Білім алушының компетенциясы мен білімін бағалау критериі
Білімін бағалау |
Бағалау критериі |
«өте жақсы» - әріптік символ «А», цифрлік эквивалент 3,84- 4,0 жәнепайыз жағдайы 95-100%; «А-», цифрлік эквивалент 3,51-3,83жәнепайыз жағдайы 90-94%. |
Бұл баға білім алушы толық бағдарлама материалын білетін және қате жібермеген, өзіне сенімді, практикалық дағдыны өз уақытында, дұрыс көрсеткен жағдайда қойылады. Өзінің іс-әрекетін жоғары деңгейде жауап бергенге қойылады |
«жақсы» - әріптік символ «В+», цифрлік эквивалент 3,17-3,50жәнепайыз жағдайы 85-89%; «В»- цифрлік эквивалент 2,84-3,16жәнепайыз жағдайы 80-84%; «В-»- цифрлік эквивалент 2,51-2,83 жәнепайыз жағдайы 75-79%. |
Бұл баға білім алушы толық бағдарлама материалын 75%-дан төмен емес білетін және практикалық дағдыдан улкен қате жібермеген жағдайда қойылады. Жауап бергенде жартылай жауап бергенге қойылады. |
«қанағаттанарлық»-әріптік символ «С+»- цифрлік эквивалент 2,17-2,50және пайыз жағдайы 70-74%; «С»- цифрлік эквивалент 1,84-2,16және пайыз жағдайы 65-69%; «С-»- цифрлік эквивалент 1,51-1,83және пайыз жағдайы 60-64%; «D+»- цифрлік эквивалент 1,17-1,50және пайыз жағдайы 55-59%; «D»- цифрлік эквиваленті 1,0-1,16және пайыз жағдайы 50-54%. |
Бұл баға білім алушы бағдарлама материалын 50%-дан төмен емес білетін және практикалық дағдыдан оқытушыдан көмек сұраған кезде қойылады. Жауап бергенде жартылай жауап бергенге, материалды жүйелеуде қиындық туғанда қойылады |
«қанағаттанарлық емес» - әріптік символ «F», цифрлік эквиваленті 0-0,99 және пайыз жағдайы 0-49%. |
Бұл баға білім алушы бағдарлама материалын білмейтін және талқыланған бағдарламаны жартысында білмейтін, практикалық дағдыдан улкен қате жіберген, бөлек тапсырманы орынмдамаған жағдайда қойылады. |
БЕКЕТ
«Пневмоторакс кезінде плевра қуысына пункция жасау»
Пневмоторакс кезінде науқасты жүргізу тактикасы мен диагностикасы тәжірибелік дағдыларын бағалау.
Интернге арналған тапсырма
№1Клиникалық сценарий
Науқас 50 жаста, төс артына, қолына, мойнына берілетінкеуденің оң жағында қатты ауырсыну шағымымен қабылдау бөліміне келді. Дем алу, жөтелу, аздаған қозғалыс кезінде ауырсыну күшейеді және тыныс алу қиындайды.
Анамнезінен:Жөтел ұстамасынан 2 сағаттан кейін ешқандай себепсіз жоғарыда аталған шағымдар пайда болды. Ауырсыну науқаста паникалық өлім үрейін тудырады.
Объективті: Қарау кезінде науқастың жағдайы ауыр. Тері жамылғысысұр түсті, цианоз байқалады. Аускультативті тыңдағанда сол жақта барлық аймақта тынысы естіледі, ал оң жақта тынысы бірден әлсіреген.
