- •Мазмұны
- •1. Қонақжайлылық нарығының сипаттамасы және алматы қаласындағы қонақжайлылық кәсіпорнының маркетингтік ортасын талдау
- •1.1. Алматы қаласының қонақжайлық нарығын талдау
- •Алматы қаласының қонақжайлық кәсірорындарының маркетингтік ортасын талдау
- •2. Алматы қаласындағы “kolkovna” мейрамханасын талдау
- •2.1 “Kolkovna” мейрамханасының жалпы сипаттамасы мен өндіріс технологиясы
- •2.2 . “Kolkovna” мейрамханасынадағы еңбек ресурстарын ұйымдастыру
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» ББМ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» кафедрасы
5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы
студентінің өндірістік
ЕСЕБІ
(ТОО «GASTROKZ», «Kolkovna» мейрамханасының материалдары бойынша)
Орындаған: 3 курс РДГБ 14-01 тобы студенті |
_____________________ |
А. Жабайділдә |
Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі:Кадр бөлімінің менеджмері |
_____________________ |
Ж.И. Джумагулов |
Кафедрадан тәжірибе жетекшісі: э.ғ.м., аға оқытушы |
_____________________
|
А.А. Козыбагаров |
Алматы, 2017
Мазмұны
КІРІСПЕ |
3 |
|
1. |
ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ НАРЫҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ МАРКЕТИНГТІК ОРТАСЫН ТАЛДАУ |
4 |
1.1. |
Алматы қаласының қонақжайлық нарығын талдау |
4 |
1.2. |
Алматы қаласының қонақжайлық кәсіпорындарының маркетингтік ортасын талдау |
8 |
2. |
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ “KOLKOVNA” МЕЙРАМХАНАСЫН ТАЛДАУ |
10 |
2.1. |
“Kolkovna” мейрамханасына жалпы сипаттамасы мен өндіріс технологиясы |
10 |
2.2. |
“Kolkovna” мейрамханасынадағы еңбек ресурстары және еңбекақыны ұйымдастыру |
12 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
16 |
|
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |
17 |
|
КІРІСПЕ
Турбизнес - бүгінде әлем экономикасындағы тез дамып жатқан салалардың бірі және елдің табыс көзі. Сол себепті қазіргі таңда қонақүй мен мейрамхана бизнесі үшін мамандар дайындау маңызды сұрақтардың бірі, сыртқы ортаға тез бейімделе алатын, тәжірибелік қызметке дайын, перспективті және икемді шешімдерді анықтай алатын және сұранысты болжай алатын кәсіби мамандарға сұраныс ұлғаюда.
Біздің елімізде қонақүй қызметті арттыру мәселесі үлкен орынға ие. Қонақжайлылық индустриясында қонақүй саласында персоналдың имиджін құру, квалификациялы білікті жұмыскерлерді дайындау – халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады, Қазақстан деңгейін қолдаудағы қонақүйлік туристік индустриясын дамутуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек. Қызметтерінің артуына байланысты, қонақжайлылық индустриясы да дамиды.
Өтілген тәжірибе мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі мамандығындағындағы студенттердің кешенді оқу бағдарламасының маңызды бөлігі.
Оқу тәжірибесі студенттердің оқу барысында өтілген теоретикалық білімін бекіту үшін және де алғашқы тәжірибелік дағдыларды таңдалынған мамандықтың ауқымында игеруге арналған таныту тәжірибесі.
Оқу тәжірибе барасында Алматы қаласының қонақжайлық кәсіпорындарына барып, зерттеу жоспарланған.
Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі мамандығындағы студенттерге арналған оқу іс-тәжірибелік бағдарлама білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы 29 ақпанда қабылданған бұйрығына сәйкес талаптар негізінде жасалынған. Тәжірибенің ұзақтығы екі апатаны құрайды.
Оқу тәжірибеліктің мақсаты - «5В091200 – Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығындағы студенттеріне оқу барасында өткен білімін алғашқы маманданған құзыреті туралы білім беру арқылы игерткізу, алғашқы зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
|Оқу тәжірибенің міндеттері:
-Болашақ мамандықтың объектісі болатын ұйымдастырушылық-құқықтық түсінікке, құрылымға, ұжымның жүйелік ұйымдастыру түсінігіне жалпы шолу жүргізу;
-Келешектегі кәсіби қызметтің түрлері мен міндеттерін зерттеу;
-Еңбектік ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын игеру.
Оқу тәжірибесінің объектілеріне сәйкесінше мейрамханалық немесе қонақүйлік қызметке немесе ұйымдастырушылық қызметке байланысты әртүрлі типтегі(мемлекеттік, жеке) кәсіпорындар мен мекемелер, әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық типтегі(серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және т.б.) кәсіпорындар[1].
