- •Мазмұны
- •1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері
- •1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
- •1.2 Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •1.4 Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
- •1.6 Айғыр гигиенасы
- •1.8 Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
- •2 Бие гигиенасы
- •2.1 Бие сауу гигиенасы
- •2.2 Құлын өсіру гигиенасы
- •2.4 Су және мал суару гигиенасы
- •2.6 Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
- •2.8 Малды жайылымда күтіп-бағу гигиенасы
- •3 Ат қораны күту
- •3.1 Ат қора температурасы
- •3.2 Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы
- •3.8 Жылқыны күту ережелері
- •4 Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы
- •4.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері
- •4.2 Жылқыларды бордақылау гигиенасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4 Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы
Спорт жылқыларының жұмысқа қабілеті мен контуренттік қасиетін бірқалыпты ұстау үшін олардың гигиеналық режимі мен оларды бағып-күту және жылқыларды тиімді шынықтыру ерекшеліктерін байланыстырып дұрыс пайдалану керек. Жылқыларды әжірелермен (көлемі 3х4м ) жабдықталған ат қораларда ұстайды. Қора таза, жарық және құрғақ болуы керек.
Әжірелердің едені тығыздалған топырақ, құрамында 5-6 пайыз цемент болуы керек. Қолданылатын төсеніш құрғақ, қалың,газды сіңіруі жоғары (сабан,ағаш үгіндісі) болуы керек. Қорадағы қиды күнделікті тазалап, төсеніштерді ауыстырып, науаны тазартып, қабырғалардағы, төбедегі, терезелердегі шаңнан тазартып тұру керек. Уақтылы дезинфекция жасау үшін хлорлы әкті пайдаланады және бұл затты қолданғаннан кейін міндетті түрде қора ауасын тазартады.Спорт жылқыларының жұмыс қабілетін арттырудың маңызды гигиеналық әдістері малдың тұяғын, терісін, аяғын, дұрыс күту, оларды шомылдыру және белсенді моционға шығару болып табылады. Бұл әдістерді жүргізу техникасы жұмыс аттарын күтіп бағу техникасына ұқсас. Сонымен бірге спорт аттарына арналған ат қораларға жылы жылы бар душ орнатады.
Қыс және күз мезгілдерінде душ қабылдаған жылқылардың үсті міндетті түрде кебуі керек. Ол үшін жылқыны жылы жабумен жауып, әжіреге кіргізеді. Терлеп тұрған жылқының тері кебуі үшін және оларды суықтан ауырмауы үшін жылқы жүнін арнайы электр машинасымен қырқу керек. Азықтық рационды әр жылқыға жеке құрады,және олар сапалы болуы керек. Азықты науаға күнделікті бір уақытта және аз мөлшерде салады. Бұл кезде әртүрлі азықтармен азықтандыруға және суаруға аса көңіл аудару керек. Азықтандыру кезінде ат қораларда тыныштық сақтау керек. Спорт жылқыларының жұмыс кезінде организмінде жүретін физиологиялық процестерді білу арқылы керекті және шекті шынықтыру жұмыстарын, жылқының жұмыс істеуі мен дем алу қатынастарын, шынықтыру және жарыстан кейінгі қайта қалыптастыру процестерін анықтауға болады. Спорт жылқыларының жылына белсенді дем алу мерзімі 1-1,5 айды құрайды. Спорт жылқыларын шынықтыру жарыс түріне байланысты белгілі бір жобада және уақтылы жүргізілуі тиіс. Бұл кезде шынықтыру мерзімі мен қайталану дәрежесі, шынықтыру компоненттері (көлемі мен интенсивтілігі) және жылқыны дем алдыру түріне байланысты болады. Егер шынықтыру кезінде жылқыны дем алдыру уақыты ұзарып кетсе организмде бұрын пайда болған шартты рефлекстік байланыстар бұзылады және жылқының жұмысқа қабілеті нашарлайды. Спорт жылқылары бір-бірінен мінез-құлқы, темпараменті және тағы басқа қасиеттері бойынша ерекшеленеді, сондықтан әр спорт жылқысына жеке күтіп-бағуды ұйымдастыру керек [13].
