Интернге арналған тапсырма
№1
Клиникалық сценарий
Науқас
50 жаста, дем алу және жөтелу кезінде
иық пен арқаға берілетін кеудеде қатты
ауырсыну, жалпы әлсіздік, бас айналу,
көз алдына шіркей көріну шағымдарымен
қабылдау бөліміне келді. Аздаған
физикалық жүктемеде аталған симптоматика
күшейе түседі.
Анамнезінен:
2 сағат бұрын пышақ жарақатын алған
және содан кейін жоғарыда аталған
шағымдар байқалған.
Объективті:
Қарау кезінде науқастың жағдайы ауыр.
Науқас жартылай отырған мәжбүр қалыпта.
АҚҚ- 80/40 мм с.б.б., тамыр соғысы- минутына
72рет. Тері жамылғысы сұр түсті, цианозды,
жабысқақ суық тер байқалады. Аускультативті
тыңдағанда сол жақта барлық аймақта
тынысы естіледі, ал оң жақта тынысы
бірден әлсіреген. R-графияда оң жақ
өкпенің семуі, горизонталды деңгейдегі
сұйықтық анықталады.
Тапсырма:
1.
Науқасқа шұғыл көмек көрсетіңіз.
2.
Клиникалық
диагнозды негіздеңіз.