Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗА по алфабиту.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.94 Кб
Скачать

15. Талап қою істері, ерекше талап қою істері, ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің ведомстволығы.

Талап қою бойынша іс жүргізу істері: азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғынүй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптық екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды қарайды.

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істеріазаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік билік, жергілікті өзінөзі басқару органдарының, қоғамдың бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды және мемлекеттік қызметкерлердің, олардың ішінде сот орындаушылардың, шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) даулар айту туралы істер. Талап қою бойынша іс жүргізу талап арызбен, ал ерекше талап қою бойынша іс жүргізу шаеым немесе арызбен қозғалады. -Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдың бірлестіктердің сайл ау құқықтарын қорғау туралыарыздар бойынша іс жүргізу - Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдың бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу

Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;2) бала асырап алу туралы арыздар бойынша; 3) азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;4) азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы;5) кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы;7) азаматты заңда көзделген негіздер бойынша психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы;8) азаматты туберкулезден, алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы;11) оңалту және банкроттық туралы12) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы;13) азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы;14) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға берілген шағымдар бойынша;16) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы 18)шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша істер жатады.

18. Талап қою арызы Сотта істі қозғау. Істі сот талқылауына дайындау.

Талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі. Арызда: 1) талап қою арызы берілетін соттың атауы; 2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты, оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты, оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері 4) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының заңды мүдделерін және талап қоюшының талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;7) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;

Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді.Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді.Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау;5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады.  Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Азаматтық істі қарау мерзімі оның іс жүзіндегі күрделілігіне және іске қатысатын адамдардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.