4.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері
Жылқының басқа малдан басты айырмашылығы – бұлшық еттерінің жұмысы болып табылады. Ол қасиеті ас қорыту мен зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды – углеводты әрбір 3 сағат жұмыстан кейін шығындап отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды.Жылқылардың қарны бір камералы, күйіс қайыратын малдармен салыстырғанда ірі азықтарды онша қорытып сіңірмейді. Жылқы ағзасына қажетті қоректік заттардың пайдалы жұмысқа аз ғана мөлшері шығындалады. Жылқының тіл жақсы дамыған, сондықтан қатты заттарды бөлшектеп уатады. Мүйізді ірі қара малдардың қарнына қарағанда жылқының қарны 7-8 есе кіші, ішектері қысқа. Жемді, концентратты жақсы қорытады. Жылқы денесінің құрғақ заты протеин, май мен күл түрінде анықталатын минералдық заттардан тұрады. Жас құлын денесінде протеин көп түзіліп, май аз болады да, өсе дене құрамындағы май үлесі артады.Содан барып жас ет қара, яғни таза бұлшық етті, протеинді болса, сақа, әсіресе, бордақыланған мал етінде май үлесі молаяды. Мал денесінің (бұлшық еттің) протеині желінген азық протеинінің аминқышқылдарынан түзіліп, дене құрылысын қамтамасыз етсе, дене ( ет) майы организм қажеттілігінің артылған энергиясының қоры ретінде байланады. Желінген азықты қорытатын жылқының ас қорыту жүйесінің құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Олар ауыз қуысынан басталады. Жылқының күрек тістері өткір, жемшөпті мүйізді ірі қара малдай жалмамай қырқып жеп, түбелікті азу тістерімен түбегейлі мұқият шайнап, мол сілекейлеп, аумағы сиырдікінен 10 еседей тар бір бөлімді қарнына ішек сөлінің ферменттерімен түбегейлі... протеин – аминқышқылдарынан, майы май қышқылдарына, көмірсулары моноқанттарға ыдыратылады да, соңғылары аш ішек түгімен қанға сіңіріледі. Сіңірілмеген, яғни қорытылып үлгермеген қоректік заттар қорытылмаған тезек ( қи, нәжіспен) қалдықтарымен сыртқа шығарылады. Жылқы жайылым отын, шалғын шөбін, көп жылдық екпе шөптерден атқонақ, еркекшөп, беде және жоңышқа жақсы жеп, жұғымды пайдаланады.Бұл түліктің сазды, томарлы жердің шөбін, өлең, қоға, қырықбуын, мия сияқты шөптерді онша сүйсініп жемейді. Сұлы, арпа, тары сабаны мен топанын да жейді, бірақ олады алдын ала булап, жұмсарып, жеммен араластырып берген жөн. Шырынды азықтардан сәбіз, қызылша, турнепс, сапалы сүрлем мен картоп берген пайдалы. Жылқы басына тәулігіне жуып тазартып қызылшаны – 10-12 кг, атқаратын жұмысына қарай сүрлемді – 8-12 кг беруге болады. Картопты пісіріп берген дұрыс. Жылқының сүйсініп жейтін ең жұғымды жемі сұлы. Сұлыны жылқыға шектеусіз жеткізуге болады. Оны жеңіл қорытып,ешбір зиян шекпейді, тек тісі мүжілген кәрі аттарға сұлы дәнін алдын ала мыжып беруге болады. Еліміздің оңтүстігінде жылқыға көбінесе арпа дәні мен жармасын береді. Ас қорытуға оң ықпал ететін диеталық азық ретінде бидай кебегін жегізеді. Жүгері дәнін жармалап, басқа азықтармен қосып берген жөн. Протеинді азықтардан жылқыға күнбағыс пен зығыр күнжарасын, шротын енгізуге болады. Жазда жылқыны жайылым отына жаяды. Отты жайылымда бағылған жылқыны қосымша жемдемей – ақ жұмыс атқаруға болады. Жайылым ең арзан жем-шөп көзі болғандықтан жылқы ұстау шығынын арзандату үшін маусымдық жайылымдарды жыл он екі ай пайдалануға тырысу қажет. Ол үшін әсіресе қазақы жылқының тебіндеуге бейімділігін жете қолдану қажет. Жайылым оты жетіспеген жағдайда ғана жылқының тұқымына, жасына, жынысына, өнімділігіне, физиологиялық ахуалы мен атқаратын жұмысына байланысты өзгеретін қоректік заттарға мұқтаждығын, яғни азықтандыру нормасын, қосымша азықтармен толықтырады. Жылқы азықты баппен өте ұқыпты, мұқият шайнайды. Бір жұтқанда 15-20 г сабан, топан ( мякина), жемдерден (сұлы, арпа, кебек т.б.), шырынды азықтардан (сәбіз, қызылша, картоп, шөптер т.б.) жұта алады. Жылқыға берілетін рацион құрамында құрғақ заттың 16 %-ті клетчатканың үлесіне тиеді, егер клетчатка 16%-тен артық болса, онда рациондағы алмасу энергиясы төмендейді. Жылқыда термен бірге көп мөлшерде тұз біртіндеп бөлінеді. Осындай кезде жылқыны суытпаса организмінде қан плазмасының осмостық шоғырлануы көбейіп, жұмыс кезінде капилляр қан тамырларының қозғалысын қиындатады да, жүректің бұлшық еттеріне күш түсіреді. Жылқыны азықтандыру жеке қасиетіне, жаттығуына, қозғалыс жылдамдығына, жұмыстың ұйымдастырылу тәсіліне, азық алмасуына, жұмыс кезіндегі дем алуына байланысты. Жылқы азықтандыру – тірілей салмағына, сыртқы түріне, жұмыс қабілеттілігіне, тұқымы, жынысы, қимылы, қоректену ерекшеліктеріне байланысты болады. Мініс жылқылары 100 кг салмаққа 12-15 км жылдамдықпен қозғалатын болса, әрбір шақырым жолға 0,0267 азықтық өлшем қажет етеді. Егер жай жүріспен қозғалатын болса, онда 0,02 азықтық өлшем қажет етеді. Қоңдылығы нашар жылқы болса, 3-4 азықтық өлшемді, 150 г-ға дейін сіңірімді белоктық затты көбейтеді. Жылқыға 100 кг тірілей салмағына көп жылдық дәнді дақылдардан және аралас дала шөптеріне 2,4 кг беде – 1,4-1,5 кг, әр түрлі шөптерден – 3-3,4 кг дәнді, жусан, сораңнан – 3,2 кг қажет етеді. Жылқыны күніне 4 рет азықтандырады : бірінші ірі азықты жеп тауысқаннан кейін концентрат беріледі [14].
