- •Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университетІ»
- •Кәсіптік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасы Пән: Еңбек гигиена
- •2. Мазмұны:
- •2.3. Тәжірибенің міндеттері:
- •2.4. Тәжірибені өтудің соңғы нәтижелері
- •Өндірістік практиканың күн тәртібі
- •8. Тәжірибе бойынша есептерді дайындау тәртібі және қоғау мерзімі.
- •Студенттің өндірістік практиканы өтуде құқығы:
- •Студенттер өндірістік практиканы өту кезінде міндетті:
- •Өндірістік практика нәтижесінде студенттердің біліп меңгерген дағдыларын бағалау критерийлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Еңбек гигиенасы бойынша
- •Баллды-әріптік жүйе бойынша бағалау кестесі
Өндірістік практиканың күн тәртібі
№ |
Жұмыс түрлері |
уақыты |
1 |
Өндірістік жайлардың ауасын зерделеуге сынама дайындау |
09.00-10.30 |
2 |
Физико-химиялық зерттеулерді жүргізу. |
10.30-12.30 |
3 |
Алынған мәліметтердің көрсеткіштерін СанЕжн-мен салыстыру |
12.30-13.00 |
4 |
Қортынды және өлшеу хаттамаларын беру. Әкімшілік бұзушылықты толтыру. |
13.00-14.00 |
8. Тәжірибе бойынша есептерді дайындау тәртібі және қоғау мерзімі.
Практика базасы мен жетекшілігі
Өндірістік практиканы өту базасы ретінде бекітілген МСЭҚД-нің еңбек гигиенасы жүргізіледі. Өндірістік практиканы өту кезінде студентер практика базасының ішкі тәртіп ережелерін орындауына, барлық ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстарына қатысуына міндетті және практика жетекшісі мен МСЭҚД бөлім меңгерушілеріне тікелей бақылауында болады.
Өндірістік практика жетекшісі практика бағдарламасы орындалуын қадағалайды. Өндірістік практика кестеге сәйкес сабақтан тыс уақытта өткізіледі.
Студенттің өндірістік практиканы өтуде құқығы:
Практиканың бағдарламасын орындаудағы қажетті ақпараттық мәліметтерді алуға;
Базалық ұйымның ақпараттық, нормативтік-нұсқаулық әдибиеттерді қолдануға және бөлім меңгерушілерінің рұқсатымен ақпараттық қорларды пайдалануға;
Өндірістік практиканың бағдарламасы бойынша базалық ұйымның мамандарынан тұжырымды кеңес алуға.
Студенттер өндірістік практиканы өту кезінде міндетті:
Тәжірибенің оқу бағдарламасын толық орындауға;
Бекітілген үлгіде тәжірибе күнделігін күнделікті толтырып отыруға;
Базалық ұйымның ішкі тәртіптік ережелерін толық сақтап, орындауға;
Базалық ұйымның санитарлық ереже, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау талаптарын оқып, біліп, қатаң сақтауға.
Бақылау түрлері
Практика жетекшісінің күнделікті бақылауы:
Өндірістік практиканың жетекшісінің ағымды бақылауы:
Студенттің қатысуын және жұмыс орнында тәжірибелік ісін бақылайды;
Студенттердің тәжірибелік дағдыларын машықтануын қадағалайды;
Студенттердің практика күнделігін тексереді.
Қорытынды бақылау –дифференцирленген сынақ:
Қорытынды бақылауға рұқсаттама алуы үшін студентте болуы керек:
Практика жетекшісі немесе база ұйымның жетекші маманы күнделікті қолдары қойылған практика күнделігі;
Өндірістік практика жетекшісінің және база ұйым меңгерушісінің қолдары қойылған мінездеме;
Өндірістік практикаға қатысу журналы.
Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша дифференцирленген сынақ «Рейтингке...» сәйкес студенттердің тәжірибелік машықтарын (орындау біліктігін) бағалау нәтижелеріне негізделеді. Тәжірибелік машықтарын бағалау баллдық-әріптік жүйе бойынша және % бағамен жүргізіледі (кестені қараңыз).
Өндірістік практиканы өту қорытындысы бойынша студентердің машықтары мен орындау біліктігін бағалау критерийлері (дифференцирленген сынақта).
Еңбек гигиенасы маманы ретінде өндірістік практиканы өту уақытында игерген машықтары мен орындау біліктігі әріптік жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар – төмендеуі бойынша А дан F әріпіне дейін, ол төрт баллдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес келеді), М. Оспанов атындағы БҚММУ оқу үдерісінің ұйымдастыру барысы туралы Ережеге қосымшаға сәйкес. Әрбір машықты орындауы қадамдар бойынша жазылады, әрбір қадам сомас ы 4 балл болатындай етіп бағаланады. Сонымен, барлық қадамды орындаған студент машықты дұрыс және толық орындағаны ушін максималды сандық эквивалентті – 4,0 баллды алады, ол әріптік-баллдық жүйе бойынша А әріптік бағасына сәйкес келеді.
