- •2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •3. Күтілетін нәтижелер
- •4. Бағдарламаның мазмұны
- •5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
- •6. Білім беру үдерісін жүзеге асырудың формалары мен әдістері
- •7. Оқыту нәтижелерін бағалау критреийлері
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер
- •72 Сағатқа арналған курстың оқу-тақырыптық жоспары
- •Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген міндеттемелерге сәйкес алда жоспарланған жұмыс (дұрыс емес жауапты көрсетіңіз):
A) 3-тен 6 жасқа дейінгі қазақстандық балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтуды қамтамасыз ету
B) жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне көтеру
C) мектеп түлектерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білумен қамтамасыз ету
D) орта білім беру деңгейіндегі оқушыларды замануи оқулықтармен және электронды түрде тасымалданатын оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету
E) мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты өзіндік іздеу мен терең талдау жасау дағдыларын меңгеруін қамтамасыз ету
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қандай мақсат көрсетілген:
A) жастардың бойында белсенді азаматтық көзқарас, әлеуметтік жауапкершілік, патриоттық сезімін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық сапаларды қалыптасыру
B) білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын үздік білім беру ресурстары мен технологияларымен тең дәрежеде қамтамасыз ету
C) экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, адами капиталды дамыту, білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
D) мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен балаларды жаппай қамту, олардың мектепке дайындалуы үшін, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың түрлі бағдарламаларына балалардың тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету
E) білім, ғылым мен өндірістің ықпалдасуын қамтамасыз ету, зияткерлік мүлік пен технология өнімдерін коммерциялау үшін жағдай жасау
3. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау міндеті көрсетіледі:
A) ҚР «Білім туралы» Заңында
B) ҚР «Тіл туралы» Заңында
C) Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
D) ҚР өзге тілдік білім беруді дамыту тұжырымдамасы
E) «Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту» бағдарламасында
4. «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тілдердің үштұғырлығын дамыту» бағдарламасының негізгі мақсаты:
A) көптілді тұлғаны тәрбиелеу
B) көптілді тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту
C) әлеуметтік тұлғаны тәрбиелеу
D) тілдік тұлғаны тәрбиелеу
E) тілдік және көптілді тұлғаны тәрбиелеу
5. Білім берудің гуманистік парадигмасындағы қарым-қатынас типі:
A) ынталандыру-реакция
B) субъект-объект
C) субъект-субъект
D) педагог-бала
E) педагог-бала-ата-ана
6. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың субъектілік қалыптасуы функционалдық тұрғыдан байланысты:
A) бас миының дамуымен
B) коммуникативтік мәдениетінің дамуымен
C) балалардың тікелей алаңдау, қобалжу аясының молаюымен
D) рухани-адамгершілік саласының молаюымен
E) ерік-жігерін тәрбиелеумен
7. Ғылыми және этикалық білім беруді біріктіру идеясы қандай философияның дәстүрінен бастау алады:
A) ежелгі
B) шығыстық
C) ресейлік
D) Батыс Еуропалық
E) заманауи
8. Рухани-адамгершілік тәрбие жүйесі бағамдайды:
A) адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру үдерісін
B) мораль негіздері бойынша білімді беру үдерісін
C) моральдық ұстанымдар жүйесімен танысуды
