Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
703-03-12. Рабочая программа по профессиональой практике.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.75 Кб
Скачать

Өндірістік практиканың күн тәртібі

Жұмыс түрлері

уақыты

Еңбек гигиенасы маманы ретінде

1

Гигиена бөлімі құрылымы мен жұмысын ұйымдастыру

09.00-9.30

2

Өндірістік жайлардың ауасын зерделеуге сынама дайындау

09.30-10.30

3

Физико-химиялық зерттеулерді жүргізу.

10.30-12.30

4

Алынған мәліметтердің көрсеткіштерін СанЕжН-мен салыстыру

12.30-13.00

5

Қортынды және өлшеу хаттамаларын беру. Әкімшілік бұзушылықты толтыру.

13.00-14.00

8. Тәжірибе бойынша есептерді дайындау тәртібі және қорғау мерзімі.

Практика базасы мен жетекшілігі

Өндірістік практиканы өту базасы ретінде бекітілген Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасы еңбек гигиенасы жүргізіледі. Өндірістік практиканы өту кезінде студентер практика базасының ішкі тәртіп ережелерін орындауына, барлық ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстарына қатысуына міндетті және практика жетекшісі мен бөлім меңгерушілеріне тікелей бақылауында болады.

Өндірістік практика жетекшісі практика бағдарламасы орындалуын қадағалайды. Өндірістік практика кестеге сәйкес сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

Студенттің өндірістік практиканы өтуде құқығы:

  1. Практиканың бағдарламасын орындаудағы қажетті ақпараттық мәліметтерді алуға;

  2. Базалық ұйымның ақпараттық, нормативтік-нұсқаулық әдибиеттерді қолдануға және бөлім меңгерушілерінің рұқсатымен ақпараттық қорларды пайдалануға;

  3. Өндірістік практиканың бағдарламасы бойынша базалық ұйымның мамандарынан тұжырымды кеңес алуға.

Студенттер өндірістік практиканы өту кезінде міндетті:

  1. Тәжірибенің оқу бағдарламасын толық орындауға;

  2. Бекітілген үлгіде тәжірибе күнделігін күнделікті толтырып отыруға;

  3. Базалық ұйымның ішкі тәртіптік ережелерін толық сақтап, орындауға;

  4. Базалық ұйымның санитариялық ереже, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау талаптарын оқып, біліп, қатаң сақтауға.

Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша дифференцирленген сынақ «Рейтингке...» сәйкес студенттердің тәжірибелік машықтарын (орындау біліктігін) бағалау нәтижелеріне негізделеді. Тәжірибелік машықтарын бағалау баллдық-әріптік жүйе бойынша және % бағамен жүргізіледі (кестені қараңыз).

Өндірістік практиканы өту қорытындысы бойынша студентердің машықтары мен орындау біліктігін бағалау критерийлері (дифференцирленген сынақта).

Еңбек гигиенасы маманы ретінде өндірістік практиканы өту уақытында игерген машықтары мен орындау біліктігі әріптік жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар – төмендеуі бойынша А дан F әріпіне дейін, ол төрт баллдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес келеді). Әрбір машықты орындауы қадамдар бойынша жазылады, әрбір қадам сомас ы 4 балл болатындай етіп бағаланады. Сонымен, барлық қадамды орындаған студент машықты дұрыс және толық орындағаны ушін максималды сандық эквивалентті – 4,0 баллды алады, ол әріптік-баллдық жүйе бойынша А әріптік бағасына сәйкес келеді.