- •Мазмұны
- •1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері
- •1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
- •1.2 Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •1.4 Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
- •1.6 Айғыр гигиенасы
- •1.8 Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
- •2 Бие гигиенасы
- •2.1 Бие сауу гигиенасы
- •2.2 Құлын өсіру гигиенасы
- •2.4 Су және мал суару гигиенасы
- •2.6 Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
- •2.8 Малды жайылымда күтіп-бағу гигиенасы
- •3 Ат қораны күту
- •3.1 Ат қора температурасы
- •3.2 Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы
- •3.8 Жылқыны күту ережелері
- •4 Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы
- •4.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері
- •4.2 Жылқыларды бордақылау гигиенасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
Асыл тұқымды шаруашылықтарда малды қорада баққанда айғырлар үшін 5-10 басқа, ал биелер үшін 40-50 басқа қора салады; жарататын жас малға да 40-80 басқа қора салады.Қазіргі уақытта әр шаруашылық жылқыға арналған қораларды өздеріне лайықтап салуда. Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табында баққанда 40 ірі жылқыға арнап қора салады, жеңілдеу батырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуға арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады.Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастырма және малдарды күтіп-қарайтын қоралар салынуы тиіс. Қорадағы әжірелердің саны жұмыс көлігі үшін 20 пайыз аттардан аспауы керек, биелерді табында баққанда жеңілдеу қора қалқанын 10 пайыз басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан -5 пайыз мал басынан аспауы керек, ірі жылқылар үшін қымыз өндіретін фермада 25 пайыз мал басына мал басынан қора салынуы тиіс. Барлық қораларда жемді, ірі шөпті және төсенішті сақтау, арба әбзелдерін (инвентарная) басқа да мүліктерді сақтайтын бөлме және су құятын ыдыс алаңы, душ бөлмесі болуы керек. Биелер және айғырлар үшін арналған қораларда биені қашыруға арналған манеж болуы тиіс, ұрықты тексеруден өткізу бөлмесі,жаратуға арналған жас малға бөлек бөлме және оларды жегуге, ерттеуге, серуендетуге арналған манеж, суы бар душ әжіресі, ал енді қымыз өндіретін фермада бие сауатын бөлме, сүт пен ашытқы дайындайтын бөлме, сүт-қымыз құятын, ыдыс жуатын және басқа да қосымша бөлмелер,суықтату камерасы және лабаротория қарастырылады. Мал фермасының территориясында бұдан басқа да қосымша бөлмелер және құрылыстар орналасуы керек: мал дәрігерлік обьектілер, манеж, автотаразы, канализация, су ,электр және жылу жабдықтары, ұстахана, шеберхана, жылқыны серуендететін механикалық жетектегіш, жем-шөптің, төсеніштің, шаруашылық мүліктер (құрал-саймандар), қи қоймасы, әкімшілік және тұтыну бөлмелері. Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалап жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.
Ат қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2,6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер қораның ортасында орналасады ( әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмауы керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады. Жұмыс көліктеріне арналған қорада аттар төрт қатар орынға орналастыралады. Әр қатарда ат тұратын орын саны 30 пайыздан аспау керек. Ал қораның ортасында кезекшіге арналған бөлме, ат әбзелдері және құрал-саймандар тұратын, жем-шөп қоятын бөлмелер және су құятын ыдысқа арналған алаң, сонымен қатар асыл тұқымды малға арналған қорада – манеж болуы тиіс.
