Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-МДБ-Менеджмент.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.69 Кб
Скачать

Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» 11.11.2014 ж. атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланды:

А) жаңа экономикалық саясат;

В) экономикалық құрылымдық реформасы;

С) баға саясаты;

D) құрылымдық-инвестициялық саясат.

2. Инклюзивті білім беру негізіне қойылған ұстаным, қамтамасыз етеді:

А) білім беру қызметтеріне қолжетімділікті;

В) кез келген дискриминацияны (кемсіту, құқығын шектеу) жоюды;

С) дарынды балалар үшін арнайы ортаны;

D) ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы жекеленген ортаны.

3. Қазақстан Республикасында баланың негізгі құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін заңнамалық құжатты анықтаңыз:

А) Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңы;

В) Баланың құқығы туралы Конвенция;

С) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

D) ҚР Конституциясы.

4.Балалардың жас мөлшері бойынша топтарды жасақтағанда мектепке дейінгі ұйымдар басшылыққа алатын құжаттарды белгілеңіз(бірнеше дұрыс жауап болуы мүмкін):

А) Санитарлық ережелер мен нормалар.

В) Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі "Балапан" бағдарламасы;

С) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

D) ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

5. Базистік оқу жоспары мектепке дейінгі ұйымда нені нормалайды /мөлшерлейді/:(бірнеше дұрыс жауап болуы мүмкін)

А) баланың сабақтағы оқу жүктемесінің минимальды көлемін;

В) оқу үдерісінің ұзақтығын;

С) педагогикалық үдерісінің ұзақтығын;

D) білім беру әрекетін жоспарлау.

6. Басшылық стилі - бұл:

A) басшының қызметкерлерге ықпал ететін тәсілі, әдістер жүйесі; 

B) адамды бағындыру мақсатында басқару.

C) манипулятивтік қарым-қатынас түрі;

D)мақсатқа жету үшін адамды уәждеу.

7. Басқарудың директивтік стильдегі әдісінің басымдығы неде болып табылады?

A) бұйрықтар, ескертулер, сөгіс жариялау, әр түрлі жеңілдектерден айыру.

B) өтініштер, ұсыныстар, кеңестер, мадақтаулар.

C) басшы жағынан жеке даралық жауапкершілікті азайту. 

D) жұмысқа деген бақылаудың болмауы.

8. Педагогтің өз мінез-құлқын басқара білуімен байланысты педагогикалық техниканың компонентін көрсетіңіз:

A) дидактикалық біліктері;

B) ұйымдастырушылық біліктері;

C) конструктивтік және коммуникативтік біліктері;

D) көңіл-күй мен эмоцияны басқару.

9. Кәсіби деңгейлерді өсу ретімен орналастыр:

А) кәсіби сауаттылық;

В) кәсіби біліктілік;

С) кәсіби құзыреттілік;

Д) кәсіби мәдениет.

А) д, с, в, а

В) а, в, с, д;

С) а, с, в, д;

D) а, в, д, с.

10. 3 жастағы кризиске не тән (Л.С.Выготский бойынша):

А) 7 мінездеме;

В) 5 мінездеме;

С) 3 мінездеме;

D) 4 мінездеме.

11. Мектепке дейінгі ұйымда басқарушылық функцияларды орындалу ретімен орналастырыңыз:

А) шешімдерді әзірлеу және қабылдау;

В) жоспарлау;

С) ұйымдастыру;

Д) бақылау.

А) а-в-с-д;

В) в-а-с-д;

С) в-с-д-а;

D) в-а-с-д.

12. «Бақылау» және «анализ» түсініктерінің ара қатынастығын анықтаңыз:

А) бұл синонимдік түсініктер;

В) бір-бірімен байланыс жоқ;

С) бақылау шарасы анализ жасауды болжайды (мысалы: нәтижені алу себептерін айқындау);

D) бақылау және анализ – бұл әр түрлі шаралар, бірақ бір-бірін толықтырады.

13. Бақылау – бұл:

А) жұмыстағы шынайы жағдайды зерделеу және оны қойылған міндеттермен салыстыру;

В) алынған нәтижені бағалау;

С) нәтижеге жеткізген себептерге анализ жасап, себеп-салдар байланысын анықтау;

D) бақылау жүйесі мен білім беру үдерісінің мақсаттар мен міндеттерге қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестігі.

14. Мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмыстың жалпы бағыттары: (артығын алып тастаңыз):

A) тәрбиешілердің тиіділігі жоғары жүйесін жасау, оларды біліммен байыту;

B) оқу –тәрбие үдерісін бақылау және талдау;

C) озық тәжіриебені жалпылау және тарату;

D)педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін құру.

15.Мамандардың баланың денсаулығын кешенді диагностикалау мен зерттеуі нені қамтиды(артығын алып таста)?

A)МДҰ медициналық қызметкердің балаларды қарауы;

B)күні бойы балалардың қимыл белсенділігін тиімді бөлуін зерделеу;

C)МДҰ логопедімен тілдік және тілдік емес тынытауының диагностикасы;

D)баланың ата-аналарымен әңгімелесуде, сабақ барысында қимыл белсенділік, және қимыл координациясының ауытқышулығы бар екенін анықтау.

