- •2016 Жылғы «28» қаңтардағы
- •2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •Күтілетін нәтиже
- •4. Бағдарлама мазмұны
- •5. Білім беру процесін ұйымдастыру
- •6. Білім беру процесін жүзеге асыру формалары мен әдістері
- •7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерйилері
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер
- •72 Сағаттық біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспары
- •Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 Жылғы «28» қаңтардағы
№ 92 бұйрығына 1-қосымша
Мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстарының «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы
Кіріспе
1. «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мектепке дейінгі ұйым басшыларын оқытуға арналған.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау қажеттілігі мектепке дейінгі ұйымдар әрекетінің негізгі бағыттарын білім беру жүйесіндегі жаңғырту өзгерістерістеріне сәйкес қайта қорытумен, білім беру процесін педагогтер мен тәрбиешілер қоғам, ата-ана және балалардың әлеуметтік тапсырыстарына жедел және үйлесімді жауап бере алатындай етіп ұйымдастырумен байланысты.
3. Бағдарлама мектепке дейінгі ұйым басшыларына мектепке дейінгі жастағы балалардың түйінді құзіреттерін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жаңа нормативтік құжаттарына, соның ішінде жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес білім беру процесін ұйымдастыруға қажетті білім беруге бағытталған.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарлама мақсаты білім беру процесін жобалау аясында жаңа нормативтік құжаттарға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
5. Бағдарлама мақсатына жетудегі міндеттер:
1) Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын зерделеу;
2) білім беру процесін моделдеу, ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша функционалдық сауаттылықтарын және жаңа нормативтік құжаттарға сәйкес басқару дағдыларын қалыптастыру;
3) мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беру технологияларын пайдалану біліктерін қалыптастыру;
4) мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыру сапасын бағалау және диагностиканы дамытуды мониторингтеу бойынша біліктерін қалыптастыру;
5) кәсіби әрекеттерді өзіндік талдауға, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі іске асыруға қажеттіліктерін дамыту;
6) оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша (бұдан әрі - АКТ) құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
6. Курс соңында тыңдаушылар:
1) мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту бойынша нормативтік құжаттардың тұжырымдамалық негіздерін, мектепке дейінгі ұйымдарды тиімді корпоративті басқару бойынша көрнекті шет ел зерттеушілерінің түрлі теорияларының негізгі басымдықтарын; стандартқа және үлгілік бағдарламаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесін жобалаудың негіздерін; баланы ерте жастан қарқынды зияткерлік және психикалық дамыту бойынша әлемдік ғылымның жетістіктерін; мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдаудың қазіргі амалдарын біледі;
2) қазіргі менеджмент технологияларын қолданады, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін үлгілік бағдарламаға сәйкес жобалайды, мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолданады;
3) мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыру сапасын бағалау және диагностиканы дамытуды мониторингтеу; қазіргі ғылыми зерттеулер негізінде басқару тәжірибесін жетілдіру, зерттеу жүгізу және өз әрекетін талдау дағдыларын меңгерген; басқарушылық және педагогикалық әрекеттерді қарқындату жағдайында қазіргі АКТ-технологияларын меңгереді.
