- •Сыртқы акушерлік зерттеу
- •Интернге тапсырма: Осы пациентте сыртқы акушерлік зерттеуді жүргізіңіз.
- •Біруақытта емтихан алушыға комментарийді жасаңыз, тапқаныңызды айтыңыз.
- •Максимальды жиналған балл саны – 100
- •Партограмманы толтыру
- •Нәресте жағдайын Апгар бағанасы бойынша бағалау
- •Босанудың бала жолдасы кезеңін белсенді түрде жүргізу.
- •Нәрестелер асфиксиясы кезінде шұғыл көмек көрсету
- •№6 Станциясы Босанудан кейін қан кетудегі бимануальды жатыр компрессиясы
- •Ауруханаға дейінгі кезеңде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу әдісі (жөр амбу ман).
G-041.07.06.28-2014 |
Дәрігер интерн акушер гинекологтардың жарты жылдық аттестациясына арналған ОҚКЕ әдістемесі бойынша тәжірибелік дағдылар
|
Тек.1 |
Бет
|
№1 станциясы
Сыртқы акушерлік зерттеу
Интернге тапсырма: Осы пациентте сыртқы акушерлік зерттеуді жүргізіңіз.
Біруақытта емтихан алушыға комментарийді жасаңыз, тапқаныңызды айтыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты: 7 минут.
Емтихан алушыға ақпарат: төменде көрсетілген пункттар бойынша интерннің ісін бағалаңыз.
Қажетті құрал-жабдықтар: сабын, бір ретті орамал, бір ретті қолғап, утилизацияға арналған контейнер.
1 |
Жүкті әйелге (босанушыға) жүргізілетін тексеруді түсіндіру. |
5 |
2,5 |
0 |
2 |
Қолды жуып, бір рет қолданылатын орамалмен сүрту. Бір рет қолданатын қолғапты кию. |
5 |
2,5 |
0 |
3 |
Жүкті әйел (босанушы) арқасында жатады, аяқтары жамбас-сан мен тізе буындарында бүгілген, іштің бұлшық еттерін босату үшін. Тексеруші пациенттің оң жағында бетіне қарап тұрады. |
10 |
5 |
0 |
4 |
Бірінші әдісте - екі қолды алақанымен жатыр түбіне орналастырып, ақырындап басып ұрықтың ірі бөлігі мен жатыр түбі биіктігі анықталады. |
10 |
5 |
0 |
5 |
Екінші әдісте - екі қолды жатыр түбінен төмен кіндікке қарай жылжытып, жатырдың екі жағына орналастырып, кезекпен оң және сол қолымен ұрықты пальпациялап, оның арқасымен ұсақ бөліктерін тауып, позициясы мен түрі анықталады. |
10 |
5 |
0 |
6 |
Үшінші әдіспен ұрықтың қандай бөлігінің орналасқанын анықтайды. Оң қолды қасағадан сәл жоғары орналастырып, үлкен саусақ бір жағында, қалған 4 саусақтар қарсы жағында жататындай жатырдың төменгі сегментіне орналастырады. Саусақтарды ақырын жылжыту арқылы ұрықтың жатқан бөлігін анықтайды және «баллотирлеуші» симптомы тексеріледі. |
20 |
10 |
0 |
7 |
Тексеруші келесі төртінші әдісті жүргізу үшін пациенттің аяғына қарап оң жағында турады. |
5 |
2,5 |
0 |
8 |
Төртінші әдіс бойынша ұрықтың төменгі бөлігін және оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтау үшін. Екі алақанды жатырдың төменгі бөлігіне қойып, қолдың екі ұшынмен төменгі жатқан бөлігін ұстап, саусақтардың ұшын, жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, оларды бір біріне тигізуге тырысады. |
10 |
5 |
0 |
9 |
Қолғапты шешіп, контейнерге тастау. Қолды жуып бір рет қолданатын орамалмен сүрту. |
5 |
2,5 |
0 |
10 |
Алынған мәліметтер бойынша ұрықтың орналасуы, позициясы, түрі және келген бөлгінің кіші жамбасқа қатынасы туралы қортынды жасау. |
20 |
10 |
0 |
Максимальды жиналған балл саны – 100
№2 станциясы
Партограмманы толтыру
Интернге арналған тапсырма: Партограмманы толтыру ережесін айтып беріңіз.
Дағдыны көрсету уақыты: 7 минут.
Емтихан алушыға ақпарат: Төмендегі мәліметтер негізінде партограмманы толтыруда келтірілген әрбір критерий бойынша интерннің тәжірбиелік дағдысын бағалаңыз.
