- •2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •3. Күтілетін нәтижер
- •4. Бағдарлама мазмұны
- •5. Білім беру процесін ұйымдастыру
- •6. Білім беру процесін жүзеге асыру формалары мен әдістері
- •7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер
- •72 Сағаттық біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспары
- •Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «28» қаңтардағы № 92 бұйрығына 3-қосымша |
Мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық менеджмент» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы
1. Кіріспе
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық менеджмент» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мектепке дейінгі ұйым басшыларын оқытуға арналған.
2. Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру үдерісін жаңа жалпы білім беру Типтік бағдарламасына сәйкес жобалау білім беру жүйесінде болып жатқан жаңартуларға, білім берудегі менеджментті жетілдіруге байланысты мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің негізгі бағыттарын қайта ойластыру қажеттілігінде болып отыр.
3. Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдар басшыларын заманауи мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы менеджменттің ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы қажетті білім мөлшерін оқытуға; стратегиялық жобалау кәсіби дағдыларын дамытуға; мектепке дейінгі ұйымындағы болып жатқан үдерістерді жүйелі модельдеуге; педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға үйретуге бағытталған.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңарту аясында педагогикалық менеджмент мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйым басшыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.
5. Бағдарлама мақсатына жету үшін келесі міндеттер айқындалған:
1) мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асыру тетіктері туралы білімдерін жүйелеу;
2) менеджмент тұрғысынан нәтижеге бағытталған мектепке дейінгі ұйым қызметін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырудың тетіктері мен жолдары туралы тұтас түсінікті қалыптастыру;
3) балаларды ерте дамыту бойынша басқарушылық қызметтің психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білім деңгейлерін арттыру;
4) менеджмент, мектепке дейінгі ұйым қызметін талдау және басқарушылық шешімдер қабылдау тұрғысынан мектепке дейінгі ұйымды дамытуды басқару; инновациялық үдерістерді енгізуді басқару дағдыларын дамыту;
5) әлеуметтік серіктестермен сындарлы қарым-қатынас құру дағдысын дамыту;
6) кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту;
7) мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісіне денсаулық сақтау технологиясын интеграциялау.
3. Күтілетін нәтижер
6. Курс соңында тыңдаушылар:
1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын;
мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды;
менеджмент теориясының әдіснамалық негіздерін;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының даму бағыттары мен қағидаттарын, ұйымның қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері ұжымының әрекетін, білім беру үдерісін басқарудың негізгі функциялары;
жанжалсыз үйлесімді қарым-қатынас тетіктерін біледі;
2) заманауи менеджмент технологияларын қолдануды біледі;
жаңа Типтік бағдарламаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісін жобалауды;
мектепке дейінгі ұйымның инновациялық білім беру технологияларын қолданады;
3) басқарушылық шешім қабылдау тәсілдерін;
мектепке дейінгі ұйымдағы инновациялық үдерісті жобалау және басқару дағдыларын;
мектепке дейінгі ұйым дамуының стратегиялық бағыттар жүйесін әзірлеу;
мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің педагогикалық қызметін ішкі бағалау жүйесін әзірлеу;
әлеуметтік серіктестермен сындарлы қарым-қатынас құру;
кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісіне денсаулық сақтау технологиясын интеграциялау дағдыларын меңгереді.
4. Бағдарлама мазмұны
7. Бағдарлама 5 модульден тұрады:
нормативті-құқықтық модуль;
психологиялық-педагогикалық;
мазмұндық;
технологиялық;
вариативтік.
Басшы кадрлар үшін қосымша басқарушылық модуль қосылады.
8. Нормативті-құқықтық модульде: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы контекстінде білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттары, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 -III(2015. 24.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру; мектепке дейінгі ұйым қызметінің нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ары қарай-ҚР МЖМБС) талаптары және оны білім беру үдерісінде жүзеге асыру қарастырылады.
9. Басқарушылық модуль келесі тақырыптарды қамтиды:
мектепке дейінгі ұйымның дамуына басшылық жасау; ақпартты жинақтау, талдау және басқарушылық шешімдерді қабылдау әдісі; мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері;
мектепке дейінгі ұйымға басшылық жасауда бақылаушылық- аналитикалық әрекет;
мектепке дейінгі ұйымның денсаулық сақтау кеңістігін ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту жаңа Типтік бағдарламасына сәйкес тәрбие үдерісін ұйымдастыруға деген негізгі талаптар.
10. Психологиялық-педагогикалық модульде келесі тақырыптар зерделенеді:
менеджменттің психологиялық – педагогикалық негіздері;
кәсіби–педагогикалық қарым-қатынас дағдылары мен коммуникативтік біліктерінің дамуы;
мектепке дейінгі ұйымдағы инновациялық үдерістер.
11. Мазмұндық модульде төмендегідей мәселелер қарастырылады:
мектепке дейінгі білім беруді дамытудың заманауи әлемдік тенденциялары;
Қазақстан Республикасы ММДТБ білім беру салаларының сипаттамасы.(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; Қазақстан Республикасы ММДТБ мақсатты индикаторларының технологиялық жүзеге асырылуы; Типтік бағдарламаның білім беру салаларының міндеттерін мониторингісі мен жүзеге асырылуын қостау; мектепке дейінгі ұйымның дамуы мен функционалдық жүйелі жоспарлауы (даму бағдарламасы, жылдық жоспарлау);
мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау; мектеп жасына дейінгі балаларды «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
аттестация – мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру факторы ретінде;
мектепке дейінгі ұйымда жобалау әрекетін ұйымдастыру.
12. Технологиялық модульде келесі мәселелер бойынша практикалық тапсырмалар орындалады:
мектепке дейінгі ұйым басшысының ақпараттық-коммуникациялық технология туралы құзыреттілігі;
ән сабағында және әдебиет арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемелер: Р.Штайнер, С. Лупан, М. Мартено, К. Орф, Л.Виноградова. «Step by step» технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық дамуы;
заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесінде М.Монтессоридің «еркін тәрбие» технологиясы.
13. Вариативті модульде тыңдаушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келесідей тақырыптарды таңдау мүмкіндігі беріледі:
мектепке дейінгі ұйымда дарынды балалармен жұмыс жүйесі;
әлеуметтік серіктестік мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру ресурсы;
мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық кеңесті ұйымдастыру және өткізуге деген заманауи көзқарас;
Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты (ары қарай-ҚР МТДО МЖМБС) игеруде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді мониторингілеу жүйесі;
ҚР МДҰЖМБС-ты игеруде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді мониторингілеу жүйесі; мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби қызметін мониторингілеудің заманауи түрлері;
педагогтердің Интернет-қауымдастықта өзара қарым-қатынасы кәсіби құзыреттіліктерді дамыту шарты ретінде;
тайм-менеджмент: уақытты басқарудың қарапайым тәсілдері;
мектепке дейінгі ұйымда инновациялық ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық шарттары;
мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс практикасына педагогикалық технологияларды енгізу.
Курс тыңдаушыларының қажеттіліктеріне сәйкес вариативті модуль көлемі 2 – 6 сағатқа дейін өзгеруі мүмкін.
