- •2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •Күтілетін нәтижелер
- •4.Бағдарлама мазмұны
- •5. Білім беру процесін ұйымдастыру
- •6. Білім беру процесін жүзеге асыру формалары мен әдістері
- •7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер
- •72 Сағаттық біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспары
- •Тыңдаушыларға арналған тест тапсырмалары
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «28» қаңтардағы
№ 92 бұйрығына 4-қосымша
Мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық іс-әрекетін басқару» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы
Кіріспе
1. «Білім беруді жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық іс-әрекетін басқару» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мектепке дейінгі ұйым басшыларын оқытуға арналған.
2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инновациялық іс-әрекетін сапалы басқаруды ұйымдастыруды талап ету, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды басқарудың жаңа қағидаларын жүзеге асыру және даму стратегияларын әзірлеумен, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, жұмыстарын жоспарлау, мектепке дейінгі ұйым басшыларына ресурстармен басқара алуды ұйымдастырумен байланысты.
3. «Білім беруді жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық іс-әрекетін басқару» білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі ұйым басшыларын оқытуға бағытталады.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарлама мақсаты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық іс-әрекетін жүзеге асыруда басшының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
5. Бағдарлама мақсатына жету үшін келесі міндеттер айқындалған:
1) Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын зерделеу;
2) мектепке дейінгі ұйымдардың басқару сапасын бақылау дағдыларын қалыптастыру;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дағдыларын дамыту;
4) мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық дамыту дағдыларының стратегиясын әзірлеу;
5) инновациялық даму жағдайында мектепке дейінгі ұйым басшыларының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
6) басқару қызметінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша (бұдан әрі - АКТ) құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер
6. Курс соңында тыңдаушылар:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңартудың тұжырымдамалық негізін және басым бағыттарын, ерте жастағы балаларды дамытудың тұжырымдамалық негізін, мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық қызметінің басқару принциптерін, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сапалы басқару үшін қазіргі заманғы талаптарын біледі;
2) мектепке дейінгі ұйымның инновациялық қызметін басқаруды, мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық даму стратегиясын әзірлеуді қолданады;
3) мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына мониторинг сапасының тетігін, мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың қазіргі заманғы АКТ технологияларын меңгереді.
4.Бағдарлама мазмұны
7. Бағдарлама 5 модульден тұрады:
нормативті-құқықтық модуль;
психологиялық-педагогикалық;
мазмұндық;
технологиялық;
вариативтік.
Басшы кадрлар үшін басшыларға басқарушылық модулі қосылады.
8. Нормативті-құқықтық модульде «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», Ұлт жоспары – 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі мемлекет, «Мектепке дейінгі білім беру жаңартудың қазіргі заманғы тенденциясы», «Мектепке дейінгі ұйымдардағы (бұдан әрі – МДҰ) нормативтік-құқықтық қызмет негіздері», «Қазақстан Республикасы балалардың құқығын қорғау конвенциясын жүзеге асыру мәселелері», «Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары және оны жүзеге асыру мәселелері», «№398-V бұйрық, 2015 жыл 13 қараша. 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мәселелері қарастырылады.
9. Басқарушылық модуль келесі тақырыптарды қамтиды:
1) «Мектепке дейінгі ұйымда білім беруді басқарудың инновациялық амалдары»;
2) «Инновациялық менеджментті жүзеге асыруды басқару функциялары»;
3) «Басқару стилі: көшбасшылық ұжымда өзара әрекетті басқарудың типі ретінде»;
4) «Басқарушылық циклі: педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық (уәж), тексеру».
10. Психологиялық-педагогикалық модульде келесі тақырыптар зерделенеді:
1) «Педагогтардың инновациялық іс-әрекетін дамыту үшін психологиялық климатты құру»;
2) «Білім берудің негізгі талаптарымен балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері».
11. Мазмұндық модульде төмендегідей мәселелер қарастырылады:
1) мектепке дейінгі ұйым басшыларының кәсіби құзыреттілігі.
2) мектепке дейінгі ұйым басшыларының басқару жұмысының әдістері мен формаларының мазмұны.
3) мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мазмұнын жаңарту факторы ретінде, ерте жастағы бала дамуының тұжырымдамалық негіздері;
4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты аясында оқу материалын құрылымдаудың негізгі принциптері;
5) мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру нәтижелерін бағалаудың жаңа тәсілдері;
6) мектепке дейінгі ұйым қызметінің даму стратегиясы.
7) «Денсаулық» білім беру саласын бақылау.
8) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін диагностикалау әдісі, диагностикалық карта әзірлеу.
9) көшпелі тәжірибелік сабақ (бұдан әрі-КТС). Педкеңесті жүргізудің дәстүрлі емес формасы;
10) КТС. Әріптестік пен ынтымақтастық негізінде ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс-қимыл.
12. Технологиялық модульде келесі мәселелер бойынша практикалық тапсырмалар орындалады:
1) денсаулық сақтау технологиясы - мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту негізі ретінде;
2) ерте жастағы балалармен жұмыс істеуде М. Монтессори технологиясы элементтерін ендіру;
3) отбасымен жұмыс ұйымдастырудың жаңа тәсілдері;
4) АКТ қалыптастыру әдістемесін әзірлеу, мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту бойынша жобалау жұмыстары; коучинг инновациялық басқару формасы ретінде.
13. Вариативті модульде тыңдаушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келесідей тақырыптарды таңдау мүмкіндігі беріледі:
1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарын критериалдық бағалау деңгейлерін бақылау;
2) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының басқару құзыреттілігін дамыту;
3) отбасымен жұмысты ұйымдастыру үшін қазіргі заманғы тәсілдер.
Курс тыңдаушыларының қажеттіліктеріне сәйкес вариативті модуль көлемі 2-6 сағатқа дейін өзгеруі мүмкін.