16. Джон Локк ұсынған жүйе:

A) адамның табиғи еркін дамуы;

B) джентельменді тәрбиелеу;

C) еңбек пен оқытуды біріктіру.

D) ұжымдық тәрбие беру идеясы.

17. Инновациялық үдерістің даму кезеңдерінің дұрыс бірізділігін белгілеңіз:

1) мақсаттандыру;

2) идеяның тууы;

3) МДҰ жағдайында жаңа идеяны құрастыру;

4) МДҰ жағдайында жаңа инновациялық идеяларды тарату немесе кері тарту.

А) 1-2-3-4;

В) 2-1-3-4;

С) 3-1-2-4;

D) 4-3-2-1;

18.Перспективтік жоспар неге мүмкіндік береді:

А) жыл бойы МЖББС талаптарын орындау;

В)жыл бойы балаларды оқыту және тәрбие беру бағдарламасының барлық тақырыптарын толығымен қарастыру;

С) мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттерін дамытуға бағытталған базистік және қосымша білім беруді ақылмен үйлестіруге тырысу;

D) мектепке дейінгі ұйымның ұзақ мерзімге қойылған мақсаттарды кезеңмен орындау жүйесін жасау.

19. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі ұстанымын атаңыз:

А) нәтижелік;

В) бейімділік;

С) табыстылық;

D) нақтылық.

20. Оперативтік жоспарлауға жатпайтындар:

A) топтағы балалардың дамуының диагностикалық карталары;

B) мектепке дейінгі ұйымының түлегінің үлгісі;

C) топтағы балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастырудың циклограммасы;

D) технологиялық карта.

21. Мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспары:

А) белгілі мақсаттары бар, өзіндік бастамаларды іске асыру бойынша адамдардың біріккен әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі;

В) мақсаттарға жету үдерісіне ықпал етеді, ол үшін қажетті біріккен әрекетті белгілейді және адамдар арасында оны бөлу немесе уақытты үйлестіру тәсілі;

С) білімдендіру қызметтің кепілденген деңгейін белгілейтін нормативтік құжаты;

D) белгіленген мақсатқа жету үшін педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірлесіп белгілейтінүдерістіңүздіксіздігін қамтамасыз етеді.

22. Мектепке дейінгі ұйымда білімдендіру үдерісі неге сәйкес ұйымдастырылады:

А)оқу жоспарымен, мектепке дейінгі ұйымның Жарғысымен;

В)оқу жоспарымен, оқу бағдарламасымен;

С)оқу жоспарымен, оқу бағдарламасымен, мектепке дейінгі ұйымның Жарғысымен;

D) мектепке дейінгі ұйым Жарғысымен, оқу бағдарламасымен.

23. Жылдық жоспардың қай бөлімі әдістемелік кабинеттің жұмысына жатады?

А) aта-аналармен жұмыс;

В) oзық тәжіриебені жалпылау, оқып меңгеру;

С) демалыс кезіндегі ұйымдастырушылық жұмыстар;

D) әдістемелік және оқу құралдарын, спорттық құралдарды, ойынға арналған жабдықтарды сатып алу.

24.МЖМББС талаптарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымында мониторинг өткізіледі:

А) ай сайын және алынған нәтижелер мектеп жасына дейінгі балалардың деңгейлік дамуын жақсарту үшін талдау жасалады;

В) тоқсанына 1 рет өткізіледі және алынған нәтижелер мектеп жасына дейінгі балалардың деңгейлік дамуын жақсарту үшін талдау жасалады;

С) жартыжылдықта 1 рет өткізіледі және алынған нәтижелер мектеп жасына дейінгі балалардың деңгейлік дамуын жақсарту үшін талдау жасалады;

D) ұйымның қалауы бойынша.

25. Мектепке дейінгі ұйымның аттестациясы – бұл:

А) МДҰ әрекетінің тақырыптық тексерісі;

В) МДҰ әрекетіннің МДҰЖМБС талаптарына сәйкес келуін кешенді сараптау;

С) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың жүзеге асырылуын бақылау;

D) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын мазмұнын жүзеге асырылуын бақылау;

26. Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестация неше кезеңде жүзеге асырылады :

А) 4 кезеңде;

В) 3 кезеңде;

С) 2 кезеңде;

D) 1 кезеңде.

27.Педагогикалық қызметкерлерін аттестациядан өту ережелеріне сәйкес міндетті аттестацияның кәсіби біліктілігін растаудан босатылады:

А) зейнеткерлік жасына жеткен адамдар;

В) мемлекеттік және ведомствалық марапаттарына ие болған білім беру саласының қызметкерлері;

С) кәсіби сайыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары;

D) лауазым бойынша 2 жылдан кем жұмыс істеген, аяғы ауыр, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы педагогикалық қызметкерлер.

