- •Мазмұны
- •1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері
- •1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
- •1.2 Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •1.4 Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
- •1.6 Айғыр гигиенасы
- •1.8 Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
- •2 Бие гигиенасы
- •2.1 Бие сауу гигиенасы
- •2.2 Құлын өсіру гигиенасы
- •2.4 Су және мал суару гигиенасы
- •2.6 Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
- •2.8 Малды жайылымда күтіп-бағу гигиенасы
- •3 Ат қораны күту
- •3.1 Ат қора температурасы
- •3.2 Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы
- •3.8 Жылқыны күту ережелері
- •4 Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы
- •4.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері
- •4.2 Жылқыларды бордақылау гигиенасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.2 Жылқыларды бордақылау гигиенасы
Табында жылқыны бордақылау кезінде қауіп-қатерден сақтану үшін жем-шөп қоры болуы тиіс. Ол үшін шөл, шөлейт жерлерде бір жылқыға 1-3 ц, қарлы жерде 5-10ц шөптің қоры болуы тиіс. Шөлейт, шөлді жерлерде малды семірту әсіресе көктемгі және күзгі уақытта, ал таулы аймақтарда жаздыкүні жүргізген дұрыс. Жылқыны табында бордақылау кезінде оларды сумен қамтамасыз етуге аса көңіл аудару керек және жылқыны күніне үш рет суару керек. Табында семірткен жылқының етінің сапасы жоғары болады, жылқы тез семіреді, салмағы тәулігіне 1,5-2 кг дейін өседі. Жылқыны қолда ұстап семірту немесе бордақылау. Бордақы жылқыны жасы, салмағы, қоңдылығы бойынша іріктеп алады. Жылқыны бордақыға қойғанда оларға ветеринариялық, зоотехникалық шараларды жүргізеді және олардың қоңдылығын анықтайды, өлшейді, құрт ауруларына қарсы емдік шаралар жүргізеді. Жылқы қолда бордақылағанда оларға көк шөп, құрама жем, сүрлем, пішендеме, картоп, жом және барда береді. Алғашқы күндері рациндағы ірі шөп және құрама жем 30%, шырынды шөп 40%, құрайды да, ал бордақылаудың соңғы күндері құрама жем 60%, ірі шөп-30% және шырынды шөп – 10% құрайды [15].
Қорытынды
Қорыта айтатын болсақ, қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығын және тасымалдау жұмыстарын тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке салатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебенді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкелерді материалдық ынталандыру күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық ізімен аналық ұялары одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Бұл курстық жұмысымның басты мақсаты – жылқыны жасына әрі жынысына байланысты күтіп - бағуды, тиімді ұстау жүйелеріне, азықтандыру мен суаруда, соларға арналған қора - жайларға қойылатын гигиеналық талаптар және жылқының денсаулығын нығайту мақсатында жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық және гигиеналық шараларды іс – жүзінде ұйымдастыру мен енгізу жолының маңызы көрсетілген. Жылқыны ұстау, күтіп – бағу барысында санитарлық – гигиеналық талаптарға сезімталдығымен ерекшеленеді. Сондықтан олардың өнімділігі мен денсаулығын зоогигиеналық талаптардың жоғары деңгейде болуына тікелей байланысты. Әсіресе, өте жоғары күтімді жас жаңа туған құлындар керек етеді. Жылқыны бағып- өсіру кезінде шаруашылық жағдайында оларды толық құнды әр түрлі азықтармен азықтандыру, микроклиматы қолайлы қора - жайларда ұстап , ветеринариялық – санитариялық шараларды дер кезінде жүргізіп, қатаң сақтау табысқа жеткізу кепілі. Басқа түліктерге қарағанда жылқыны күтіп – бағуды, оларға дүниежүзілік деңгейде салынған әрі салынып жатқан жылқы заводтары, қымыз және ет шаруашылықтары қол жеткен табыстары баршылық. Ендігі мақсат осы жетістіктерімізді бұл салада әрі қарай дамытып жалғастыру.
