Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 болим.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Кіріспе

Бұл дипломдық жұмыс тақырыбы өте өтекті және қажеттілігі көп болған сон тандалды. Жұмыс өзектілігі Қарағанды-Доскей-Ботақара автожолындағы жүк автокөліктеріне арналған жол техникалық қызмет көрсету станцияларының бүкіл Қарағанды қаласы бойынша саны аз болуы және олардың санын көбейту. Бұл автомобильдердің басым көпшілігі Қарағанды маңайындағы шахталар мен жүк тасымалдау фирмаларына тиесілі. Қарағанды облысында шахталар мен құрылыстар, және кез-келген жүк тасымалдау жүйесінің сұранысы мен саны артуына байланысты жүк автомобильдерінің үлесі артып келеді. Қарағанды-Доскей-Ботақара автожолындағы жүк автомобильдер үлесі 50% құрайды.

Жұмыстың мақсаты Қарағанды-Доскей-Ботақара авто жолында, яғни Доскей ауылына қатысты жүк автомобильдеріне жол ТҚКС жобалау.

Қазақстанда ав­томобиль көлігі жалпы көлік жүйесінде ерекше орын алады. Оның үлесіне біздің мемлекетімізде барлық көлік түрлерімен тасымалданатын тоннамен алғанда бүкіл жүктің 80 дейін келеді. Қазақстанның халық шаруашылығында автомобиль көлігінің үлкен ролі мен мәні тасымалдау процесімен сияқты сонымен бірге ТҚК мен жылжымалы құрамның жөнделуімен байланысты үлкен еңбек және материалдық шығындарға негізделеді. Автомобиль көлігінде көлік жұмыс істейтіндердің 60% астамы немесе шамамен 9 млн. адам жұмыс істейді. Мұнда халық шаруашылығының бүкіл көлік шығындарының 60% жуығын осы көлік түрі құрайды.

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, тасымалдау барысында оның сенімділігін қамтамасыз ету үшін ТҚК, автомобильдердің жөнделуі мен оларды қажет пайдалану материалдарымен жабдықтау үшін арналған арнайыландырылған кәсіпорындарды құру қажеттігі туады.

Автомобильдерді жөнделген қалыпта сақтау үшін ТҚК мен АЖ жүйелі түрде жүргізу керек. Қазіргі уақытта автомобильдерге теқникалық қызмет пен жөндеу көбіне сәйкес біліктілігі, дағдысы мен тәжірибесі жоқ автомобиль иелерінің өздері жүргізеді. Яғни мұндай жөндеу жұмыстары тиянақсыз түрде өтеді де, сапасы да күмән келтіреді.

«Өз қол күші» нәтижелері – автомобильдерді ақауларымен, агрегаттар мен механизмдердің техникалық жағдайын реттеу параметрлері көп ауытқыған жағдайда пайдалану деген сөз.

Көптеген автомобильдерде жанар майлар шығыны мен қосымша бөлшектер шығыны көп байқалады және ақаулар нәтижесінде жол-көлік апаттар үлесі де жоғары деңгейде.

Іс жүзінде жол ТҚКС-нда автомобильдерге ТҚК мен АЖ арнайы мамандар жүргізетіндіктен, жұмыстар сапасы мен автомобиль паркінің дайындығы жоғары деңгейде, яғни жөндеу жұмыстары, жанар жағар май мен оған кететін шығындар және қосымша бөлшектер мөлшері азаяды. Бұл жеке меншіктегі көліктерге де қатысты.

Мемлекеттік сектор қарамағындағы жылжымалы автомобиль құрамын техникалық жағынан жоғары деңгейде ұстау нақты тәртіппен бақыланатын жүйе мен жөндеулер арқылы жұргізіледі.

Жеке меншіктегі автокөліктер үшін бұл мәселе көп қиындықтар туғызады. Бұл көліктер барлық көліктердің жалпы санының ауқымды бөлігін қамтиды.

Сондықтан жиі қолданыста болатын автомобильдерді жөндеу мен қызмет көрсету үшін қала аумағында арнайы жабдықталған ТҚКС ұйымдастыру қажеттілігі шығады. Мысал түрінде мен шиномонтаждау жұмыстарын атқаратын жол ТҚКС тандалынды.

Дипломдық жұмыстың мақсатынан келесі тапсырмалар орындалады:

  • Қарағанды-Доскей-Ботақара тас жолындағы жүк автокөліктерге

арналған ТҚКС техника-экономикалық жобалау;

  • Қарағанды-Доскей-Ботақара тас жолындағы жүк автокөліктерге

арналған ТҚКС-тің технологиялық есебі;

  • Аймақтар мен телімдерді технологиялық әзірлеу;

  • Еңбекті қорғау;

  • Өнеркәсіптік экология;

  • ТҚКС қаржылық-экономикалық көрсеткішінің бизнес жоспарын есептеу.

