- •Мазмұны
- •1. Қонақжайлылық нарығының сипаттамасы және алматы қаласындағы қонақжайлылық кәсіпорнының маркетингтік ортасын талдау
- •1.1. Алматы қаласының қонақжайлық нарығын талдау
- •Алматы қаласының қонақжайлық кәсірорындарының маркетингтік ортасын талдау
- •2. Алматы қаласындағы “kolkovna” мейрамханасын талдау
- •2.1 “Kolkovna” мейрамханасының жалпы сипаттамасы мен өндіріс технологиясы
- •2.2 . “Kolkovna” мейрамханасынадағы еңбек ресурстарын ұйымдастыру
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
2.2 . “Kolkovna” мейрамханасынадағы еңбек ресурстарын ұйымдастыру
Ұйымда еңбек қатынастары еңбек туралы заңға сәйкес жасалған және жеке еңбек шарты мен жағдайларымен, ұжымдық шартпен реттеліп отырады.
Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты ҚР Еңбек туралы заңымен, жеке еңбек шартымен, ұжымдық шартпен, сонымен қатар техникалық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, ауысымдық жұмыс кестесі және процедуралары саласындағы ұйым саясатымен реттеледі. Күзет ауысымы мен жұмыс кестесі ұйым мойындауынсыз өзгертілмейді.
Ұйымда ішкі еңбек тәртібі ережелері әрекет етуші заң актілерімен, ұйым саясаты және жарғысымен реттеледі. Жұмыскер еңбек тәртібін бұзған жағдайда, яғни еңбек міндеттемелерін алған жұмыскер жұмысты толық немесе жартылай орындамаса, ұйым келесі тәртіп шараларын қолдануға толық құқығы бар: ҚР «Еңбек туралы» заңына сәйкес жеке еңбек шартын бұзу, ескерту немесе сөгіс.
01.01.2017 жылы кәсіпорында тізім бойынша жұмыскерлердің орташа саны 3931адамды құрады.
Кәсіпорында жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы 83866 теңгені құрайды.
«Kolkovna» мейрамханасынадағы еңбекақы қоры құрылымы төмендегі бөліктерден тұрады:
айлықақы;
ҚР «Еңбек туралы» заңына сәйкес түнгі уақыттағы, мейрам және демалыс күндеріндегі жұмыс үшін төлем;
өндірістік нәтижелер үшін марапаттау;
еңбектің қауіпті жағдайлары үшін төлем;
мейрам күндеріне марапаттау;
демалысқа жіберу өтемі.
Кәсіпорын жұмысшылары мен қызметшілеріне күніне бір рет тегін түскі ас ұсынылады.
Егер, ақша қаражаттары мүмкіндік беріп отырса, жұмыскерлерді қосымша оқыту арқылы біліктілігін (тарифтік разрядын) көтеру бойынша шаралар жүргізеді, сонымен қатар оларға сыйақы ретінде ақша қаражаттарын бөліп отырады.
Сыйақы беру мақсаты болып жұмыскерлерді еңбек міндеттемелерін үлгілі орындағаны, жұмыс ұзақтығы үшін және ұйымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін оларды материалдық марапаттау табылады.
Сыйақы негізгі өндіріс қызметкерлеріне бекітілген жоспарды орындау бойынша беріледі, ал қосымша жұмыскерлерге өндіріс көлемінің өсімі үшін беріледі.
Еңбекақы төлеумен қатар кәсіпорын өзінің жұмыскерлеріне әлеуметтік сипаттағы қосымша төлемдер, яғни олардың тұрмыс деңгейін көтеретін қаражаттар төлеп отырады. Кәсіпорында әлеуметтік сипаттағы қосымша төлемдер төмендегідей болып қарастырылады:
пайдадан аурулық куәлікке қосымша төлем;
зейнетақыға шыққан жұмыскерлерге бір жолғы жәрдемақылар;
жұмыскерлерге (әйелдерге) балаларына қарау бойынша жәрдемақылыр.
Ұйымда жұмыскерлер еңбегін бағалау жүйесі әдістерін қарастырайық. Еңбекті бағалаудың ең жай әдісі – бірнеше кезеңнен тұратын жұмыс күшін саралау.
Еңбекті бағалауда ең жай әдіс кезеңдері:
Жұмыс түрі мен сипаты жайында ақпарат жинау. Мұнда әрбір жұмыс үшін лауазымдық қызмет нұсқаулығы құрылады, содан кейін оны саралау базисі – негізі ретінде қолданады.
Саралау үшін жұмыс түрлерін таңдау. Көптеген жағдайда ұйымда әрекет ететін барлық жұмыс түріне бір рейтинг құру маңызды емес. Ең жай процедура – кластар мен бөлімшелер бойынша жұмыс түрлерін саралау.
Бір-бірінен жауапкершілік ауқымымен, орындалатын функция елеулілігімен, кәсіпорын мақсатына жетуге қосатын үлестерімен, біліктілік деңгейі талаптарымен және еңбек қауырттылығымен ерекшеленетін класстар мен разрядтар бойынша иерархия құрастыру.
