- •Мазмұны
- •1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері
- •1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
- •1.2 Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •1.4 Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
- •1.6 Айғыр гигиенасы
- •1.8 Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
- •2 Бие гигиенасы
- •2.1 Бие сауу гигиенасы
- •2.2 Құлын өсіру гигиенасы
- •2.4 Су және мал суару гигиенасы
- •2.6 Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
- •2.8 Малды жайылымда күтіп-бағу гигиенасы
- •3 Ат қораны күту
- •3.1 Ат қора температурасы
- •3.2 Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы
- •3.8 Жылқыны күту ережелері
- •4 Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы
- •4.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері
- •4.2 Жылқыларды бордақылау гигиенасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.4 Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
Мұндай қораның ортасына аттарды жегуге, ерттеуге және серуендетуге манеж жоспарлау керек. Жас малға арналған қораны секцияларға бөледі. Әрбір секциядан серуендейтін алаңға шығатын есік (биіктігі 1,2 м) болуы тиіс. Ат қораның қақпаларының ені 2,7, биіктігі - 2,4 кем болмауы керек.
Қораның биіктігі еденнен - төбеге дейін мына төмендегідей болуы керек: асыл тұқым малға арналған қораның биіктігі - 3 м; тауарлы ферма қорада - 2,4-2,7 м; манеждің биіктігі - 4,5 м.
Жылқыны топтап ұстайтын қалың төсеніші бар қораның биіктігі 3,3 м. Қораның қабырғасының және төбесінің ішкі беті жылтыр болуы тиіс және ақ сырмен сырлануы керек. Ат қора таза ауа келетін және лас ауа шығатын табиғи желдеткіш құбырларымен, канализациямен және электр жарығымен жабдықталуы тиіс. Қорадағы еденді тайғанамайтындай етіп жасау керек. Ол ылғал өткізбейтін, жылуды аздап өткізетін, зәр, садыра өткізбейтін және дезинфекциялық заттарға төзім бере алатын болуы тиіс. Еден ағаштан болғаны жөн, сонымен қатар кірпіштен, асфальттан, саз балшықтан да болуы мүмкін. Еденнің еңкіштігі жем-шөп, қи шығаратын жолға қарай әр 1 м ұзындыққа 1,5 см болуы керек. Терезенің төменгі жақтауынан еденге дейінгі биіктік 1,8-2,1 м болуы керек.
1-кесте –Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
Мал топтары |
Ауа темпера-турасы, °С |
Салыстыр-малы ылғалдылығы,пайыз |
Ауа қозғалыс жылдамдығы, м/с |
Зиянды газдардың концентраци |
|||||||||
Опт. |
Мин. |
СО2 пайыз |
NН3 гм3 |
||||||||||
Ересек жылқылар Әжіредегі құлынды биелер Құлындар енесінен ажыратылған Тренингтегі малдар Жұмыс аттары |
4
8
6
4
4 |
6
15
10
8
6 |
60 - 80
50 - 70
60 - 70
60 - 80
60 - 80 |
0,3 - 0,5
0,1 - 0,3
0,2 - 0,3
0,2 - 0,4
0,3 - 0,6 |
0,25
0,15
0,20
0,20
0,25 |
20
10
15
20
20 |
|||||||
Ат корадағы еңбасты құрал-жабдықтар.Әрбір мал орны, әжіре, астау белағаштармен, сырықпен және тақтайлармен бөлінеді. Осы бөлінетін белағаштардың жуандығы 10-12 см, мал орнының алдыңғы жағынан 1 м, ал артқы жағынан еденнен 65 см биіктікте болуы тиіс. Сырықпен қоршалғанда оны қабырғаға көлденең қағады. Әрбір сырық аралығы 50-60 см, оның қабырғасының биіктігі 1,8 м, ал жем-шөп таситын жағынан 1,4 м болуы тиіс. Тақтаймен бөлінген қалқанның (бөгет) қалыңдығы 4-5 см таза тақтайдан, ал оның биіктігі жоғарыдағы сырық ағашпен қорша-ғандай болуы керек және қалқанның төбесі қаңылтырмен жабылуы тиіс. Мұндай мал орнында жылқыны байлап (ноқталап) ұстайды. Әжірені бөлетін қалқаңды жалпақ тақтаймен немесе торлап жасайды. Мұндай әжіре ішінде жылқыны байламай бос ұстайды.
Мал тұратын орында әр малға жеке-жеке арналған ақыр болуы тиіс, ал оның ұзындығы осы мал тұратын орынның ұзындығына сәйкес болуы керек. Осы ақырдың үстінен аттар шөпті шашып тастамас үшін алынып салынатын торлап қойған қалқан болуы тиіс. Ақырдың жартысы жем салу үшін бөлінеді. Мұндай ақырдың үстіңгі ені 60 см, төменгі ені 40 см, ал тереңдігі 40 см болғаны жөн. Жалпы ақырдың еденнен биіктігі 1 м болу керек.
Жылқыны топтап ұстағанда ақырдың ұзындығы, сол қораның ұзындығындай болуы керек, бірақ ірі малдар үшін әр басқа 1 м шамасында, ал жас малдар үшін 0,6 м болу керек. Әжірелердегі ақырдың ұзындығы 1,2 метр болады және оны сол әжіренің бұрышына орналастыру керек.
Жекеленген автосуарғышты бір-бірден әр әжіреге немесе әр мал орнына орналастыру керек. Топтап суаруға арналған астаудың ұзындығы әр басқа 0,6 м кем болмауы керек, ал еденнен биіктігі жекеленген суарғыш үшін 0,9-1 м, топтап суарғыш үшін 0,5-0,7 м болуы тиіс [4].
