- •1.Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары.
- •2.Азаматтық іс жүргізу қатынастары мен субъектілері.
- •3.Азаматтық процестегі тараптар.
- •6.Азаматтық істердің ведомстволығы мен соттылығы. Ведомстволықтың ұғымы. Ведомстволықтың түрлері.
- •7. Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау. Бірінші сатыдағы соттың актілері.
- •31 Билет: Аппеляциялық сатыдағы сотта істі қарау ж/е істі қараудың маңызы мен мәні:
- •32 Билет: Аппеляциялық шағым беру құқығы. Аппеляциялық шағым. Аппеляциялық шағым жасау ж/е наразылық беру объектісі
- •35. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы мен ұйғарымына кассациялық тәртіптермен шағым жасау және наразылық білдіру құқығы. Кассациялық шағым және наразылықты қарайтын соттар.
- •13.Сотта өкілдік ету. Сотта өкілдік етудің жəне соттағы өкілдің түсінігі. Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу
- •8.Сотта өкіл бола алмайтын адамдар.
- •9.Соттағы өкілдің өкілеттіктері (көлемі жəне рəсімделуі).
- •11.Сот шығыстары.
- •24. Сот жарыссөздері. Басталған процеске кіріскен прокурордың іс бойынша қорытындысы. Шешімді шығару және жариялау.
- •26. Сот шешімінің мәні мен маңызы. Сот шешімінің мазмұны, құрылымы және түрлері
- •28 Билет: Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару. Сырттай іс жүргізудің ұғымы мен негізі.
- •29 Билет: Сот бұйрығы (ұғымы, шығару тәртібі мен мерзімі) Сот бұйрығының мамұны:
- •15. Талап қою істері, ерекше талап қою істері, ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің ведомстволығы.
- •18. Талап қою арызы Сотта істі қозғау. Істі сот талқылауына дайындау.
- •20. Талап қою ұғымы, мерзімі,түрлері.
- •21. Талап арызы жəне оның реквизиттері.
- •13.Істі сот талқылауына дайындау жəне сотта талқылау мерзімдері. Істі дайындаудың міндеттері
- •22. Істі сот талқылауына дайындау: ұғымы, мақсаты, міндетттері және мерзімі.
- •Iстi талқылауды кейiнге қалдыру.
- •16. Дәлелдемелер және дәлелдеу.
- •17. Дәлелдемелердің қатыстылығы. Дәлелдемелердің жарамдылығы. Дәлелдемелердің анықтығы. Дәлелдемелердің жеткіліктілігі
- •27 Билет: Шешімді орындауды кейінге қалдыру және оның мерзімін ұзарту…
- •5.Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысуы.
- •10.Процессуалдық мерзімдер.
- •12. Мəжбүрлеу шаралары.
Iстi талқылауды кейiнге қалдыру.
Егер сот іске қатысатын адамдардың қайсыбiрінің келмеуi, қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап ету қажеттігі,қарсы талап қойылған кезде, өзге де процестік әрекеттер жасау қажеттігі салдарынан осы сот отырысында істі қарау мүмкін емес деп тапса, iстi талқылауды кейiнге қалдыруға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының уәкілетті органынан оның баланы Қазақстан Республикасына заңсыз алып өткендігі немесе баланың Қазақстан Республикасында ұсталып отырғандығы туралы арыз алғаны туралы жазбаша хабарлама келіп түскен жағдайда сот осы бала туралы дауға байланысты істі талқылауды отыз күнге кейінге қалдыруға міндетті. Егер бала көрсетілген халықаралық шарт осы балаға қатысты қолданылуға жатпайтын жасқа толмаса, хабарламаға арыздың көшірмесі қоса берілуге тиіс. Iс кейiнге қалдырылған кезде iстiң жаңа сот отырысында қаралуын және шешiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн уақыт ескерiле отырып, жаңа сот отырысының күнi белгiленедi, бұл туралы келген адамдарға қол қойдыру арқылы хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған тұлғаларға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жiберiледi.
Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті
Сот: 1) егер даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол беретін болса, азамат қайтыс болған немесе заңды тұлға қайтадан ұйымдастырылған, таратылған; 2) азамат заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған; 3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында болған немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жүрген талап қоюшы өтініш берген;4) азаматтық, қылмыстық немесе әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаған; 5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің конституцияға сәйкес еместігін тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің тиісті нормативтік құқықтық актінің конституцияға сәйкес келетіндігін тексеріп жатқандығы белгілі болған;6) тараптар медиатормен медиация жүргізу туралы шарт жасасқан жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.
Сот:1) тарап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындау үшін тартылған; 2) заңды тұлғалар өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, тарап істі қарау мерзімінен асатын уақытта қызметтік іссапарда болған;3) заңды тұлға өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, тарап медициналық ұйымда стационарлық емдеуде болған;4) бала асырап алу туралы істер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді тағайындаған;6) сот сараптама тағайындаған;7) сотта медиация жүргізілген немесе партисипативтік рәсім жүргізілген;8) осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайларда жауапкер және (немесе) бала іздестіруде болған жағдайларда іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.
Д
