Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 задач по рев. на рус. каз. языках.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.2 Кб
Скачать

Жауап 5

Көрсетілген шағымдар, қан және зәр анализдеріндегі өзгерістер жедел ревматизмде анықталады. Ревматизм-жүрек-қан тамырлар жүйесіне тән дәнекер тінінің жүйелік қабынулық зақымдануымен дамитын инфекциялық аллергиялық ауру. Ревматизм дамуында біріншілік рөлге стрептококк инфекциясы ие. Стрептакоккалар ферменттерінің антигендік қасиеті бар, кардиалды және басқа да антиденелердің түзілуін шақырады, яғни, стрептококкты инфекция ағзаның сенсибилизациясына негіз болады. Осының нәтижесінде науқас адамда әлсіздік, тершендік, бас ауруы, температураның аз мөлшерде көтерілуі мүмкіндік береді.

Глобулинді фракцияның қандағы мөлшерінің көбеюі антиденелер синтезімен байланысты. Стрептоккалар ферменттерінде антигендік қасиетімен қатар, лизосома мембранасының бұзу қасиеттеріне ие. Бұл құбылыс қабынудың өткір фазасын шақырып, кининнің, гистаминнің, серотониннің бөлінуіне ықпал жасайды. Қабыну нәтижесінде қанда солға ығысқан лейкоцитоз, гемоглобин мөлшерінің төмендеуі, анемия, ЭТЖ-ның жоғарлауы, С - реактивті ақуыздың пайда болуы, фибриноген концентрациясының жоғарлауы байқалады.

Ревматизм инфекциялық ауру болғандықтан, қабыну процессіне міндетті түрде иммунды жүйе қатысады. Бұл миокард тінінің зақымдануымен, иммунды лимфоциттермен, лизосомалық ферменттердің белсендірілуімен қатар жүреді. Нәтижесінде дәнекер тініңде гиалурон, хондроитин күкірт қышқылдарының қайта алмастырылуы жүреді, бұл дәнекер тінінің негізгі заты-коллагеннің ыдырауының деполимеризациясын шақырады. Қышқылдың концентрациясының өсуі және дифениламинді анықтаудың жоғарылауы дәнекер тінінің деструкциясының бұзылғандығын және сондай - ақ қабынуға зертханалық белгілер ревматизмдік процесстің белсенділігін көрсетеді. Ревматизм кезінде жоғарғы деңгейде миокардтың дәнекер тіні зақымдалады, сондықтан жүрек тұсында ауру сезімдері байқалады.

Ревматизмнің жүректік түрімен қатар жүректік емес түрі бар. Оларға тамырлардың, плевраның, ішқуысы тінінің зақымдалуы жатады, сондықтан ауру сезімдері тамырларда болады. Ревматизмнің 80 % жүрек зақымдалады, сондықтан зәрде белок байқалады және микрогемотурия көрініс береді (көру аймағында бір-бірден эритроциттер)