Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
703-03-12. Рабочая программа по профессиональой практике.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.75 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Кафедра Коммуналдық гигиена және еңбек гигиенасы кәсіби аурулармен

бекітемін

Отж жөніндегі проректоры

_______________ А.Б. Тусупкалиев

«____»___________ 20___ж.

Кәсіби практика бойынша

жұмыс бағдарламасы

Бағыты және практиканың атауы: Еңбек гигиена

Пәннің коды: GT 5303

Мамандық: 5В110400 Медициналық-прорфилактикалық іс (бакалавриат)

Оқу сағаттарының/кредиттерінің* көлемі 75/1

Оқыту курсы мен семестрі 5 курс 10 семестр

Ақтөбе қ., 2014

Кәсіби практика бойынша жұмыс бағдарламасын коммуналдық гигиена және еңбек гигиенасы кәсіби аурулармен кафедрасы Еңбек гигиена 2012 ж типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырған;

Авторы: Аға оқытушысы : Шаяхметова К.Н.

Кафедра отырысында талқыланған 23 04 2014 ж.

Хаттама № 9

Кафедра жетекшісі _____________________ А.А. Мамырбаев

________________________________ циклдық әдістемелік комиссия отырысында талқыланған

____ _________ 20___ж. Хаттама № ______

Жететкшісі ________________________ С.Т. Уразаева

Келісілді

Оқу-әдістемелік орталығы (кәсіби практика бөлімі)

______ __________ 20____ж. Хаттама № ____

Утверждено Учебно-методическим Центром

______ __________20___ ж. Хаттама № ____

Кәсіби практика бөлімінің жетекшісі ________________________ А.С. Алмагамбетова

2. Мазмұны:

1. Кіріспе Өндірістік тәжірибе бойынша типтік бағдарлама 2009 жылғы 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған.

Еңбек гигиенасы маманы ретінде өндірістік практика бойынша үлгілі оқу бағдарламасы медициналық-профилактикалық іс мамандардың дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға арналған және оқу жұмыс бағдарламаларың құрастыруға негіз болып табылады.

2. Өндірістік практиканың мақсаты: мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізуде «еңбек гигиенасы» пәнінен өтуде меңгерілген теориялық білімдерді тереңдету, нығайту және тәжірибелік машықтарды игеру.

3. Өндірістік практиканың міндеттері:

  • Студенттерді тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын ұйымдастыру және қамтамасыздандыруына үйрету;

  • Қолайсыз өндірістік факторларға байланысты тұрғындар аурушандығының алдын алу шараларын, мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүзеге асыруына үйрету;

  • өндірістік орта жағдайына байланысты еңбек етуші тұрғындардың денсаулығын зерделеуге, бағалауға және болжауға үйрету;

  • еңбек етуші тұрғындарының денсаулығын сақтау және өндірісті қалпына келтіру мақсатымен санитарлық-гигиеналық, санитарлық-техникалық санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық-алдын-алу шараларын жобалау, ұйымдастыруын және орындауын үйрету;

  • сырқаттанушылықтың оперативті және ретроспективті эпидемиологиялық талдауын жүргізу;

  • денсаулық сақтау жүйелеріндегі емдеу-профилактикалық ұжымдардағы негізгі медициналық құжаттармен, бұйрықтар мен нұсқаулармен, статистикалық есепке алу және есеп беру құжаттарымен жұмыс істеуге үйрету;

  • балалар және ересек тұрғындардың денсаулық жағдайын көрсететін негізгі денсаулық көрсеткіштерін есепке алуды және қажетті статистикалық мәліметтерді талдауға үйрету;

  • берілген статистикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, әлеуметтік, табиғи-геофизикалық, өндірістік, экономикалық және т.б. факторларды ескере отырып, қоғам денсаулығы бағалау мен талдау жасауға үйрету;

  • Әйелдер мен балаларға, өнеркәсіп орындағы жұмысшыларға, медициналық көмек беруді ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктерін оқу.

  • Салауатты өмір салтын ұйымдастыру және насихатттау принциптерін іске асыруды үйрету. Бакалаврларды ақпарат беру орындарында, теледидарларда, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінде, білім беру және тәжірибе беру мекемелерінде немесе тұрғындардың әр түрлі топтарының арасында жүргізілген, жұмыстарға арнайы қатыстыруды қамтамасыз ету;