- •Мазмұны
- •1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері
- •1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
- •1.2 Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •1.4 Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
- •1.6 Айғыр гигиенасы
- •1.8 Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
- •2 Бие гигиенасы
- •2.1 Бие сауу гигиенасы
- •2.2 Құлын өсіру гигиенасы
- •2.4 Су және мал суару гигиенасы
- •2.6 Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
- •2.8 Малды жайылымда күтіп-бағу гигиенасы
- •3 Ат қораны күту
- •3.1 Ат қора температурасы
- •3.2 Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы
- •3.8 Жылқыны күту ережелері
- •4 Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы
- •4.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері
- •4.2 Жылқыларды бордақылау гигиенасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
Кіріспе |
3 |
1 |
Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері |
4 |
1.1 |
Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері |
5 |
1.2 |
Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар |
8 |
1.4 |
Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері |
11 |
1.6 |
Айғыр гигиенасы |
13 |
1.8 |
Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы |
13 |
2 |
Бие гигиенасы |
14 |
2.1 |
Бие сауу гигиенасы |
17 |
2.2 |
Құлын өсіру гигиенасы |
19 |
2.4 |
Су және мал суару гигиенасы |
21 |
2.6 |
Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы |
22 |
2.8 |
Малды жайылымда күтіп-бағу гигиенасы |
23 |
3 |
Ат қораны күту |
24 |
3.1 |
Ат қора температурасы |
24 |
3.2 |
Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы |
26 |
3.4 |
Жылқы терісің күту |
27 |
3.6 |
Жылқы тұяғын күту |
28 |
3.8 |
Жылқыны күту ережелері |
29 |
4 |
Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы |
32 |
4.1 |
Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері |
33 |
4.2 |
Жылқыларды бордақылау гигиенасы |
34 |
|
Қорытынды |
36 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
37 |
Мазмұны
Кіріспе
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән-маңызы да өзгереді. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе-көлік, сүті-қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқыны спорт пен әскерге пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсірумен айналысатын кісілерді материалдық ынталандыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық ізімен аналық ұялары одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жылқының зат алмасуына атқаратын жұмысы да ықпал етеді. Ауыр қара жұмыстағы жұмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және спорт аттары энергетикалық мұқтаждығын алғашқы 3 сағат мерзімінде желінген жемшөптің жеңіл қорытылатын көмірсулармен қанағаттандыратының ескеріп, осы мерзімде оларды толықтыруды ойластыру қажет. Ол үшін жылқыға жеңіл қорытылатын энергетикалық қуаттылығы жоғары жемшөп етінде шырынды қызылша, сәбіз, картоп секілді тамыр-түйнек жемістілерді береді. Бірақ бұл азықтар аттың ас қорыту жолындағы ашық үрдісін өрістеп, атқарылатын жұмысына кедергі келтіретіндіктен, олардың кӛліктік және мініс аттарына берілетін мөлшерін шектейді. Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жылқы түлікті өсіру, өркендету. Ол үшін жылқыны дұрыс бағып-күту, ұстау жүйелерін ұйымдастыру, шаруашылық жағдайында санитарлық-гигиеналық талаптарды кеңінен енгізу бұл саладағы негізгі міндеттер.