Қажетті жабдықтар: партограмма, маркер.
1. |
Партограмманың бастапкы бөлігінде босанушының аты-жөні, жүктілік және босану саны, босану тарихының №, босану бөліміне түсу уақытымен күні және қағанақ суының кеткен уақыты, әр 30 минут сайын арнайы графада сызыктың сол жағына белгiлеу қажет. |
5 |
2,5 |
0 |
2. |
Ұрықтың жүрек соғу жиілігін партограмманың жоғарғы бөлігіне әрбір 30 минут сайын тіркейді. Нуктелермен белгiлеу қажет. |
10 |
7,5 |
0 |
3. |
Қағанақ қабы жағдайын әр қынаптық тексеруде анықталады. Қағанақ қабы бүтін болса «I», мөлдір қағанақ суы кетсе «С», меконий аралас су болса «М», қан аралас болса «В» белгілейді. Қағанақ суы/болініс болмаса «А». |
10 |
5 |
0 |
4. |
Ұрық бас сүйектерінің конфигурациясы : конфигурация жоқ (0), бас сүйектері бір-бірінен сәл алшақтаған (+), сүйектер бір-біріне сәл қосылған, бірақ басқан кеде алшақтайды (++), сүйектер бір-біріне шамалы қосылған, алшақтамайды (+++). |
10 |
5 |
0 |
5. |
Жатыр мойнының ашылу жағдайын әр қынаптық тексеруде анықтайды «Х» әрпімен белгілейді. Тік сызық бойында 0 ден 10 дейінгі сандар орналасқан. Латентті фаза –бұл жатыр мойнының 0-ден 3см-ге дейінгі ашылу кезеңін, ол 8 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Белсенді фаза –бұл жатыр мойнының қарқынды түрде тез ашылуы 3-тен 10см дейін жетуі. Босанудың белсеңді фазасына ауысу барысында жатырдың ашылуын пунктирлі сызықпен бақылау сызығына апарып белгілейді.Босанудың белсеңді фазасында туссе бірден бақылау сызығына апарып белгілейді. |
20 |
7,5 |
0 |
6. |
Босану әрекетінің жағдайын әрбір 4 сағат сайын тіркейді. Егер де қисық сызық бақылау сызығын қиып өтсе, онда босанушыға көп көңіл бөлуді талап етеді. Осы сызық әрекет жасау сызығынан асып кеткен жағдайда, соған байланысты шараларды қолдану жөнінде ойлану керектігін білдіреді. |
10 |
5 |
0 |
7. |
Ұрық басының жылжуын «О» әрпімен 5 тен 0 ге дейінгі деңгейде. Қасаға үстінен бастың қалпын анықтау үшін 5 саусақ қолданылады. 5/5 –басы кіші жамбас кіреберісі үстінен 5 к/с қасағадан жоғары. 4/5 – басы кіші жамбасқа тірелген 4 к/с қасағадан жоғары. 3/5 – қасаға үстінен бастың үлкен бөлігі сезіледі, кіші жамбас кіре берісінде кіші сегмент сезіледі 3 к/с қасағадан жоғары. 2/5 – қасаға үстінен бастың кіші бөлігі сезіледі, кіші жамбас кіре берісінде улкен сегмент сезіледі 2 к/с қасағадан жоғары. 1/5 – бас кіші жамбас қуысында |
10 |
7,5 |
0 |
8. |
Толғақ жиілігі 10 минутта 1-ден 5 уақыт бағанасы бойынша көрсетiледi,бір жиырылу бір тор көзге белгiленедi Толғақ ұзақтығы 20 секундтан аз болса,(әлсiз) нүктемен,20-40секундболса(орташа)– диагональді сызықпен, 40 секундтан көп болса(күштi) – толық бояумен белгіленеді. |
10 |
5 |
0 |
9. |
Окситоцинді және тағы басқа да дәрі-дәрмектік препараттардың санын/концентрациясын және минутына енгізу дозасын әр 30 минут сайын арнайы графада белгілеу қажет |
5 |
2,5 |
0 |
10. |
Босанушының жағдайын арнайы жолдарда тіркейді: АҚ, дене қызуын әрбір 4 сағат сайын, тамыр соғысын жарты сағат сайын анықтап отырады. Зәр көрсеткіштерін протеин, ацетонды (көрсеткіш бойынша) және мөлшерін әрбір зәр шығарған сайын тіркеп отырады. |
10 |
2,5 |
0 |
Жиналған максимальды баллдар саны – 100
№3 станциясы
