- •2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •3. Күтілетін нәтижелер
- •4. Бағдарламаның мазмұны
- •5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
- •6. Білім беру үдерісін жүзеге асырудың формалары мен әдістері
- •7. Оқыту нәтижелерін бағалау критреийлері
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер
- •72 Сағатқа арналған курстың оқу- тақырыптық жоспары
- •Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «28» қаңтардағы № 92 бұйрығына 15-қосымша |
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымның дене тәрбиесі нұсқаушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың дене тәрбиесі нұсқаушыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы
1. Кіріспе
1. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымның дене тәрбиесі нұсқаушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) мектепке дейінгі ұйымдардың дене тәрбиесі нұсқаушыларын оқытуға арналған.
2. Оқу бағдарламасын әзірлеудің өзектілігі біліктілікті арттыру жүйесі мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене тәрбиесі нұсқаушыларының кәсіби дамуының жағдайын жетілдіру қажеттілігінен туындайды. Дене тәрбиесі нұсқаушыларының кәсіби міндеттері баланың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы сақтауды қалыптастыруға, бала ағзасының функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған.
3. Білім беру бағдарламасы өз кәсіби мүмкіндіктері негізінде педагогтердің дене шынықтыру-сауықтыру іс-әрекетін құру қабілеттілігі мен инновациялық іс-әрекетін дамытуға бағытталған.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты - «Денсаулық» білім беру саласын жүзеге асыру бойынша тиімді іс-әрекетті қамтамасыз ететін дене тәрбиесі нұсқаушыларының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.
5. Бағдарлама мақсатына жетудегі міндеттер:
1) білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық идеяларының мәнін түсінуге ықпал ету;
2) мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерісті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің маңыздылығы туралы түсінікті қалыптастыру;
3) өз денсаулығына саналы қатынасты мектеп жасына дейінгі балаларда қалыптастыруға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жобалаудың дағдыларын дамыту;
4) дене шынықтыру-сауықтыру жұмысында тиімді педагогикалық, IТ технологияларды қолдану мен таңдау бойынша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру;
5) курстан кейінгі кезеңде үздіксіз кәсіби құзыреттілігін дамытуға ынталандыру.
3. Күтілетін нәтижелер
6. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар:
1) білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық идеяларының мәнін: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуының басымды бағыттарын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңартылған мазмұнын, білім беру үдерісінде баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің маңыздылығын біледі;
2) дене шынықтыру-сауықтыру технологияларын қолдану мен мектепке дейінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМББ) стандартының білім беру салаларын интеграциялау принципын есепке алып тәрбиелеу мен білім беру үдерісін жобалауды; мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың физикалық дамуы мен денсаулығының мониторингін; өз денсаулығына саналы қатынасты балада қалыптастыру тәсілі ретінде зерттеушілік жобаны әзірлеуді; кәсіби қызығушылықтар мен қиындықтар саласында өздігінен даму мен өз бетімен білім алу жоспарларын жобалауды қолдана алады;
3) білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық идеяларын енгізу контекстінде дене шынықтыру-сауықтыру іс-әрекетін оқу-әдістемелік сүйемелдеуді әзірлеу; дене шынықтыру-сауықтыру жұмысында тиімді педагогикалық (оның ішінде АКТ) қолдану мен таңдау бойынша оқытудың түрлері, әдістері, құралдарының таңдалуын негіздеу; жаңа кәсіби ролді жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерді өздігінен бағалау дағдыларын меңгереді.
4. Бағдарламаның мазмұны
7. Білім беру бағдарламасы 5 модульден тұрады:
нормативтік-құқықтық;
психологиялық-педагогикалық;
мазмұндық;
технологиялық;
вариативтік.
8. Нормативтік-құқықтық модульде «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», Ұлт жоспары – 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі мемлекет.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңы (24.11.2015 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім және тәрбие беру жүйесін дамыту құру мәселелері қарастырылады.
9. Психологиялық-педагогикалық модульде келесі тақырыптар зерделенеді:
мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісінде баланы психологиялық педагогикалық сүйемелдеу;
мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ерекшеліктері;
адамгершілік-рухани білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері;
«Өзін-өзі тану» пәнінің мектепке дейінгі білім беру мазмұнымен интеграциясы тақырыптары қарастырылады.
10. Мазмұндық модульде төмендегідей мәселелер қарастырылады:
Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім берудің жаңартылуының заманауи тенденциялары;
өз денсаулығына балалардың саналы қатынасын қалыптастырудың психологиялық негіздері;
мектепке дейінгі ұйымдардағы дене шынықтыру-сауықтыру технологиялары;
«Денсаулық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу әрекетін құрастыру;
мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың физикалық дамуы мен денсаулығының мониторингі;
мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің отбасының жағдайы мен өмір салтының әлеуметтік-гигиеналық скринингі;
мектепке дейінгі ұйымның дене тәрбиесі нұсқушысының кәсіби-тұлғалық дамуы мәселелері қарастырылады.
11. Технологиялық модульде келесі тақырыптар қарастырылады:
мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері мен ролі;
қашықтықтан оқытудың әдістемесі, қашықтықтан оқыту контентінің жаңа түрлері ( скринкаст, подкаст, вебинар); оқытудың жобалау әдісі;
мектепке дейінгі ұйымда жобалау әдісін қолдану туралы мәліметтер беріледі.
12. Вариативтік модульде тыңдаушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келесідей тақырыптарды таңдау мүмкіндігі беріледі:
балабақшадағы фитбол;
мектеп жасына дейінгі балаларда майтабан мен сколиоздың алдын-алу;
балабақшадағы ойындық стретчинг;
балабақшадағы денсаулықты сақтау технологиялары;
мектеп жасына дейінгі балалардың кіріктірілген ұйымдастырылған оқу әрекеті;
дене шынықтыру-сауықтыру жұмысындағы арт-терапия; ұлттық қимылды ойындар;
балабақшадағы психогимнастика тақырыптарының бірін таңдауға мүмкіндік беріледі.
Тыңдаушылардың сұраныстарына орай вариативтік модуль 2-ден 6 сағатқа дейін өзгеруі мүмкін.