1- сурет–Жылқы қораларына арналған төсеніштер, яғни ағаш ұнтағы
Жеңілдеу қорада топта күтіп-бағатын 25 басқа арналған секция болуы тиіс және ірі аттарға арналған секцияда әжірелер болуы керек. Жұмыс көліктеріне жеке-жеке арналған орын болған жөн, ал асыл тұқымды аттар әжіреде тұрады. Әжіреде жем-шөп салатын ақыр болуы тиіс.Қораның ішіндегі ауаның температурасы 6С шамасында,салыстырмалы ылғалдылығы -75 пайыздан аспауы керек.Ол үшін желдеткіштер жақсы және ыңғайлы орналасуы керек.Қораның ішіндегі канализация дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Малдың астына құрғақ сабаннан (ағаш үгіндісінен) төсеніш салған жөн. Күніге аттарды тазалап оның тұяғының жағдайын қадағалап тұруы керек. Жарататын жас малға арналған қораны әжіремен жабдықтайды, әжірелердің екі жағында жем-шөпке, қиға арналған жол болады. Мұндай қораның ортасына аттарды жегуге, ерттеуге және серуендетуге манеж жоспарлау керек. Жас малға арналған қораны секцияларға бөледі. Әрбір секциядан серуендейтін алаңға шығатын есік (биіктігі 1,2 м) болуы тиіс. Ат қораның қақпаларының ені 2,7 м, биіктігі-2,4 м кем болмауы керек. Қораның биіктігі еденнен – төбеге дейін мына төмендегідей болуы керек: асыл тұқым малға арналған қораның биіктігі - 3м; тауарлы ферма қорада – 2,4-2,7 м; манеждің биіктігі – 4,5 м. Жылқыны топтап ұстайтын қалың төсеніші бар қораның биіктігі 3,3м. Қораның қабырғасының және төбесінің ішкі беті жылтыр болуы тиіс және ақ сырмен сырлануы керек. Ат қора таза ауа келетін және лас ауа шығатын табиғи желдеткіш құбырларымен, канализациямен және электр жарығымен жабдықталуы тиіс.
Қорадағы еденді тайғанамайтындай етіп жасау керек. Ол ылғал өткізбейтін, жылуды аздап өткізетін, зәрі садыра өткізбейтін және дезинфекциялық заттарға төзім бере алатын болуы тиіс.
Еден ағаштан болғаны жөн, сонымен қатар кірпіштен, асфальттан, саз балшықтан да болуы мүмкін. Еденнің еңкіштігі жем – шөп, қи шығаратын жолға қарай әр 1 м ұзындыққа 1,5 см болуы керек. Терезенің төменгі жақтауынан еденге дейінгі биіктік 1,8-2,1 м болуы керек. Ат қорадағы ең басты құрал-жабдықтар. Әрбір мал орны, әжіре,астау белағаштарымен, сырықпен және тақтайлармен бөлінеді.Осы бөлінетін белағаштардың жуандығы 10-12 см, мал орнының алдыңғы жағынан 1м, ал артқы жағынан еденнен 65см биіктікте болуы тиіс. Сырықпен қоршалғанда оны қабырғаға көлденең қағады. Әрбір сырық аралығы 50-60 см, оның қабырғасының биіктігі 1,8 м, ал жем-шөп таситын жағынан 1,4м болуы тиіс. Тақтаймен бөлінген қалқанның (бөгет) қалыңдығы 4-5 см таза тақтайдан, ал оның биіктігі жоғарыдағы сырық ағашпен қоршағандай болуы керек және қалқанның төбесі қаңылтырмен жабылуы тиіс. Мұндай мал орнында жылқыны байлап (ноқталап) ұстайды. Әжірені бөлетін қалқанды жалпақ тақтаймен немесе торлап жасайды. Мұндай әжіре ішінде жылқыны байламай бос ұстайды. Мал тұратын орынды әр малға жеке-жеке арналған ақыр болуы тиіс, ал оның ұзындығы осы мал тұратын орынның ұзындығына сәйкес болуы керек. Осы ақырдың үстінен аттар шөпті шашып тастамас үшін алынып салынатын торлап қалқан болуы тиіс.Ақырдың жартысы жем салу үшін бөлінеді.
2-сурет–Төсеніш материалы сабан
Мұндай ақырдың үстіңгі ені 60см , төменгі ені 40см, ал тереңдігі 40см болғаны жөн. Жалпы ақырдың еденнен биіктігі 1 метр болуы керек. Жылқыны топтап ұстағанда ақырдың ұзындығы, сол қораның ұзындығындай болуы керек, бірақ ірі малдар үшін әр басқа 1м шамасында, ал жас малдар үшін 0,6м болуы керек. Әжірелердегі ақырдың ұзындығы 1,2 метр болады және оны сол әжіренің бұрышына орналастыру керек. Жекеленген автосуарғышты бір-бірден әр әжіреге немесе әр мал орнына орналастыру керек. Топтап суаруға арналған астаудың ұзындығы әр басқа 0,6 м кем болмауы керек, ал еденнен биіктігі жекеленген суарғыш үшін 0,9-1 м, топтап суарғыш үшін 0,5-0,7 м болуы тиіс [3].
