- •Қарағанды-Доскей-Ботақара тас жолын сипаттау
- •Сурет 1.3 – Жобалау аймағының картадағы көрінісі
- •1.3 Қарағанды-Доскей-Ботақара автожолында автомобильдердің түрлері мен маркасы бойынша бөлу
- •Сурет 1.4 - Жүк автокөлік маркаларының уақыт интервалында таралуы
- •1.4 Қарағанды-Доскей-Ботақара автожолында автомобильдердің қозғалыс қарқындылығын зерттеу нәтижелері
- •Сурет 1.5 -- Автокөліктердің түрлерінің уақыт интервалында өту саны (жұмыс күндері)
- •Сурет 1.6 -Автокөліктердің уақыт аралығындағы қозғалыс қарқындылығы (демалыс күндері)
- •Техникалық қызмет көрсету станцияларының жіктелуі
- •Техникалық қызмет көрсеті станциясы
- •Жүк көлігінің жөндеу түрлері:
- •Жол бойына қатысты автосервистік қызметтерге сұраныстың
- •1.7 Қарағанды-Доскей-Ботақара авто жолындағы жүк автокөліктерге арналған жол тқкс-ының жобасын сипаттау
- •Сурет 1.8 - Жол бойындағы тқкс
- •Сурет 1.9 - Жол бойындағы тқкс-да орындалатын жұмыстар кешені
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сурет 1.6 -Автокөліктердің уақыт аралығындағы қозғалыс қарқындылығы (демалыс күндері)
Қарағанды-Доскей-Ботақара авто жолында жүк автокөліктердің қозғалыс
қарқындылығы күніне шамамен 1060 авт./күн. құрайды.
Техникалық қызмет көрсету станцияларының жіктелуі
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары (АТҚКС) автомобиль сервисіндегі кәсіпорындардың басты үлгісі болып табылады. Қазіргі заманғы ТҚКС келесідей қызмет түрлерін көрсетеді: автомобильді сату мен жаңа ұсталған автомобильдерге сату алдындағы қызмет көрсету; қосалқы бөлшектерді, пайдалынатын материалдарды сату сату; кепілдік және одан кейінгі пайдаланылған уақыттағы ТҚК мен АЖ; агрегаттарды күрделі жөндеу және автомобильді қалыпқа келтіру, соның ішінде (автомобиль шанағының) ЖКО кезінде пайда болған автомобиль шанағының зақымдалған жерін түзету.
Көрсетілген жұмыстар ТҚКС сәйкес келетін өндірістік учаскелер барлығына байланысты орындалады, олардығ әрбірінде автомобиль-орындарының белгілі бір саны болуы тиіс.
Автомобиль-орындары деп қызмет көрсету барысында, қызмет көрсетуді күту және көлік қожайынына беру кезінде автомобиль қойылатын ТҚКС бөлімше ауданын айтады. ТҚКС ғимаратындағы автомобиль-орындар өзінің технологиялық міндетіне байланысты көмекші, жұмыс посттары және автомобиль күту орындары болып бөлінеді. Жоспарлық тұрғыдан "Посттар" мен "автомобиль күту орындарының" айырмашылығы оларда орналасқан автомобильдердің арасындағы нормативтік қашықтықтарға, сонымен қатар автомобильдер мен ғимарат құрылымы элементтернің арасына байланысты болады.
Жұмыс посты қажетті технологиялық жабдықтар орнатылған және тікелей автомобильдің техникалық жөнделген жағдайы мен сыртқы көрінісін қалыпқа келтіретін және сақтайтын көлік жуу, диагностикалау, ТҚК, АЖ және бояу секілді технологиялық әсер ететін автомобиль орындарынан тұрады.
Посттар әмбебап және мамандандырылған болып келеді.
Көмекші пост - автомобильді технологиялық жөндеу және сыртқы түрін қалыпқа келтірудегі көмекші әрі қажетті операцияларды орындауға арналған.
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары (АТҚКС) жұмыс түрлері бойынша диагностикалық, тежегішті жөндейтін және реттейтін, қоректендіру аспаптары мен электр жабдықтарын жөндейтін, автоматты беріліс қораптарын жөндейтін, машина қорабын жөндейтін, шина орнататын, жуу және т.б. болып бөлінеді.
Өндірістік қуаты бойынша (өндірістік бекеттер мен аймақтар саны бойынша) қалалық АТҚКС-тарды шағын, орташа, үлкен және ірі деп бөлуге болады.
Жұмыс бекеттерінің саны 10-ға дейінгі шағын станциялар келесі жұмыс түрлерін атқарады: жуу-жинау, жедел-диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, майлау, шина орнату, электр карбюраторлық, қораптық, қорапты бояу, пісіру, агрегаттарды жөндеу. Бұл топтың басым бөлігін мамандандырылған АТҚКС-тар құрайды. Олар тек профилактикалық жұмыс түрлерін орындаумен айналысады және тұтынушыға дейінгі ара-қашықтығы 10-15 км аспайтын радиуста орналасады.
Жұмыс бекеттерінің саны 11-ден 30-ға дейінгі орташа станциялар шағын станциялар атқаратындай жұмыс түрлерін істейді. Бұған қоса, мұнда автокөлік пен оның агрегаттарының техникалық күйіне толық диагностикалау, автокөлікті толығымен бояу, агрегатарды ауыстыру жүргізіледі, және де автокөліктерді сату іске асырылуы мүмкін.
Бекеттерінің саны 30-дан асатын үлкен станциялар қызмет көрсету мен жөндеудің барлық түрлерін кең көлемде жүргізеді. Бұл АТҚКС-тарда агрегаттар мен түйіндерді күрделі жөндеуден өткізуге арналған мамандандырылған аймақтар болуы мүмкін. Диагностикалау мен техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу үшін ағымдық желілер қолданылуы мүмкін. Мұндай АТҚКС-тарда автокөліктерді сату жүргізіледі.
Қазіргі таңда Қарағандының автосервистік кәсіпорындарының жартысына жуығында 1-ден 3-ке дейінгі жұмыс бекеттерінің; 40 %-дан астамында – 4-тен 10-ға дейінгі бекеттердің; 7 %-да – 30-ға дейінгі бекеттердің қуаты бар. Ірі станциялар 2 %-дан азын құрайды.
