- •Қ.Р. Акушериялық гинеколгиялық көмектің құрылымы және ұйымдастырылуы.
- •Қ.Р. Акушериялық гинеколгиялық көмектің ұйымдастырудың 5 сатысы.
- •Әйел репродуктивті жүйесінің құрылуы және дамуы.
- •Етеккір цикилының нейроэндокринді реттелуі
- •Етеккір циклынің бұсылысы және оның тіс жақ сүйек жүйесінің патологиялық байланысы.
- •Жүкті әйелдердің диспансеризациясы.
- •Жүкті әйелдердегі гиннивит және алдын алу, диагностикасы, емі.
- •Жүкті әйелдердегі пародоктопатия және алдын алу, диагностикасы, емі.
- •Жамбас сүйегінің анотомиясы және акушерлік көзқараспен
- •Қалыпты босану клиникасы. Босанудың 3 ші кезеңі.
- •Босанудың тіс жақ сүйек жүйке жағдайын стоматологиялықпен бақылу
- •Акушерлік қан кету кезіндегі алдын ала көмек.
- •Әйелдерде қабыну аурулары дамуы және ағымында одантогенді. Індеттің ролі.
- •Контрацепция және әртүрлі жас кезеңдерінде оларды қолдану ерекшеліктері.
- •Стоматологияның операциясын жүргізу кезінде жүктіліктің әртүрлі мерзімінде дәрілік заттарды және норкозды қолдану ерекшеліктері.
- •Әйел жыныс мүшесінің төменгі бөлігінің қабыну аурылары. Вагинит. Диагностика емі.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы
- •Омырумен қоректендіру. Қағидалары.
- •Жүктілік кезінде қан кетудің себептері.
- •Жүктілік кезіндегі қан кетулердің диагностикасы.
- •Бала жолдасының төмен орналасқан кезінде қан кетудің ерекшеліктері
- •Сыртқы акушерлік тексеру.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кету себептері.
- •Әйел жыныс мүшелерінің фондық аурулары.
- •Әйел жыныс мүшелерінің рак алды аурылары дистациялары.
- •Босанғаннан кейіңгі іріңді. Септикалық аурулар жіктемесі.
- •Жүктілікті көтере алмаушылықтың себептері жіктелуі
- •Бедеу неке . Тексеру алгоритмі.
- •Жатырдан тыс жүктілік. Клиникасы тексеру әдістері.
- •Аналық безінің апоплесиясы. Диогностикасы.Емі.
- •Комбинирленген оральді контрацепция
- •Жедел контрацепция. (жк)
- •Барьерлік контрацепция әдістері
- •Жатыр ішілік спираль (жіс)
Әйелдерде қабыну аурулары дамуы және ағымында одантогенді. Індеттің ролі.
ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ АУРУЛАРЫ, сыртқы, ішкі жыныс мүшелерінің зақымдануы, қабынуы, ісінуі, қатерлі не қатерсіз ісікке шалдығуы салдарынан болады. Әйел Ж. м. а-ның ішіндегі ең жиі кездесетіні – жыныс мүшелерінің қабынуы (60 – 65%). Бұл ауру әйелдің жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді, бедеуліктің негізгі себептерінің бірі болып есептеледі. Ауруды қоздырушының сипатына қарай қабыну аурулары: өзіне тән емес (спецификалық емес) және өзіне тән (спецификалық) деп бөлінеді. Өзіне тән емес түрінің қоздырғыштарына: ішек таяқшалары, стрептококктар; ал екінші түріне: гонококктар, туберкулез микробактериялары, трихомонадтар, хламидиялар, кандидалар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар, вирустар, т.б. жатады. Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларына: вульвит (әйел жыныс мүшесінің сырт жағының қабынуы), бартолинит, кольпит (қынаптың қабынуы), жатыр мойнының эрозиясы, аднексит (жатыр қосалқы бөлігінің қабынуы), параметрит (жатыр үлпершігінің қабынуы), периметрит (іш пердесінің жатырлық бөлігінің қабынуы), перитонит (іш пердесінің қабынуы), эндометрит (жатырдың шырышты қабығының қабынуы) жатады. Әйелдер түрлі ісік ауруларына 40 жастан асқанда шалдығуы мүмкін. Аналық бездерінің ісіктері қатерсіз және қатерлі ісік болып ажыратылады. Қатерсіз ісіктің ең жиі кездесетін түрлері: фолликулярлық киста, эпителиалдық киста, сары дененің кистасы, т.б. Ал қатерлі ісіктің ішінде ең жиі кездесетіні – саркома (қ. Қатерлі ісік). Ер адамдардың Ж. м. а-на жыныс мүшелерінің қабынуы: орхит (ен қабынуы), эпидидимит (ен қосалқысының қабынуы), фуникулит (шәуҺет бауының қабынуы), простатит, уретрит, крипторхизм (ұмада аталық бездің болмауы), баланит, т.б. жатады. Сондай-ақ, ер адамдар да қатерсіз ісік – гиперплазия (простата аденомасы), кондилома, полип, қатерлі ісік –семинома (аталық безде), простата қатерлі ісігі, т.б. ауруларына жиі шалдығады. Бұл ауруларға адамның жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, түрлі жұқпалы аурулар (тұмау, сүзек, сарып, т.б.) шалдықтырады. Ж. м. а. (соз, мерез, т.б.) жыныстық қатынастар арқылы жұғады. Осы аурулардың салдары – әйелдер мен ерлерді бедеулікке алып келеді. Ж. м. а-ның түрлеріне қарай антибиотиктермен, рентген, радий сәулелерімен емдейді, ал ісік түрлеріне қарай хирургиялық операциялар жасалады. Бартолинит— қынап кіреберісіндегі үлкен бездің қабынуы. Бұл аумақтағы қабыну тез арада бездің шығару өзгін бітеп, абсцесс дамуына алып келеді.
