ет-сүйек ұны), минералды-витаминді қоспалар, ал соңында айғырдың әр уақытта жалайтын тұзы болуы тиіс. Шағылыс біткен соң айғырдың рационынан қосымша азықты алып тастайды, құрама жемді 4 кг дейін төмендету керек, оның орнына шөп мөлшерін көбейткен дұрыс [5].
1.8 Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
Айғырларды азықтандыру серуендету мерзімімен тығыз байланыста болғаны жөн және мұны жүйелі түрде өткізу керек. Сонымен қатар айғырларды шағылысқа дайындағанда оның организміне қолайлы әсерін тигізетін жағдай айғырларды таза ауада және күннің көзінде көбірек жүргізіп тұру қажет.
Үйірге қосып шағылысқа жіберетін айғырларды оқтын-оқтын шаптырып қойғанның маңызы зор. Ат қорада күтіп-бағатын айғырларды шағылыс кезінде ең кемі күн батқанға дейін қоршалған алаңда және қоршалған шабындықта (левада) бос ұстаған дұрыс, егер мұндай жағдай болмайтын болса,оңда кҥніне 40-50 минуттай айғырды ерттеп мініп немесе жеңіл арбаға жегіп тер шыққанша ары-бері шауып жҥру керек немесе айғырды 2-3 сағатқа жеңіл жұмысқа пайдалану керек.
Осының бәрі айғырдың ұрығына және айғырдың қабілетіне (потенция) пайдалы әсерін тигізеді. Ал енді айғырды өте зорлап шаршаганша мінген жағдайда немесе ауыр жұмысқа салса, онда айғырдың барлық жағдайына керісінше әсерін тигізеді.
Жазды күні айғырларды салқын суға түсіріп (бассейнге) немесе өзендерге, көлдерге тоғытып тұрған дұрыс, күніге олардың денесін және айына бір рет тұяқтарын тазалау керек. Айғыр тұрған әжіреден қиды және су төсенішті күнделікті шығарып тазалап отыру керек [5].
2-кесте –Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы Ұрықтандыру әдісі |
Айғыр жасы |
Бие саны |
Шағылыстыру және ұрықтандыру саны |
||||
Күніне |
Мезгілге |
||||||
Қолдан ұрықтандыру |
Толық жасты (4...12жас) Жас және кәрі |
35...40 15...20 |
1...2 1 |
175 75 |
|||
Үйірлі ұрықтандыру Жасанды Ұрықтанды |
Толық жасты Жас және кәрі Толық жасты |
20...25 12...15 150 кем емес |
- - 1 |
- - - |
|||