28. Жобаны құрастыру кезеңдері мен әрекеттің арасындағы сәйкестік бірізділігін белгілеңіз:

1) 1 кезең а) ақпаратты жинау

2) 2 кезең в) жоба презентациясы

3) 3 кезең с) мәселе

4) 4 кезең д) өнім-жоба

5) 5 кезең ж) жобалау

6) 6 кезең з) портфолио

(жуапты жұп түрінде жазу: сан–сәйкес әріп)

А)1– в, 2–с, 3–д, 4–ж, 5–а, 6–з;

В)1–ж, 2–а, 3–д, 4–з, 5–с, 6–в;

С)1–с, 2–а, 3–ж, 4–д, 5–в, 6–з;

D)1–в, 2–ж, 3–д, 4–с, 5–а, 6–з.

29. Жобалау әдісі – бұл:

А) қандай да бір тәсілмен рәсімделген, шынайы практикалық нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені әзірлеу арқылы дидактикалық мақсаттарға қол жеткізу тәсілі;

В) мәселелі ахуал жағдайында педагогтердің белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру;

С) педагогтердің зерттеушілік қызметі;

D) күнделікті өмір үшін өзекті қанадай да бір мәселені шешу.

30. Жоба ойлаудан жүзеге асырылып біткенге дейін қандай кезеңдерден өтетінін көрсетіңіз:

А) әзірлеу, жүзеге асыру, нәтижелерді бағалау, таныстырылым;

В) ұйымдастыру, әзірлеу, жүзеге асыру, таныстырылым;

С) ұйымдастыру, әзірлеу, нәтижелерді бағалау, таныстырылым;

D) жобалауды ұйымдастыру, әзірлеу, жүзеге асыру, нәтижелерді бағалау және жобаны жүзеге асыру салдары

31. Ұсынылған MS Word редактор командасының артығын алып тастаңыз /белгілеңіз/:

А) мәтін бөлігін алып тастау;

В) мәтін бөлігін көшіріп алу;

С) мәтін бөлігін ауыстыру;

D) мәтін бөліктерін біркелкі ету тәсілдерін өзгерту.

32. Microsoft Power Point құралдары арқылы анимация жасау кезеңдерін дұрыс ретте қойыңыз:

1)"Аниамация" астарлы бетін таңдау

2) "Эффект қосу" батырмасын басу

3) слайдқа нысанды қою

4) "Анимация қою" есеп аймағын ашу.

А) 1; 2; 3; 4

В) 3; 1; 4; 2

С) 3; 4; 1; 2

D) 2; 1; 4; 3

33. Пайдаланушылардың мүдделері үшін ақпаратты өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу және қолдану мақсатында интеграцияланған өндірістік үдерістер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың, әдістердің жиынтығы

А) интерактивті технологиялар;

В) ақпараттық технологиялар;

С) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

D) коммуникациялық технологиялар.

34. «Step by step» бағдарламасы балаларға арналған:

А) 3 - 6 жастағы;

В) 3 - 5 жастағы;

С) 1 – 6 жастағы;

D) 0 - 12 жастағы.

35. «Step by step» технологиясының пәндік-дамыту ортасы келесі объектілерді енгізеді (артығын алып таста):

А) көркемдік-эстетикалық даму;

В) әлеуметті-тұлғалық даму;

С) шынықтыру-сауықтыру;

D) пәндік әрекеттік.

36. «Step by Step» технологиясының аясында «өзекті даму» аймағы келесі тақырыппен негізделеді:

А) қандай тапсырмаларды бала үлкеннің көмегімен орындай алады;

В) қандай тапсырмаларды бала өздігінен орындай алады;

С) бала күрделі тапсырмаларды таңдайды;

D)қандай тапсырмаларды бала үлкеннің көмегімен өздігінен орындайды.

37. М.Монтессори жүйесінің (технологиясының) ерекшелігі:

А) сабақ;

В) ойын;

С) ортаға ену;

D) өзіндік әрекет.

38. М. Монтессори педагогикалық ұстанымына жатпайды:

А) оқытуды жеке дараландыру;

В)баланың еркін дамуы;

С)баланың потенциалдық мүмкіншіліктерін айқындау, есепке алу;

D) «дайындалған ортамен» әрекет ету.

39. Монтессори-педагогтің негізгі міндеті:

А)балаға өз әрекетін ұйымдастыруға көмектесу;

В)бес білім саласы аясында құзыреттілігін дамыту;

С)білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;

D) шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жағдай туғызу.

40. Мектепте білім беру мазмұнының тәрбиелеу идея ортасының (мәдениетті-дамытушылық,педагогикалық)ерекшелігі:

А) Р.Оуэннің «ең кішкентайларға»;

В) ВВI«жедел даму»;

С) М. Монтессори;

D) Р.Штайнер.

Ескертпе:

Тест тапсырмаларының кілті.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

A

B

D

AD

AB

C

C

D

D

C

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

A

A

D

A

A

В

B

D

A

B

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

B

C

B

C

B

C

A

C

A

D

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

D

B

B

D

D

B

C

C

A

C