D) моральдық сапалар, мінез-құлықтың адамгершілік қыры, тәртіп дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру үдерісін
E) жалпы адами құндылықтарға тартуды
9. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту МЖМБС-да 5-6 жастағы балаларға арналған «Қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтайды» деген сипаттама қандай құзыреттілік белгісі:
A) денсаулық сақтау
B) коммуникативтік-тілдік
C) танымдық
D) шығармашылық
E) әлеуметтік
10. Шет тілін ерте жастан үйрету ... жүзеге асырылатын оқыту ретінде түсіндіріледі:
A) интуитивтік-тәжірибелік тұрғыдан
B) іс-әрекеттік тұрғыдан
C) көрнекілік-есту тұрғысынан
D) ана тілін білу негізінде
E) көрнекілік тұрғыдан
11. «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тілдердің үштұғырлығын дамыту» бағдарламасында көрсетілген мектепке дейінгі жастағы балаларды көптілді оқыту ұстанымдарының бірі:
A) түсініктілік ұстанымы
B) көрнекілік ұстанымы
C) білім беру материалдарын іріктеу жүйелілігі ұстанымы
D) сабақтастық ұстанымы
E) жүйелілік ұстанымы
12. Тілдердің үштұғырлығын дамытудағы нәтижеге жету келесі іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады:
A) қазіргі қоғамдағы заттық және әлеуметтік ортамен балаларды таныстыру
B) әдеби шығармаларды пайдалану бойынша жұмыс
C) көрнекілік материалдарын пайдалану
D) білімін кеңейту
E) ойын
13. Тілдердің үштұғырлығын дамытудың алғашқы кезеңдеріндегі педагогтардың міндеттері болып табылады:
A) балаларға қоршаған ортадағы заттарды ана тілінде таныстыру
B) балаларға қоршаған ортадағы заттарды шет тілінде таныстыру
C) балаларға қоршаған ортадағы заттарды үш тілде таныстыру
D) балаларға қоршаған ортадағы заттарды ана тілінде және шет тілінде таныстыру
E) балаларға қоршаған ортадағы заттарды ойын жағдаятында таныстыру
14. Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорын дамытудың басты бағыттарының бірі:
A) әдеби емес сөздерді жою
B) ойын жағдаяттарын пайдалану
C) шет тілінде оқу
D) шет тілінде жазу
E) аударма
15. 5 жастағы баланың белсендік сөздік қорын құрайды:
A) 2200 сөз
B) 1000 сөз
C) 500 сөз
D) 1500 сөз
E) 2000 сөз
16. Оқу жылының соңында орта жастағы балалар тобында өзге тіл бойынша лексикалық қордың көлемін құрайды:
A) 5-ке дейін санауды қосқанда 200 лексикалық бірлік
B) 5-ке дейін санауды қосқанда 100-150 лексикалық бірлік
C) 5-ке дейін санауды қосқанда 300 лексикалық бірлік
D) 5-ке дейін санауды қосқанда 250 лексикалық бірлік
E) 5-ке дейін санауды қосқанда 350 лексикалық бірлік
17. 4 жастағы балалардың үштұғырлы тілін дамыту жұмысының басты бағыты:
A) сөйлеу үлгілерін пайдалану
B) монологтың түрлеріне үйрету
C) диалогқа қатысу
D) полилогқа қатысу
E) фразаларды жаттап алу
18. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың тілін дамытудағы басты бағыттар:
A) ересектер және құрбыларымен тілдік қарым-қатынаста оларды бастамашылдық пен өзіндік іс-әрекет жасауға тәрбиелеу
B) сөйлеу әрекетіндегі дербес қабілеттерін дамыту
C) өзіндік іс-әрекетке тәрбиелеу
D) тілдік материалды толықтыру
E) шығармашылық қабілеттерін дамыту
19. Мектеп жасына дейін балаларға тілдердің үштұғырлығын оқыту мынаған негізделеді:
A) көрнекілік құралдарын пайдалана отырып, көру-есту негізінде
B) көрнекілік негізінде
C) монологтік сөйлеу
D) дербес түрде
E) ойын жағдаяттарында
20. Балаларға үш тілді оқыту кезіндегі тапсырманың басты мақсаты:
A) тілдік дағдыларды дамыту
B) жаңа тілдік материалды меңгеруге деген балалардың құлшыныстарын дамыту
C) сөйлеу дағдыларын дамыту
D) танымдық қызығушылықтарын дамыту
E) өзіндік әс-әрекетке тәрбиелеу
21. Үштұғырлы тілдерді үйрену нәтижесі нені дамытуды көздейді:
A) оқу дағдыларын
B) тұлғалық сапаларды
