4.Ақырғы нәтижесі:
Интерндерге міндеттелген:
Пневмоторокс кезінде шұғыл көмек беру мақсатында плевра қуысына пункция жасау үшін тәжірибелік дағдыларын меңгеру.
Муляжда дағдыларын көрсету және алдын ала дайындалу үшін берілетін уақыт – 10 мин.
Клиникалық дағдыларын өзбетімен меңгеруге берілетін уақыт – 15 мин.
Клиникалық дағдыны меңгеруге қажетті теориялық білімдер:
Көкірек қуысының, плевральды қуысының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.
Плевральды пункция өткізуге негізгі көрсеткіштер.
Плевральды пункция өткізуге керек материалдарды дайындау.
Плевральды пункция өткізудің техникасы.
Манипуляцияны өткізу дұрыстығына баға қою әдістері.
5. Сабақ барысында клиникалық дағдыларды меңгеруге қажетті медициналық бұйымдар мен құрал-жабдықтар тізімі:
Медициналық бұйым немесе құрал-жабдықтың атауы |
Характеристика |
Саны |
Ересек адамның көкірек қуысының муляжы |
Муляждың кеуде клеткасының көлемі ересек адамдікіне сай болуы керек |
1 дана |
Корнцанг |
Ота алаңын өңдеуге арналған |
1 дана |
Қысқыштар
|
Пункционды иненің резинкалы трубкасын қысу үшін арналған. |
2 дана |
Резинкалы трубкасы бар пункционды ине. |
Плевральды қуысты пункциялау үшін арналған. |
1 дана |
Жанэ шприці |
Аспирация үшін арналған |
1 дана |
Н ПРО БҚММУ 703-11-15. Оқытушының жетекшілігімен білім алушыларға өткізілетін өзіндік жұмыс үшін әдістемелікнұсқамалар. Төртінші басылым.
Ф ПРО ЗКГМУ 703-11-15. Методические рекомендации для проведениясамостоятельной работы обучающихся под руководствомпреподавателя. Издание четвертое
Шприцтер, |
Инфильтрационды анестезия өткізу үшін арналған |
2 дана |
Стерильді материал (дәкелер, салфетка), спирт |
Ота алаңын өңдеуге арналған |
|
Новокаин 0,5% |
анестезия өткізу үшін арналған |
1 фл |
6. Клиникалық дағдыны орындау алгоритмінің сипаттамасы.
1. Плевральды пункцияға қажетті хирургиялық құрал-саймандарды даярлау:
корнцанг, стерильді материал (дәкелер, салфеткалар, жаялықтар), спирт, шприцтер (1-2), қысқыштар, резинкалы трубкасы бар пункционды ине, новокаин 0,5 %.
2. Науқастың қалпы: отырған қалыпта денесін алға еңкейтіп, пункция жасайтын жақтағы қолын жоғары көтеріп, басының артына қояды. (Ауыр науқастарда плевра қуысының пункциясын жатқан қалпында жасауға болады).
3. Залалсыздандырылған маска, алжапқыш киіп, ереже бойынша қолын жуды. Операция алаңын өңдеп, залалсыздандырылған қолғап киді және спиртпен өңдеді.
4. Бұғана орталық сызығы бойынша 2 қабырғааралықтан тесу орнын анықтайды.
5. Сол қолдың сұқ саусағымен төменгі жатқан қабырғаның жоғарғы шегінен қажетті жерді анықтайды және 0,5% новокаин ерітіндісімен жергілікті инфильтрациялы жансыздандыру жасайды.
6. Плевра пункциясын жасау үшін резеңке түтікшесі бар тесуге арналған ине қолданылады. Ине мен шприц арасындағы резеңке түтікше шприцті ажыратқан кезде ауаның плевра қуысына сорылмауы үшін қажет. Сондықтан түтікшені қысқышпен қысу қажет. Инені ретпен енгізеді: тері, тері асты клетчаткасы, бұлшықет және плевраның париетальды жапырақшасы. Иненің енгенін бос қуысқа түскен сезімі болуымен анықтайды.
7. Содан кейін резеңке түтіктің сыртқы шетіне шприцті жалғап, түтіктен қысқышты алып, поршеньді өзіне қарай жайлап тарту арқылы плевра қуысындағы сұйықтықты алады. Шприцті бөліп алмас бұрын, түтікке қайтадан қысқышты саламыз.
Н ПРО БҚММУ 703-11-15. Оқытушының жетекшілігімен білім алушыларға өткізілетін өзіндік жұмыс үшін әдістемелікнұсқамалар. Төртінші басылым.
Ф ПРО ЗКГМУ 703-11-15. Методические рекомендации для проведениясамостоятельной работы обучающихся под руководствомпреподавателя. Издание четвертое
8. Процедура біткеннен кейін инені тез суырып, пункция орнын өңдеп, залалсыздандырылған жапсырма салады.
