Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_1199_ndelik_tekh_prak_dlya_program_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.01 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және

ғылым министрлігі

Технологиялық тәжірибеден өту туралы

ЕСЕБІ

Орындаған: Тұраров Ә. ПВ-311б

Тексерген: Мамыров А.Қ.

Талдықорған

« Бекітемін»

Колледж директоры п.Ғ.К. Ғ.Д. Такенова

__________________

Құрастырған:

А.Ж.Инсенов директордың оқу – өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.

Колледж Кеңесінде қарастырылған және бекітілген

Хаттама № «___»_________20__ж.

Мазмұны:

  • Түсіндірме жазба.

  • Технологиялық тәжірибені ұйымдастыру.

  • Технологиялық тәжірибені басқару.

  • Тәжірибеден өтушінің міндеттері.

  • Технологиялық тәжірибенің есебі.

  • 1 қосымша.

  • 2 қосымша.

Түсіндірмелік жазба

Оқу –тәрбие үрдісінің негізгі болып есептелінетін технологиялық тәжірибеден мамандықтануды ұйымдастыру кәсіптік білім беруде жалпы білім беру мемілекеттік стандартын жүргізе асыруда кәсіптік мамандарды даярлаудың негізі болып табылады.

Студенттер оқу шеберханасындағы өндірістік оқытудың оқу бағдарламасындағы жұмыстың барлық түрлерінің қауіпсіз орындалуын оқып меңгергеннен кейін ғана, технологиялық тәжірибеге жіберіледі.

Технологиялық тәжірибенің басты міндеттері:

- арнайы пәндер бойынша оқу барысындағы алынған білімдерін бекіту;

- өндіріс жағдайында өткен оқу тәжірибеден алған білімін, шеберлігін және дағдыларын жетілдіру және қолдану;

- студенттерді тікелей кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда өндірістік үрдіспен таныстыру

-өндірісте ұйымдастыру қызметінің шеберлігіне және кәсіби ойлаудың дамуына, практикалық тәжірибеге ие болу.

- таңдаған мамандыққа қызығушылықпен сүйіспеншілікті баулу;

Технологиялық тәжірибеден өту ережесі келесі бөлімдерден тұрады;

  • түсіндірме жазба

  • технологиялық тәжірибені ұйымдастыру

  • технологиялық тәжірибені басқару

  • тәжірибеден өтушінің міндеттері

  • технологиялық тәжірибенің есебі

  • қосымша

Технологиялық тәжірибені ұйымдастыру

Студенттердің технологиялық тәжірибесі облыс немесе қала шаруашылықтарының әр-түрлі салаларындағы жекеменшіктің барлық түрлері кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде, оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу орнының полигондарында ұйымдастырылады.

Технологиялық тәжірибеге шығудың алдында студенттердің тәжірибеге шығуы туралы бұйрық шығалылады да, студенттердің өндірістегі қауіпсіздік технологиясын сақтау ережелері туралы нұсқау өткізіледі.

Тәжірибеден өтушілерді бөлу жағдайында облыс, қала кәсіпорындарымен, мекемелерімен, ұйымдармен келісім- шартқа отырғызады.

Технологиялық тәжірибемен ескерілетін жағдайлар:

  • өндірістің еңбек ұйымдастыруымен, жабдықтарымен және технологиясымен таныстыру.

  • өндірістік оқытудың оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес студенттерді кәсіпорындарында, мекемелерде және ұйымдарда немесе өндірістік шеберханаларда және оқу орнының шаруашылығында пайдалы еңбекке қатыстыру;

  • өндірістік оқыту жоспарында және бағдарламасында қарастырылған жұмысшы мамандығының біріне ие болу;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]