Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12-МДП аылшын тілі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.18 Кб
Скачать

21

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «28» қаңтардағы

№ 92 бұйрығына 12-қосымша

«Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшын тілі педагогтеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы

1. Кіріспе

1. «Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшын тілі педагогтерін оқытуға арналған.

2. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мектепке дейінгі кезеңмен қоса білім берудің барлық деңгейлерінде тілдерді одан әрі дамыту мен қолдануды бағамдайды. Қазақстан Республикасының Президенті балалардың қазақ және орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін де үйренуіне жағдай жасаудың қажеттігін атап көрсетті. «Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту» бағдарламасында және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» (2012) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында тілдерді оқытудың отандық жүйесін жаңартудың қажеттілігі көрініс тапты.

3. Білім беру бағдарламасы педагогтер бойында мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытуда пәндік дайындықты қалыптастыру және өзінің жұмыс тәжірибесін сын тұрғысынан бағалау, жаңа әдістерді таңдауға мүмкіндік беруге бағытталған.

2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының жаңаруы жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттерін дамыту.

5. Бағдарлама мақсатына жетудегі міндеттер:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының жаңаруына негізделген ҚР мемлекеттік саясатының түйінді басымдықтары мен бағыттарын меңгеру.

2) мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту контексінде мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу-іс-әркекеті мен пәндік-дамытушы ортаны жобалау дағдыларын дамыту;

3) мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытуда және өзіндік кәсіби қызметінде жобалау әдісі мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану ( бұдан әрі –АКТ) пайдалану бойынша құзыреттерді қалыптастыру.

3. Күтілетін нәтижелер

6. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар:

1) білім беру мазмұнының жаңаруына негізделген ҚР мемлекеттік саясатының түйінді басымдықтары мен бағыттарының мән-мағынасын; білім беру мазмұнының жаңаруы контексінде ағылшын тілін оқыту үдерісінде баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеу мен ағылшын тілінің оқытылу мазмұнын «Өзін-өзі тану» пәнімен ықпалдастырудың маңыздылығын біледі;

2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнындағы ұстанымдар мен тәсілдемеге сай келетін, мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытуда пайдаланылатын тиімді педагогикалық технологияларды; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарына сәйкес ағылшын тілі мұғалімдерін бақылау-бағалау қызметінің нысандарын қолдана алады;

3) мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін деңгейлік оқыту контексінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен пәндік-дамытушы ортаны жобалау, ағылшын тілін үйретуде мектеп жасына дейінгі балалардың жетістіктерін критериалдық бағалау, ағылшын тілін оқытудағы жаңа тәсілдеме контексінде оқыту мен сабақ беру тәжірибесін бағалау дағдыларын меңгереді.

4. Бағдарламаның мазмұны

7. Білім беру бағдарламасы 5 модульден тұрады:

  1. нормативтік-құқықтық;

  2. психологиялық-педагогикалық;

  3. мазмұндық;

  4. технологиялық;

  5. вариативтік.

Басшы мамандар үшін қосымша басқарушылық модуль енгізіледі.

8. Нормативтік-құқықтық модульде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңы (24.11.2015 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен), «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», Ұлт жоспары – 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі мемлекет, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ерте жастан тілдерді үйретуді қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

9. Психологиялық-педагогикалық модульде келесі тақырыптар зерделенеді:

  1. ағылшын тілін оқыту үдерісінде баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;

  2. мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ерекшеліктері;

  3. рухани-адамгершілік білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері; ағылшын тілін оқыту мазмұнын «Өзін-өзі тану» пәнімен ықпалдастыру тақырыптары қарастырылады.

10. Мазмұндық модульде төмендегідей мәселелер қарастырылады:

  1. мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту, тілдерді деңгейлік оқытуды ұйымдастырға қойылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптары;

  2. мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін құрылымдау;

  3. мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудағы ойын технологиясы; ағылшын тілін үйрету контексінде мектеп жасына дейінгі балаларға сөйлеу әрекетінің түрлерін оқытудың ерекшеліктері;

  4. ағылшын тілін оқыту үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту;

  5. ағылшын тілін үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардың жетістіктерін бағалау;

  6. мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби қызметі мәселелері қарастырылады.

11. Технологиялық модульде келесі бойынша қарастырылады:

  1. мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық технологияның мүмкіндіктері;

  2. қашықтықтан оқытудың әдістемесі,

  3. қашықтықтан оқыту контентінің жаңа түрлері (скринкаст, подкаст, вебинар) туралы мәліметтер беріледі.

12. Вариативтік модульде тыңдаушыларға олардың қажеттіліктеріне қарай келесі тақырыптарды таңдау мүмкіндігі беріледі:

  1. мектеп жасына дейінгі баланың тілдік қоржыны балаларға ағылшын тілін оқыту технологиясы ретінде;

  2. мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ағылшын тілі оқу бағдарламасы;

  3. мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту контексінде баланың жобалау іс-әрекеті тақырыптарының бірін таңдауға мүмкіндік беріледі.

Тыңдаушылардың сұраныстарына орай вариативтік модуль 2-ден 6 сағатқа дейін өзгеруі мүмкін.