1 Қарағанды-Доскей-Ботақара тас жолындағы жүк автокөліктеріне арналған жол ТҚКС техника-экономикалық жобалау

    1. Қазақстан Республикасының облыстарныдағы автомобильдендіру көрсеткіштері

Қазақстан Республикасында 2012 жылдың автомобильдендіру көрсеткіші бойынша 1000 адамға 189 автомобильден келген, ал қазіргі кезде 1000 адамға 240 автокөлікке тен және ол әлі артып келеді. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың хабарлауы бойынша 2008 жылдан 2013 жылға дейін 2,5 -4,1 млн-ға дейін автомобильдендіру артты. Ал 2016 жылдың 1 наурызында оның деңгейі 5 млн 755,2 мыңға жетті. Ең көп автокөлік саны халқы жағынан ҚР Алматы және Астана қаласында жаппай сатылым болудың әсері. Яғни 2016 жылдың соңындағы қорытындыға байланысты Қарағанды қаласы сатылым жағынан 5 орынға тиесілі болды.

Сурет 1.1 –Қалалардағы жаңа автомобильдер сатылымы

Қарағанды облысындағы жеңіл автомобильдер саны жыл сайын көптеп өсіп келеді. Бұл автомобильдердің басым көпшілігі жеке адамдарға тиесілі. Сурет 1.1 көрініп тұрғандай алғашқы Алматы қаласы 29,58% жылына автомобильдер сатылымына ие, одан кейін Астана және Атырау қалалары 17,95% және 7,39% сатылым сонымен қоса Шымкент пен Қарағанды қалаларында 5,07% және 5,03% тиесілі болып келеді. Ал қалған 34,98% қалған 11 қаланың үлесі.

Сурет 1.2 – Қарағанды облысының көліктер паркі деңгейі

Қарағанды облысындағы автомобиль паркінің сипаттамасына қарағанда. Қарағанды облысындағы жеңіл мен жүк автомобильдерінің үлесі 50% және 20% құрайды. Қалған 30% пайыздын 25%-ы автобустар және қалған 5% арнайы техника үлесі.

    1. Қарағанды-Доскей-Ботақара тас жолын сипаттау

«Қарағанды-Доскей-Ботақара» тас жолының жалпы ұзындығы – 68

километрді құрайды.

«Қарағанды-Доскей-Ботақара» жолы үшінші техникалық санат нормативтерімен салынды. Оның өткізу қабілеттілігі тәулігіне 1-ден 3 мың көлікке дейін ұлғайтылды. Қарағанды-Доскей автожолы тегіс, ал Доскей-Ботақара авто жолында біраз тегіссіздіктер бар бірақ олар жөнделу үстінде . Ондағы қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ал жөндеу жұмыстары мен орындалу мерзімі қатаң бақылауға алынған.

Қарағандыдан Доскей ауылына дейінгі тас жолының ұзындығы 16 шақырым ал , ені 9 метр, Доскей ауылынан Ботақара кентіне дейін 52 шақырым, ал , ені 6 метрді құрайды. Ал жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін кеңдігі 2 жолақ болып тегіс жолға айналады. Бұл сапасы жағынан үшінші санаттағы жол болып саналады. Тасжолды жаңарту жұмыстарына жалпы саны мыңға жуық адам қатысуда. Жоспар бойынша құрылыс 2016 жылы басталып 2017 жылдың күзінде аяқталмақ және ақысыз болуы тиіс.

Сурет 1.3 – Жобалау аймағының картадағы көрінісі

«Қарағанды-Доскей-Ботақара» тас жолының жалпы ұзындығы – 68

километрді құрайды. Бұл автожол бойында 4 бекет бар. Күнделікті бақылаулар арқасында автомобильдердің орташа қарқындылығы күніне 1500 тең.

Кесте 1.1

Жол категориясы бойынша автокөліктердің қозғалыс қарқындылығы

Жол категориясы

Қозғалыс қарқындылығы авт./тәу.

I

7000-нан астам

II

3000-7000

III

1000-3000

IV

200-1000

V

200-ге жуық

Жол станцияларының арасындағы орташа ара-қашықтық төмендегідей болғаны дұрыс:

  • жалпымемлекеттік автокөлік жолдары үшін – 200-300;

  • республикалық автокөлік жолдары үшін – 300-400 км.

Кесте 1.2

Қарағанды облысындағы басым автожолдардағы көліктердің бір тәуліктегі

қозғалыс қарқындылығы

Жол арналарының атаулары

Созылымдылығы, км

Тәуліктік қозғалыс қарқындылығы, авт./тәу.

Қолданыс дәрежесі,%

Республикалық маңызы бар автожолдар

Астана-Алматы

690

> 9000

~ 80

Қызылорда –Павлодар

889

> 6500

~ 70

Қарағанды – Аягөз – Бұғаз

303

> 3000

~ 60

Астана – Киевка – Қарағанды

302

> 2500

~ 70

Астана-Теміртау

(Алматы-Екатеринбург)

171

> 8000

~ 90

Облыстық маңызы бар автожолдар

Қарағанды – Шахтинск – Есенгелді – Щербаковское - Киевка

255

> 2000

~ 60

Қарағанды-Доскей-Ботақара

68

>2000

~ 60

Осакаровка – Молодежное

81

>3000

~70

Осакаровка - Киевка

83

>3500

~70

Просторное – Жарық – Ақсу-Аюлы – Ақтоғай – Балқаш

435

>2300

~50