1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері
Ж.Мырзабеков пен П.Ибрагимовтың (2004 ж.) еңбектерінде жылқыларды ұстау мен әдістерін баяндады. Жылқыны республикамызда әртүрлі бағытта пайдаланады.Атап айтқанда ол күш көлігі ретінде, ет – сүт өндіру үшін, асыл тұқымды мал өсіру мақсатында, спортқа қолдану, әрі донор ретінде де пайдаланады. Жылқы күш көлігі ретінде үш бағытта қолданылады: міну, жегу және жүк арту ретінде. Жылқыны асыл тұқымды бағытта қолданудың басты міндеті-асылдандыру және асыл тұқымды жас мал өсіру. Тауарлы жылқы шаруашылығы – бұл жылқы етін, шипалы сусын – қымызды өндіреді. Арнаулы бордақыда бағып, оны сойса жылқы еті өте шипалы тағам екендігін айтпай-ақ білуге болады. Мысалы, жылқы етінде 17-ден 24 пайызға дейін белок бар, ал 1-ден 2 пайызға дейін май бар, орташа калориясы 940-1566 Дж аралығында болады екен. Ал енді жылқы майы биологиялық активті компоненттерге өте бай. Қазақстанда өсірілетін спорттық аттар дүние жүзінде басты орындар алған. Мысалы, үш дүркін олимпиада чемпионы, бірнеше рет Одақ чемпионы Абсентті айтуға болады. Бұл туралы алпысыншы жылдары Абсентті Қазақстанның бірінші жұлдызы деп атады. Н.Керімбаевтің (1968) еңбегі бойынша жылқыны бағып-күтуіне сипаттама берді. Географиялық және климаттық жағдайға байланысты әрбәр зонада жылқыны күтіп-бағудың өзіндік ерекшеліктері болады.Жылқы шаруашылығында оның екі жүйесі қолданылады:қорада және табында.Бұл жүйелерді қолдану жылқының тұқымына,шаруашылықта малды қолдану бағытына,жергілікті жердің жағдайына және шаруашылықтың экономикалық жағдайына байланысты болады. Жылқыны қорада ұстау жүйесі еліміздің барлық аудандарында асыл тұқымды,тауарлы соның ішінде қымыз өндіру кәсіпорындарында қолданылып келеді.Жылқыларды қорада ұстаудың өзі әжіреде(денникте) және топтап ұстау тәсілі болып бөлінеді. Мысалы, айғырларды, жас жаратылатын малдарды әжіреде ұстайды;асыл тұқымды және жұмысқа пайдаланатын құлынды биелерді,жарататын жас малдарды, желгіш және ауыр салмақты жылқыны әжіреде немесе секцияда ұстайды, жұмыс көлігін-қорада байлап ұстайды.
Жылқыны қорада ұстағанда міндетті түрде аттарды серуендету үшін шарбақ (паддоки)тұрғызу қажет. Айғырлар үшін шарбақтың көлемі 600 м, жас жарататын малдар үшін 400 м, ал басқа жылқы топтары үшін 200 м. Жұмыс көлігінде шарбақ тұрғызудың қажеті жоқ, бірақ малды күтіп-тазалау үшін далада оны байлайтын орын қажет.
Жылқылардың шарушылықтағы бағытына қарай жаздыкүні тәулік бойы,немесе тек күндіз жайылымда бағады да,ал түнде қорада ұстап,аздап азықтандырып қояды. Жылқыларды табындық жүйеде ұстаудың екі түрі бар: сүрыпталған табында және жетілдірген табында (жақсартылған).
Сұрыпталған табын жүйесінде жылқыларды жылдың көп уақытысында табында бағады, мұнда жынысы жағынан да, жасы жағынан да біріңғай топ болу керек.Ал жылдың суық кезінде осы топтарға қора жай салу керек.Бұл жүйені асыл тұқымды және тауарлы фермаларда қолдануға болады.
Жетілдірген табын жүйесінде жылқылар жыл бойы жайылымда – табында болады.Күннің бұзылған кезінде (-15-20 )малды жеңілдеу қора, қалқан базаларда ұстайды(айғырларға,буаз биелерге),ал қалған мал басына жайылым басында қалқан немесе уақытша бастырмалар ұйымдастырылады (ол жерде аздаған жем-шөптің қоры болуы керек). Бұл жүйе тауарлы шаруашылықтарда қолданылады. Сұрыптаған табын жүйесімен жылқыларды күтіп-баққанда енесінен құлындарды 6-7 айлық жасында ажыратуды ұйымдастыру керек. Барлық жүйелерде жылқыларды күтіп-баққанда биелердің құлындау мерзімдері бір маусымда өтеді,яғни жылдың бірінші жартысында[1].
