Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗА по алфабиту.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.94 Кб
Скачать

А

1.Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына — заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген. Бұл қағидалар мықты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді.

Сот төрелігін тек соттық жүзеге асыруы. Ол Қазақстанда сот қана мемлекет пен тұтастай коғамның атынан сот төрелігін жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Соттың биліктік өкілдіктерін басқа біреудің иемденіп алуына тыйым салынады жəне құқықтық жауапкершілікке əкеліп соғады.

Судьялардың ауыстырылмайтындығы жəне сайланбайтындылығы. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар Конституция мен жоғарыда аталған Конституциялық заңға сəйкес сайланады немесе тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен шектелмеген.

Судьялардың тəуелсіздігі жəне олардың тек заңға ғана бағынуы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тəуелсіз жəне Конституция мен заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді ж/е ол заң бойынша жауапкершілікке əкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді жəне олардың ешқайсысы да қандай да мəн-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-əрекеттерге тыйым салынады. Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл кағида барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар адамдар немесе куə болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға жəне суретке түсіру, бейне-таспаға жазу, тікелей радио жəне телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-əрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс жəне оның уақытын сот шектеуі мүмкін. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

Сот ісін жүргізу тілі. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу тек мемлекеттік (қазақ) не орыс тілдерінде, тең дəрежеде жүргізілетіндігін білуге болады. Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс қолдануын, шығарылатын актілердің жəне жасалатын барлық іс жүргізу əрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сəйкестігін білдіреді. Диспозитивтік деген азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін еркін билеуін білдіреді. Азаматтық процесті қозғау іске қатысатын тараптар мен басқа адамдардың еркіне байланысты болады. Мүдделі адам (талапкер, өтініш етуші) өзінің талап-арызының, өтінішінің заты мен негізін, сондай-ақ берген талаптарының көлемін өзі айқындайды. Мұндай мəліметтер сотқа берілген талап-арыздың (өтініштің) мазмұнды бөлімінің мəнін құрайды. Талапкер талап арыздың негізін немесе затын өзгертуге, талап-арыздың мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқылы. Сот өз бастамашылығымен талап-арыздың затын немесе негіздерін өзгертуге құқығы жоқ.

— Бəсекелестік тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді. Тараптың əрқайсысы өзіне оңтайлы сот шешімін қабылдатқысы келеді. Сондықтан бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында өзінің құқықтық ұстанымын сақтауға өз талаптары мен қарсылықтарын дəлелдеуге жəне негіздеуге міндетті.

— Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы материалдық құқықтық қатынастардың (азаматтық, отбасы, еңбек жəне т.б.) субъектілерінің теңдігіне сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) жəне іс жүргізу құқықтары мен талаптардың іс жүргізу міндеттерінің теңдігін белгілейді.

— Сот талқылауының тікелейлігі. Сот істі карау барысында іс бойынша дəлелдемелер мен өзге де мəн-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктерін, куəгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытындысын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дəлелдемелерді қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға жəне бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті.

Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары ішінде құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сот билігі органдарының қызметі азаматтық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру

тəртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, сондай-ақ сот қаулыларын мəжбүрлеп орындату тəртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.