- •1.Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары.
- •2.Азаматтық іс жүргізу қатынастары мен субъектілері.
- •3.Азаматтық процестегі тараптар.
- •6.Азаматтық істердің ведомстволығы мен соттылығы. Ведомстволықтың ұғымы. Ведомстволықтың түрлері.
- •7. Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау. Бірінші сатыдағы соттың актілері.
- •31 Билет: Аппеляциялық сатыдағы сотта істі қарау ж/е істі қараудың маңызы мен мәні:
- •32 Билет: Аппеляциялық шағым беру құқығы. Аппеляциялық шағым. Аппеляциялық шағым жасау ж/е наразылық беру объектісі
- •35. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы мен ұйғарымына кассациялық тәртіптермен шағым жасау және наразылық білдіру құқығы. Кассациялық шағым және наразылықты қарайтын соттар.
- •13.Сотта өкілдік ету. Сотта өкілдік етудің жəне соттағы өкілдің түсінігі. Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу
- •8.Сотта өкіл бола алмайтын адамдар.
- •9.Соттағы өкілдің өкілеттіктері (көлемі жəне рəсімделуі).
- •11.Сот шығыстары.
- •24. Сот жарыссөздері. Басталған процеске кіріскен прокурордың іс бойынша қорытындысы. Шешімді шығару және жариялау.
- •26. Сот шешімінің мәні мен маңызы. Сот шешімінің мазмұны, құрылымы және түрлері
- •28 Билет: Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару. Сырттай іс жүргізудің ұғымы мен негізі.
- •29 Билет: Сот бұйрығы (ұғымы, шығару тәртібі мен мерзімі) Сот бұйрығының мамұны:
- •15. Талап қою істері, ерекше талап қою істері, ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің ведомстволығы.
- •18. Талап қою арызы Сотта істі қозғау. Істі сот талқылауына дайындау.
- •20. Талап қою ұғымы, мерзімі,түрлері.
- •21. Талап арызы жəне оның реквизиттері.
- •13.Істі сот талқылауына дайындау жəне сотта талқылау мерзімдері. Істі дайындаудың міндеттері
- •22. Істі сот талқылауына дайындау: ұғымы, мақсаты, міндетттері және мерзімі.
- •Iстi талқылауды кейiнге қалдыру.
- •16. Дәлелдемелер және дәлелдеу.
- •17. Дәлелдемелердің қатыстылығы. Дәлелдемелердің жарамдылығы. Дәлелдемелердің анықтығы. Дәлелдемелердің жеткіліктілігі
- •27 Билет: Шешімді орындауды кейінге қалдыру және оның мерзімін ұзарту…
- •5.Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысуы.
- •10.Процессуалдық мерзімдер.
- •12. Мəжбүрлеу шаралары.
16. Дәлелдемелер және дәлелдеу.
Сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін. Егер дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, сот оны жарамды деп таниды.
Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғаныс құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелер және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімде келтіруге тиіс. Осы Кодекстің 29-тарауында (МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ, ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ, ҰЙЫМДАРДЫҢ, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ) көрсетілген істер бойынша дәлелдеу ауыртпалығы актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі.
17. Дәлелдемелердің қатыстылығы. Дәлелдемелердің жарамдылығы. Дәлелдемелердің анықтығы. Дәлелдемелердің жеткіліктілігі
Егер дәлелдемеде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар екендігі туралы түйіндерді растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін фактілер туралы мәліметтер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.
Егер дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, сот оны жарамды деп таниды. Аудио-, бейнежазбалар, оның ішінде байқау және (немесе) тіркеу аспаптарымен алынғандар, фото және (немесе) киноға түсіру матералдары, электрондық, цифрлық және өзге де материалдық жеткізгіштердегі басқа да материалдар жарамды дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін.Істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс мән-жайларының ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуы мүмкін емес. Егер тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме анық деп есептеледі.
К
36- Кассациялық шағым және наразылықты беру тәртібі. Кассациялық шағым және наразылықты беру мерзімі.
Наразылық келтіру
1. Себеп пен негiздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылық келтіреді және оны iспен және өтiнiшхатпен бiрге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылықтың көшiрмелерiн iске қатысатын адамдарға жібереді.
440-бап. Наразылықтың мазмұны
Наразылықта:
1) наразылық келтірілетін соттың атауы;
2) наразылық келтірілетін сот актiлерiне нұсқау;
3) сот актiлерi шығарылған iстiң мәнi жазылуға;
4) заңсыз сот актiсiн шығаруға әкелген материалдық не процестік құқық нормаларының елеулi бұзылуы нені білдіретініне нұсқау;
5) наразылық келтірген лауазымды адамның ұсынысы немесе түйіндері болуға тиіс;
6) осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша наразылық келтірілген жағдайларда, наразылықта сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің айрықшалығы неде екені көрсетілуге тиiс;
7) наразылыққа осы Кодекстің 439-бабының екінші бөлігі талаптарының орындалғанын растайтын құжат қоса беріледі.
436-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне дау айту, наразылық келтіру мерзiмдерi
1. Апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға өтiнiшхат, наразылық берілуі мүмкін.
2. Сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, өтінішхат шағым жасау мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішті бірінші сатыдағы сот қарағаннан кейін, ал бас тартылған жағдайда – апелляциялық сатыдағы сот жеке шағымды, наразылықты, апелляциялық шағымды қарағаннан кейін кассациялық сатыдағы сотқа берілуі мүмкін.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот актілерін қайта қарау жағдайларына қолданылмайды.
4. Егер кассациялық наразылық келтiру туралы өтiнiшхат прокурорға белгiленген мерзiм сақтала отырып берiлсе, бiрақ ол бойынша шешiм қабылданбаса, кассациялық сатыдағы сот наразылық келтіру мерзiмiн ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетiлуге тиiс.
38- Кассациялық сатыдағы соттың окілеттіктері. Соттың қаулысы мен ұйғарымын кассациялық тәртіппен жою негіздері.
ӨКІЛЕТІКТЕРІ:
Апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымын - өзгеріссіз, ал шағымды н/е наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
Апелляциялық шағымның қаулысы мен ұйғарымының күшін жоюға және егер кассациялық саты апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін дүзете алмаса, істі бірінші немесе аппелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауына жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемлердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі қайтадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуы тиіс екені туралы алдын ала шешуге құқылы емес;
Апеелляциялық сатының қаулысы ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және осы кодекстің 247, 249- баптарында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қараусыз қалдыруға;
Бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшін жоюға;
Егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жіберместен, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, қаулыны өзгертуге немесе жаңа қаулы шығаруға құқылы.
Ш
