- •Мазмұны
- •1. Қонақжайлылық нарығының сипаттамасы және алматы қаласындағы қонақжайлылық кәсіпорнының маркетингтік ортасын талдау
- •1.1. Алматы қаласының қонақжайлық нарығын талдау
- •Алматы қаласының қонақжайлық кәсірорындарының маркетингтік ортасын талдау
- •2. Алматы қаласындағы “kolkovna” мейрамханасын талдау
- •2.1 “Kolkovna” мейрамханасының жалпы сипаттамасы мен өндіріс технологиясы
- •2.2 . “Kolkovna” мейрамханасынадағы еңбек ресурстарын ұйымдастыру
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
Алматы қаласының қонақжайлық кәсірорындарының маркетингтік ортасын талдау
Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Осы бөлімде Алматы қаласының “алтын жұмыртқалы тауық” саласының талдауы жазылған.
Кесте 2 -Алматы қаласының қонақжайлық кәсірорындарының маркетингтік ортасына жасалған SWOT-талдау
S |
W |
|
|
O |
T |
|
|
Ескерту – автор құрастырған |
|
Кесте 2-де Алматы қаласының қонақжайлық кәсіпорындарының маркетингтік ортасына SWOT-талдау жүргізілді. Кәсіпорындардың күшті жақтарына елдегі саяси тұрақтылық, қазақтардың діліне тән қонақжайлық, рекреациялық қорлардың молдылығы, үкімет тарапынан көмек, республиканың ең үлкен қаласы болғандығы, ТМД елдеріндегі танымалдылық жатқызылды. Ал әлсіз жақтарына рекреациялық жерлердегі дамымыған инфрақұрылым, нашар серсис, яғни маманданған жұмысшылардың тапшылығы мен персоналдың жұмысқа немқұрайлығы, сервиске сейкес емес қымбат баға, ғылыми зерттеулердің аздығы, халықаралық деңгейде елдің жағымсыз имиджі, денсаулыққа жағымсыз әсер ететін нашар экология, жер сілкінісі секілді табиғи апаттар жатқызылды.
Мүмкіндіктерге дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде жаңа ақпаратар мен мүмкіндіктердің пайда болуы, туристік аймақтардағы инфрақұрылым мен экологияны дамыту жатқызылды, эконом класстағы қонақүйлер санын көбейту үшін орта және кіші турбизнесті дамыту, эконом класстағы қонақүйлер санын көбейтіп дамыту жатқызылды.
Қауіп-қатерге дүниежүзілік сауда ұйымна кірген кезде халықаралық брендтердің нарыққа кіруі, көтерілістер секілді әлуметтік ахуалдар, жер сілкінісі секілді табиғи апаттардың инфрақұрылымға зардап әкелуі.
Кесте 3 – Алматы қаласының қонақжайлық кәсірорындарынына PEST-талдау
Факторлар |
Сипаттама |
Саяси |
Тұрақтылық |
Экономикалық |
Экономикалық өсу кезеңі |
Әлуметтік-саяси |
Халықтың еуропалық стандартқа сай өмір сүру тілегі Халық санының көбеюі |
Ғылыми-техникалық |
ҚР-дың ашық экономикалық саясаты ғылыми-техникалық прогресске жол ашады |
Ескерту – автор құрастырған |
|
Кесте 3-те жасалынған PEST-талдауға сәйкес Қазақстандағы бизнеске барлық факторлар қолайлы нарықтық орта жасап отыр деп айтуға болады. Халықтың өсуі қонақ үйлерге және мейрамханаларға деген сұранысты үлкейтеді.Ғылыми техникалық прогресстің нәтижесінде әлемдегі ең жақсы деген өнімдер мен қызмет түрлерін нарыққа.Егемендік алғанан бері Қазақстанда саяси тұрақтылық болғандықтан, үкімет еліміздің экономикасын көтеріп, экономикалық тұрақтылықты дамытуға көңіл бөле алады. Қазақстанда соңғы 5 жылың ішінде жалпы ішкі өнім жылына 9-10% өсуде, соның арқасында қатты экономикалық өсімді байқауға болады. Мемлекетте тиімді салық жүйесі қалыптасқан. Бизнестің дамуын ынталандыру үшін жылдан жылға үкімет салық мөлшерін төмендетуде. Бизнестің жаңа салаларын дамытуға көмек беру қарастырылып жатыр. Осылайша айтылып өткен факторлар бизнеске қолайлы жағдай жасап жатқаны анықталды.
