- •2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •3. Күтілетін нәтиже
- •4. Бағдарлама мазмұны
- •5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
- •6. Білім беру үдерісін жүзеге асыру формалары мен әдістері
- •7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерйилері
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер
- •72 Сағаттық біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспары
- •Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «28» қаңтардағы № 92 бұйрығына 14-қосымша |
«Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйым психологтарына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы
1. Кіріспе
1.«Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы (бұдан әрі бағдарлама) мектепке дейінгі ұйым психологтарын оқытуға арналған.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қажеттілігі мектепке дейінгі ұйымдар әрекетінің негізгі бағыттарын білім беру жүйесіндегі жаңғырту өзгерістерістеріне сәйкес қайта қорыту мен білім беру үдерісін педагогтер мен психологтар,қоғам, ата-ана және балалардың әлеуметтік тапсырыстарына жедел және үйлесімді жауап бере алатындай ұйымдастырумен байланысты.
3. Бағдарлама мектепке дейінгі ұйым психологтарын ерекше білім беруді қажет ететін, психикалық дамуында кемістігі бар балаларды түзету және көмек көрсету мақсатында оқытуға бағытталған.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарлама мақсаты мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау арқылы балалармен жұмыс жүргізудегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары психологтары қызметінің ақпараттық-коммуникативті, тұлғалық-психологиялық және кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.
5. Бағдарлама мақсатына жетудегі міндеттер:
инклюзивті және мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мен ұйымдастыру жолдарын қарастыру;
инклюзивті білім берудің даму мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі ДМШ) балалардың әлеуметтенуі үшін маңыздылығын ашу;
мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беру технологияларын пайдалану біліктілігін қалыптастыру;
кәсіби әрекеттерді өзіндік талдауға, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі іске асыруға қажеттіліктерін дамыту;
Ақпараттық коммуникациялық технологиялық (бұдан әрі АКТ) құзыреттілігін дамыту;
даму мүмкіндігі шектеулі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуде психологтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
жобалау мен микро оқыту барысында заманауи тұрғысынан іске асыру біліктерін қалыптастыру.
3. Күтілетін нәтиже
6. Курс соңында тыңдаушылар:
мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту бойынша нормативтік құжаттардың тұжырымдамалық негіздерін, стандартқа және үлгілік бағдарламаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісін жобалаудың негіздерін; мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдаудың қазіргі амалдарын; өз кәсіби әрекетінде инклюзивті білім берудің жүйесінің заңдылықтары мен қағидаларын; ДМШ балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің қазіргі амалдарын біледі.
2) мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісін үлгілік бағдарламаға сәйкес жобалауды; мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды; білім сапасының критериалды көрсеткіші ретінде балалардың психикалық дамуының жоғарғы деңгейін диагностикалау; жобалау мен микро оқыту барысында қазіргі амалдарын қалыптастыруды; ДМШ балалардың педагогикалық-психологиялық зерттеу әдістерін; ДМШ балалардың педагогикалық-психологиялық мінездемесін дамуын; ДМШ балалардың педагогикалық-психологиялық талдамасын жасауды; психологиялық қызметтің негізгі функциясын және педагогикалық-психологиялық іс-әрекетті ұйымдастырудың қазіргі амалдарын қолданады.
3) мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісін ұйымдастыру сапасын бағалау және диагностиканы дамытуды мониторинглеу дағдыларын; заманауи әдістермен зерттеу жүгізу және өз әрекетін талдауды; басқарушылық және педагогикалық әрекеттерді қарқындату жағдайында қазіргі АКТ меңгереді.
4. Бағдарлама мазмұны
7. Бағдарлама келесідей 5 модульден тұрады:
нормативті-құқықтық модуль;
психологиялық-педагогикалық;
мазмұндық;
технологиялық;
вариативтік.
Басшы кадрлар үшін басшыларға басқарушылық модулі қосылады.
8. Нормативтік-құқықтық модулде Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007 жыл №319-III ( 24.11.2015 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді); Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы, «Мәңгілік ел» бағдарламасы; ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы; 100 нақты қадам – ұлттық жоспарын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы негізінде мемлекеттік тілдің маңызы; Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын реттейтін нормативті-құқықтық және заңнамалық құжаттар мәселелері қарастырылады.
9. Психологиялық-педагогикалық модулде келесі тақырыптар зерделенеді:
Бала-бақша ұжымында кикілжіңдік жағдаяттарды шешудің тиімді жолдары;
Ақыл-ойы кем балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі;
Педагог-психологтың бүгінгі таңдағы тұлғалық және кәсіби қалыптасуы;
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық және педагогикалық сүйемелдеу ерекшеліктері.
10. Мазмұндық модулде төмендегідей мәселелер қарастырылады:
Балабақшадағы психологиялық қызметтің негізгі функциялары және жұмыс бағыттары;
Мектепке дейінгі ұйымдарда психодиагностиканың шаралары мен әдістерін ұйымдастыру;
Дамуында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама;
Психологтың әр түрлі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс әдістемесі;
Педагог-психологтың әрекеті жүйесіндегі психологиялық кеңес беру;
Психотерапиялық тренинг сабақтары және оларды жүргізу жолдары;
Психокоррекциялық жұмыстың мазмұны мен әдістері;
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үдерістеріндегі ауытқудың алдын-алудағы психологиялық жұмыстар;
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жанұясымен жұмыс істеу жолдары;
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмектің түрлері;
Мектепке дейінгі ұйым психологының электронды портфолиосын жасақтау жолдары.
11.Технологиялық модулде келесі мәселелер бойынша практикалық тапсырмалар орындалады:
Педагог-психологтың ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану құзырлығы;
Дағдарыс жағдайларында психологиялық көмек беру тәсілдері;
Дамыту және түзету техникалары мен технологиялары білім беруді қолдаушы фактор ретінде. Қашықтықтан оқытудың әдістемесі, қашықтықтан оқыту контентінің жаңа түрлері. (скринкаст, подкаст, вебинар).
12.Вариативті модулде тыңдаушылардың қажеттіліктеріне сәйкес белгілі бір тақырыпты таңдау мүмкіндігі беріледі:
Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психологиялық түзету-дамыту жолдары;
Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері;
Ата-аналарды психологиялық сүйемелдеу;
Тәрбиешілердің тұлғалық өзіндік дамуын педагогикалық–психологиялық сүйемелдеуі. Курс тыңдаушыларының қажеттіліктеріне сәйкес вариативті модуль көлемі 2-6 сағатқа дейін өзгеруі мүмкін.
