- •2016 Жылғы «28» қаңтардағы
- •2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •Күтілетін нәтиже
- •4. Бағдарлама мазмұны
- •5. Білім беру процесін ұйымдастыру
- •6. Білім беру процесін жүзеге асыру формалары мен әдістері
- •7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерйилері
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер
- •72 Сағаттық біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспары
- •Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
5. Білім беру процесін ұйымдастыру
14. Білім беру процесі Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 72- сағаттық оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады.
15. Білім беру процесін ұйымдастыруда тындаушылардың білімдерін бағалау мен бақылау мақсатында өзіндік жұмыс, жоба жұмысы, шағын-сабақты (шағын-шаралар) презентациялау және қорытынды тестілеу өткзіледі.
16. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарының тапсырмалары:
құзіреттілікті дамытудың бір өзекті саласы бойынша тәрбиешілермен шағын сабақ құрастыру;
оқытудың инновациялық технологияларын қолданып мектепке дейінгі топтардағы сабақтың технологиялық картасының жобасын құрастыру;
тәрбиешілерге арналған бағалау критерийлерімен деңгейлік тапсырмалар тізбегін құрастыру;
педагогикалық кеңес ұйымдастыру және өткізу бойынша бағалау критерийлерін құру;
мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларының желілік қауымдастығында парақша құру;
17. Тыңдаушылардың жоба жұмыстарының тақырыптары:
басшының кәсіби сауаттылығы - қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінін басым бағдары;
мектепке дейінгі білім беру ұйымын басқарудың қазіргі бағыттары;
мектепке дейінгі білім беру ұйымы басшылары қызметінің мазмұны;
құзыреттілік стандартын енгізу жағдайында мектепке дейінгі білім беру ұйымы басшыларынын бақылау –аналитикалық қызметі;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін жобалаудың қазіргі бағыттары;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің сапалы білім беру қызметін бағалау критерийлері;
МДҰ меңгеруші/әдіскерінің қызметін ұйымдастырушылық-мазмұндық моделдеу;
мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметінің мазмұның жоспарлау;
мектепке дейінгі білім беруде тәрбие мен оқыту мазмұнын жобалау технологиясы;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы иновациялық технологиялар және дамытушылық әдістердің тұжырымдамалық негіздері;
мектеп жасына дейінгі тұлғаны дамытуды мониторингтеу мәселесі;
мектеп жасына дейінгі балалар үшін жеке білім беру бағыттарын құрудың мәселесі;
тұлғаның құқығымен еркіндігін жүзеге асыру, білім алушыларға көмектесу және қолдау көрсету, әлеуметтік қорғау бойынша шаралар;
оқу мен дамытуда түрлі қиындықтар туындайтын балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттерін қалыптастыру процесінде М. Воскобович, Дьенеш, Г.Доман, М.Монтессори, «Step by Step» әдістерінің дамыту мүмкіндіктерін қолдану;
МДҰ тікелей, жанама, мәселелік, және дамыта оқыту;
МДҰ дамытушылық заттық- кеңістік ортасы. Іске асыру талаптары;
мектеп жасына дейінгі баланың түйінді құзыреттерін дамытуда МДҰ отбасы арасындағы байланыс;
мектепке дейінгі білім беру ұйымының менгеруші/әдіскерінін «Тайм блокноты» (мектепке дейінгі білім беру ұйымының жоспарлау жүйесін белгілейтін құжат);
18. Қорытынды тестілеуді жүргізу үшін осы бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес тест тапсырмалары анықталған.
