- •2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •3. Күтілетін нәтижелер
- •4. Бағдарламаның мазмұны
- •5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
- •6. Білім беру үдерісін жүзеге асырудың формалары мен әдістері
- •7. Оқыту нәтижелерін бағалау критреийлері
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер
- •72 Сағатқа арналған курстың оқу- тақырыптық жоспары
- •Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
7. Оқыту нәтижелерін бағалау критреийлері
21. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері мен бағдарлама мазмұнын игеру параметрлері жасалады.
22. Өзіндік жұмыстарды жүргізу үшін келесі критерийлер мен параметрлер қолданылады (іске асырылмады – 0 балл; жартылай іске асырылды – 1 балл; толық іске асырылды – 2 балл):
1) бағдарламаның мазмұнын игеру;
2) теориялық білімдерді практикалық міндеттерді орындауда қолдану;
3) берілген материалдың практикалық маңыздылығы;
4) мәселені жеткізудің негізділігі, толықтығы және нақтылығы;
5) талаптарға сай ресімделуі.
23. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысты орындауы бойынша білімдері бес балдық жүйеге көшіру арқылы бағаланады:
1) «Үздік»: 9-10 балл (85-100%);
2) «Жақсы»: 7-8 балл (75-84%);
3) «Қанағаттанарлық»: 5-6 балл (50-74%).
24. Жоба жұмыстарын жүргізу үшін келесі критерийлер (1,2 балл) мен параметрлер анықталады:
мәселені түсінеді және мәселені таңдауын түсіндіреді;
жағдаятты талдау негізінде қарама-қайшылықты атады;
мәселенің болу себебін атады;
мәселені тұжырымдап, оның себебін талдады;
мақсатты тұжырымдайды және түсінеді;
міндеттер мақсатқа сай келеді;
мақсатқа жетуге сендіретін амал-тәсілді ұсынды;
мәселені шешудің амал-тәсілдерін ұсынды;
стратегия ұсынды;
жобамен жұмыс туралы әңгімеледі;
іс-әрекеттің жүйелілігін анықтады;
қадамдарды ұсынды және кейбір ресурстарды көрсетті;
ресурстарды дәлелдеді;
ағымдағы бағылауды жоспарлады;
күтілетін нәтижемен өнімді салыстырды;
ішкі ойымен өнімнің сәйкестігі туралы қорытынды шығарды;
өнімді бағалау үшін критерийлер ұсынды;
критерийлерге сәйкес өнімді бағалады;
критерийлер жүйесін ұсынды;
алынған нәтижелердің мәнін ашты;
күтілетін өнімді сипаттады;
өнімді қалай пайдаланатындығын әңгімеледі;
өнімді тұтынушылар мен пайдалану саласын дәлелдеді;
өнімді пайдалану бойынша ұсыныстар берді;
өнімнің таралуын жоспарлады немесе оны қолдану шекарасын көрсетті.
25. Тыңдаушылардың жоба жұмысын орындауы бойынша білімдері бес балдық жүйеге көшіру арқылы бағаланады:
1) «Үздік»: 47-50 балл (85-100%);
2) «Жақсы»: 36-46 балл (75-84%);
3) «Қанағаттанарлық»: 25-35 балл (50-74%).
26. Шағын сабақты таныстыру кезінде курс тыңдаушылары білім беру мазмұнын жаңартуды есепке ала отырып жоспарлау мен оқыту әрекеттері ретінде әртүрі кезеңдегі сабақ, шараның фрагментін береді.
27. Шағын сабақты таныстыру кезінде келесі критерийлер (дағдылардың қалыптасу деңгейлері: 0 балл – бұл сабаққа пайдаланылмайды; 1 балл – алынған дағды; 2 балл – дамытылған дағды; 3 балл – қалыптасқан дағды) және параметрлер анықталады:
1) ақпаратты нақты және қысқаша береді;
2) айқын және егжей-тегжейлі нұсқаулар береді;
3) Қатысушылардың түсінуін рексереді;
4) белсенді тыңдайды (қайта өңдейді, қорытады, нақтылайды);
5) сабақта уақытты тиімді басқарады;
6) тиімді кері байланыс жасайды;
7) өзара сыйластық, ынтымақтастық және қолдау климатын құрады;
8) оқыту мақсатын анықтайды және қатысушылардың іс-әрекетіне орынды араласады;
9) оқытудың белсенді стратегиялары мен жаттығуларды орынды және тиімді пайдаланады;
10) қатысушылардың сұрақтарына жауап береді, мәселелерді және түсінбеушіліктерді шешеді;
11) ашық сұрақтар қолданады;
12) талқылауды/тапсырмаларды орындауды тиімді аяқтайды және оқытудың кезеңдері арасында сабақтастық байланысты жасайды;
13) ойлануға және өзіндік бағалауға жеткілікті уақыт береді.
28. Тыңдаушылардың шағын сабақтың (шағын шараның) таныстырырылымы бойынша білімдері бес балдық жүйеге көшіру арқылы бағаланады:
1) «Үздік»: 35-39 балл (85-100%);
2) «Жақсы»: 29-34 балл (75-84%);
3) «Қанағаттанарлық»: 20-28 балл (50-74%).
