- •Мазмұны
- •1.1. Биобалистика әдісі жағдайында трансформация жүргізу түсінігі
- •Іі. Зерттеу әдістері
- •2.1.Биобалистика әдісі арқылы өсімдіктерді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу әдістері
- •2.2.Биобалистика әдісі арқылы өсімдік тарнсформациясын жүргізілу тиімділігі
- •2.3. Өсімдік материалын дайындап, эксплаптты бөліп алу әдісі
- •2.4. Эксплантты агары бар ортаға отырғызу және өсіру әдісі
- •2.5. Эксплантты агары бар ортаға отырғызу және өсіру әдісі
- •2.6.Биобалистика әдісі арқылы өсімдік тарнсформациясының құрылымы
- •Ііі. Күтілетін нәтижелер
- •3.1. Лабораториялық жағдайда биобалистика әдісі арқылы өсімдік тарнсформациясын жүргізілу әдісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Іі. Зерттеу әдістері
2.1.Биобалистика әдісі арқылы өсімдіктерді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу әдістері
Оқшауланған өсімдік трансформациясын жүргізілу тиімділігі жасушаларды, ұлпаларды, мүшелерді және протопласттарды өсіруде нақты жетістіктерге жету үшін қатаң залалсыздандыру жағдайы сақталынуы тиіс. Өйткені өсімдік жасушалары мен ұлпаларын өсіруге арналған жасанды қоректік ортада микроағзалар жақсы дамиды да нәтижесінде өсірілетін материалға зиян келтіреді.
Микроорганизмдердің өсімдік трансформациясын жүргізілу тиімділігі тіршілік әрекетінің нәтижесінде қоректік ортаның құрамы өзгереді. Сонымен қатар өсірілетін жасушалар мен ұлпалар, протопласттар микроорганизмдермен бүлінеді.
Сондықтан биобалистика әдісі арқылы оқшауланған жасушаларын, ұлпаларын, мүшелерін және протопластарын өсіруге арналған барлық тәжірибелерді залалсыздандырылған ламинар-бокстарда жүргізеді. Боксты, саймандарды, ыдыстарды, өсімдік материалдарын, қоректік ортаны, мақталы тығындарды және басқа да жұмыс жасауға қажетті материалдарды мұқият залалсыздандырады (3- кесте).
3- кесте. Биобалистика әдісі арқылы өсімдік трансформациясын жүргізілу тиімділігі
Экспланттар
|
Залалсыздандырғыш заттар |
|||
Диоцид-0,1% |
Сулема-0,1 % |
N8 гипохлориті 5-9 % |
Сутегі пероксиді 12 %
|
|
Құрғақ ұрықтар |
15-20 |
10-15 |
15-20 |
12-15 |
Ісінген үрықтар |
6-10 |
6-8 |
10-15 |
6-8 |
Түбірлі жемістің етті ұлпалары |
20-30 |
15-20 |
15-20 |
- |
Сабақ үлпаралы |
20-40 |
20-25 |
2025 |
- |
Жапырақтар |
1-3 |
1-3 |
3-6 |
3-5 |
Апекстер |
1-10 |
1-7 |
3-15 |
2-7 |
Ламинар - боксты залалсыздандыру. Биобалистика әдісі арқылы өсімдік трансформациясын жүргізілу тиімділігі алдымен ламинар бокс ішіндегі жұмыс орнын 70% спиртпен сүртіп шығамыз. Ламинар боксқа спирттік жандырғышты, шырпыны, 96 процентті спирті бар стаканды және залалсызданған суы бар колбаны апарып қоямыз. Меристеманы алу үшін бинокулярлы үлкейткіш шыныны дайындайды. Жұмыс жүргізер алдын 10-12 сағат бұрын ламинар бокстың ішін бактерицидті ультракүлгінді сәулелі лампамен өңдейміз.
Ыдыстарды залалсыздандыру кептіргіш шкафта немесе автоклавта жүргізіледі. Залалсыздандырмас бұрын ыдысты жуып кептіріп аламыз. Ыдыстарды жуу үшін детергенттер және хромпик қолданылады. Пробиркаларды колбаларды залалсыздандыру алдында мақта тығындарымен аузы жабылады да орама қағазбен оралады. Содан соң ыдысты кептіргіш шкафқа салып +175°С температурада 2 сағат бойы қыздырамыз. Бұл температурада бактериялармен қатар спораларда жойылады. Кептіргіш шкафтың температурасын 175°С жоғарылатудың қажеті жоқ, өйткені тым жоғары температурада мақта тығын сарғайып, орама қағаз сынғыш болып қалады.
Биобалистика әдісі арқылы өсімдік автоклавтағы жоғары кысымының нәтижесінде бұдан да жоғары сапалы залалсыздандыруға болады, себебі ылғалды ыстықта микроорганизмдер мен споралар тиімді жойылады. Автоклавта тығыны бар стакандарды, Петри табакшасын, пипеткаларды, суы бар колбаларды залалсыздандыруға болады. Ыдыстарды орама қағазға немесе фольгаға орап 2 атмосфералық кысымда 25-30минут бойы залалсыздандырады. Пипеткалардың ашық жағын мақта тығынымен жауып, қағазға 10 данадан орап залалсыздандыру керек.
Құралдарды залалсыздандыру. Құралдарды (скальпельдерді, пинцеттерді, инелерді) алдын-ала залалсыздандыру 140-160°С 2 сағат бойында құрғатқан шкафқа құрғақ ыстық бумен ысытып алады. Шприцтер мен қайшыларды, тескіштерді (еlеrlа) қайнатқан жөн. Биобалистика әдісі арқылы өсімдік трансформациясын жүргізілу тиімділігі металды заттарды автоклавирлеуге болмайды: өйткені олар бу әсерінен тот басып өтпей қалады. Биобалистика әдісі арқылы алдында және жұмыс барысында құралдарды (пинцеттерді, скальпельді, микробиологиялық инелерді) тағы да бір залалсыздап алу керек. Залалсыздауды спирт жалынмен күйдіре отырып, 96 процент этил спирті бар фарфорлы стканы бар ламинар-бокста жүргізеді. Бұдан кейін әр бір құралдарды алдын-ала залалсыздандырылып дайындалған қалың қағаз арасында орналастырады. Залалсызданған құралдарды тек бір ғана рет пайдаланады. Екіншілей қолданар алдын оны қайта спиртпен залалсыздандырып күйдіріп алады. Өте жұқа құралдар (ине, алмастың бір түйірін) күйдіру барысында өз қасиеттерін жоғалтып алуы мүмкін, сондықтан оларды спиртке батыру аркылы залалсыздандырады.
Материалдар ұлпаларды жасушаларды оқшаулау кезінде пайдаланылатын мақта, марле, мақта тығындары, сүзгіш қағазы, халаттар, қалпақтар автоклавта 2 атмосфералық қысымда 25-30минут бойы залалсыздандырылады.
