Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жылы гигиенасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

3.8 Жылқыны күту ережелері

Жылқының мінезін ескере отырып, оған батыл әрі жылы шыраймен қарай білген жөн. Жақындағанда жылқыны үркітіп алмау үшін дыбыстап шақырады. Кермеде тұрған жылқыға артынан бұруға болмайды, оны алдынан барып кермеден артқа шегіндіріп алып шығады. Механикалық тазалау жылқының жұмысын жеңілдетеді, оның шаштарының жиналуын көбейтеді, жылқы күтімінің гигиеналық жағдайын жақсартып, ат қораларын таза ұстауға мүмкіндік береді. Пневматикалық тазалау кезінде түлеген кезде түсетін шаш болмай,қайызғақ ауамен темір тарақ және резинка түтік арқылы шаңсорғыштың вакуум шелегіне тартылады. Механикалық тазалау кезінде пайдаланылатын темір тарақты жылқы терісінің үстімен ептеп, баспай жүргізеді. Жылқылар шаңсорғыштың немесе мотордың шуына, қолмен тазалағаннан гөрі тез үйренеді және қозғалмай тұрады. Одан кейін тазалау сапасы жақсарып, жылқы түктері жұмсақ әрі жылтыр болып қалады. Механикалық тазалауға арналған жабдық, қажетті жағдайда жылқының миозит ауруын емдеуге тиімді, әрі массаж жасауға мүмкіндік береді. Тұяқты тазалап, қарау үшін жылқыны қысқа ағашқа байлайды, содан соң алдымен алдыңғы, содан соң артқы аяқтарын көтеріп тазалайды, қарайды. Сол жақ алдыңғы аяғын тазалап, қарау үшін жылқының иығының астына бетімен бұрылып тұру қажет, сол қолмен жылқының иығынан тіреп, оң қолмен аяқ-қолын жоғарыдан төмен қарай сипай отырып, бақайды ұстап, тізелік буынынан бүгіп, аяқ-қолын көтереді.

Бүгілген аяқ-қолын сол қолына алып, ағаш пышақпен немесе ілмешекпен тұяғының жүрекше таптарының балшығын тазалайды. Сосын барып тағасын қарайды. Сол жақ артқы аяғының тұяғын тазалап, тағасын қарау үшін жылқының басына жақын келіп, мойнын, арқа және сауырын жәймен сипайды және оң аяғын жылқының артқы аяғына қарсы қойып, сол аяғын орнында қалдырады. Әрі қарай сол қолымен жылқының жамбасына сүйеніп, ал оң қолымен жамбасын төмен қарай сипай отырып, бақайдан буыны тізеден жоғары асып кетпейтіндей етіп жылқының аяғына салады. Бұдан кейін тұяғын тартып, тағасын қарайды. Оң жақтағы артқы және алдыңғы аяқ-қолдарын да осыған ұқсас етіп тазалайды.Тұяқ мүйізінің бетін ұшты нәрсемен тазалауға немесе май жағып, әртүрлі әдіспен жылтыратуға болмайды, өйткені ол мүйізінің бұзылуына әкеп соқтырады.

Тағаны қарағанда оның бетінің беріктігін, тісі мен шегелерінің бүтіндігін ескерген жөн. Сонымен қатар таға шегелерінің шеттері тұяқ мүйізінің бетінде тегіс жатыр ма, тұяғының сынық жерлерінің бар-жоқтығына көңіл аудару қажет. Тағаны қарап, тазалағаннан кейін оны сумен жуып, шүберекпен мықтап сүртеді. Жұмыс қабілеттілігіне арттыру үшін жылқыны дұрыс азықтандыру, суару және бағып күтудің маңызы зор. Жылқыны азықтандырғанда оның қоңдылығына мен атқаратын жұмысының ауырлығын ескереді. Жұмыс аттары жарық, құрғақ, ауасы ауысатын қорада ұсталулары керек. Ат қоралары жарық болуы үшін – биіктігі 2 метрден кем емес терезелерін оңтүстікке қаратып, ауасы жеткілікті болуы үшін бір басқа келетін аумағын 30 шаршы метрден кем болмастай, қабырғасының биіктігін 3 метрден асырып салады. Терезесінің көлемі еден көлеміне 1:15 арақатынасынан кем болмауға тиіс. Еден саз балшықтан не асфальттан салынғаны жөн. Керме қоршауларының өлшемі – 1,75*3 м, аумағы – 5,25 шаршы м, күндізгі бөлмелерінің көлемі – 3*3,5 м, аумағы – 10,5 шаршы метр етіп жасалады. Жылқы төлін әр басына 5 шаршы метр келетіндей жалпы бір бөлмеде ұстайды. Ат қоралары жем-шөп салатын астауларымен, суарғыштармен, жылқы байлайтын сәкілермен жабдықталуы керек. Онда жем-шөп пен төсенішті, ат жабдықтарын, инвентарды, құрал-сайманды сақтайтын бөлмелер жабдықталып, жас-жыныстық тобына байланысты жылқы басын азықтандыру, тұяқ азықтандыру, тұяқ пен тағаны тазалау мерзімі белгіленген табель іледі [12].