C) коммуникативтік сапаларды
D) тұлғалық, оқу және коммуникативтік сапаларды
E) тұлғалық, оқу, коммуникативтік, шығармашылық сапаларды
22. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар арналған:
A) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалармен және ата-аналармен өзіндік жұмыс үшін пайдалануға
B) қосымша жұмыстарға
C) топтық жұмыстарға
D) дербес және топтық жұмыстарға
E) тілдік дағдыларды дамытуға
23. Мектеп жасына дейінгі баланың тілдік қоржыны мүмкіндік береді:
A) педагогтың іс-әрекетіне баға беруге
B) лексикалық бірліктерді білуін бағалауға
C) басқа тілді меңгерудегі өзіндік тілдік құзыреттілікті бағалауға
D) тілдік құзыреттілікті бағалауға
E) басқа тілдегі сөзді түсіну деңгейін бағалауға
24. Әдістемелік жоспарда жоба әдісі көздейді:
A) тәжірибеге бағытталуды
B) мәселені шешудің ауқымдылығын анықтауды
C) жүргізілетін ізденістің нақты жоспарын құруды
D) алдын ала жоспарланған қандай да бір нысанның болуын
E) белгісізді, жаңа білімді іздеуді
25. Кешенділік сипаты бойынша жоба жұмыстарының түрлері:
A) моножоба, пәнаралық жоба
B) моножоба, сыныптық жоба
C) минижоба, қысқамерзімді жоба, апталық жоба, жылдық жоба
D) сыныптық, мектепшілік, аймақтық, халықаралық жоба
E) моножоба, сыныптық жоба, мектепшілік, аймақтық, халықаралық жоба
26. Жобалау кезеңдерінің «5П» формуласы:
A) мәселе, ізденіс, жоспарлау, өнім, таныстырылым
B) мәселе, жоспарлау, ізденіс, өнім, таныстырылым
C) мәселе, жоспарлау, ізденіс, таныстырылым, өнім
D) жоспарлау, мәселе, ізденіс, өнім, таныстырылым
E) ізденіс, мәселе, жоспарлау, өнім, таныстырылым
27. Балалар тобы өз жұмыстарының нәтижесі туралы баяндайды. Әңгіме жоба дайындаудың қай кезеңі туралы болып отыр:
A) тақырыпты анықтау
B) жоспарлау
C) нәтижені ресімдеу
D) жоба таныстырылымы
E) зерттеу жұмысына қажетті ресурстарды іздестіру
28. МДҰ АКТ мүмкіндіктерін пайдаланудың негізгі мақсаты:
A) баланы компьютермен жұмыс жасауға үйрету
B) баланың «ақпараттық шынайылық» іс-әрекеті мен өмірге дайындығын, оны жан жақты дамыту
C) ғаламторда жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
D) баланың бойында АКТ құзыреттілігін қалыптастыру
E) компьютерлік ойын бағдарламаларымен жұмыс дағдыларын дамыту
29. Сандық білім беру ресурсын белгілеңіз:
A) көркем әдебиет
B) оқулықтар мен оқу құралдары
C) электрондық оқулықтар, таныстырылым, флипчарт, мультимедиялық оқу құралдары
D) ғаламтор
E) планшет, ноутбуктер
30. Презентацияның ағымдағы слайдына аудиоклипті (дыбыстық файл) қосудың дұрыс алгоритмін көрсетіңіз:
A) презентация бағдарламасының мүмкіндіктерімен мұны жасауға болмайды
B) 1. Аудиоклипті қосқыңыз келген қажетті слайдты басу
2. Вставка қосымшасынан Объект командасын таңдау.
3. Ашылған терезеден қажетті объект типін таңдап, Вставить командасын басу
C) 1. Аудиоклипті қосқыңыз келген қажетті слайдты басу.
2. Вставка қосымшасындағы Мультимедиа тобынан Звук командасын таңдау.
3. Звук из файла пунктін таңдап, файл сақталған папканы көрсету, қосқыңыз келген қажетті файлға екі рет басу
D) 1. Аудиоклипті қосқыңыз келген қажетті слайдты басу
2. Вставка қосымшасындағы Мультимедиа тобынан Видео командасын таңдау.
3. Видео из файла пунктін таңдап, файл сақталған папканы көрсету, қосқыңыз келген қажетті файлға екі рет басу
E) аудиоклипті қосу үшін Настройка действий командасын пайдалану
Тест тапсырмаларының жауабы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
d |
с |
с |
b |
с |
с |
а |
е |
b |
b |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
с |
а |
с |
а |
а |
b |
b |
b |
а |
b |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
d |
а |
с |
с |
а |
b |
d |
b |
c |
с |