Клиникалық көрінісі: бартолинит кезінде науқас қабынған жердегі ауырсынуға шағымданады. Бездің шыға берісіндегі аумақтың қызаруы, ісінуі, басқан кезде іріңді бөлініс байқалады. Әлсіздік, бас ауруы, қалтырау (озноб), дене температурасының 39 С ге дейін жоғарылауы байқалады. Қараған кезде қынап кіріе берісі және үлкен, кіші жыныс еріндерінде қызару, ауырсынбалы түзіліс қынап кіреберісін жауып тұрғаны байқалады. Емі: Бартолинит кездінде қоздырғышқа сезімтал антибиотик тағайындайы. Жергілікті қабынуға қарсы майлар (левомеколь) жағып, мұз басып, қабыну белгілерін азайтуға болады. Қабынудың жедел түрінде физиоем арқылы (УВЧ) емдеуге де болады. Абсцесс болса, бартолин безін хирургиялық жолмен ашып, ішіндегі іріңдікті сыртқы шығару көрсетілген (марсупиализация).Кольпит— қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Бұл репродуктивті жастағы әйел, қыздардағы ең жиі кездесетін қабыну ауруларының бірі. жыныс ағзаларының қабынуы
Клиникалық көрінісі: аурудың жедел сатысында науқас қынаптағы қышу, ашыту, жыныс жолдарынан іріңді-серозды бөліністердің бөлінуіне, сонымен қатар жыныстық қатынас кезінде қынаптағы ауырсыну сезіміне (диспареуния) шағымданады. Гинекологиялық зерттеу кезінде қынаптың гиперемияланып қызаруын, бір затты тигізгенде қанап, іріңді бөліністерімен болатыны көрінеді. Дерттің ауыр түрінде шырышты қабаттың эрозиясы және жарасы (язва) пайда болады.
Ауру созылмалы түріне өткенде қышу және ашу сезімдері аса мазаламай, науқасты тек периодты түрде қынаптан бөлінетін іріңді -серозды бөліністер ғана мазалайды. Кольпиттің диагностикасы үшін кольпоскопия арқылы зерттеу кезінде қабынудың белгілерін көреміз. Емі. кольпит емі комплексті түрде өту керек. Бір жағынан ем инфекцияға қарсы бағытталған болса, екінші жағынан қосымша аурулармен күресу болу керек. Негізгі орынды инфекцияға қарсы антибиотиктер тағайындау.Қынапты диоксидин, хлоргексидин ертінділерімен шаю күніне 2-3 реттен артық емес жүргізілуі керек. Ұзақ уақыт (3-4 күннен көп) шаю қынаптағы қалыпты микрофлораға кері әсерін тигізетінін ұмытпау керек. Антибиотик терді жергілікті вагинальді таблетка, жақпамай, гель түрінде қолданылады. Қазіргі уақытта кольпитті емдеуде кең қолданыс тапқан кең спекртлі әсер көрсететін (антимикробтық, саңырауқұлаққа қарсы) -тержинан, полижинакс, нео-пентран, макрирор секілді препараттар қолданылады. Антибактериалді емнен кейін қынап қалыпты микрофлорасын қалыптастырып, қалпына келтіру үшін эубиотиктер тағайындалады. Оларға: бифидумбактерин, лактобактерин, жлемик жатады. Эндоцервицит -жатыр мойынының цервикальді каналының қабынуы. Жатыр мойының травмасы кезінде, мысалы: босану, аборт, диагностикалық қыру жүргізгенде пайда болуы мүмкін. эндоцервицит қазақшаКлиникалық көрінісі: ауру жедел сатысында науқас жыныс жолдарынан шырышты-іріңді, іріңді бөліністерге, кей кездерде іштің төменгі бөлігінің тартып ауруына шағымданады. Жатыр мойынын айнамен қарауда (гинекологиялық зерттеу кезінде) және кольпоскопия кезінде: сыртқы аран маңындағы қызару (гиперемия), кей кездерде эрозия пайда болуы, серозды іріңді бөліністерді байқауға болады
Созылмалы цервицит кезінде жатыр мойынының қатаюы, шамалы түрде кисталардың пайда болуымен сипатталад
Эндоцервицитті диагностикалау үшін бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеу көмектеседі. Емі: Жедел сатыдағы эндоцервицитті емдеу микроорганизім сезімталдылығына байланысты антибиотик тағайындау болып табылады. Емдеу жалпы жүргізіледі. Бұл кезде жергілікті ем қолдануға болмайды. Себебі жатыр мойынындағы инфекция жатыр ішіне немесе одан жоғары көтеріліп кету қауіпі бар. бартолинит қазақшаБартолинит— қынап кіреберісіндегі үлкен бездің қабынуы. Бұл аумақтағы қабыну тез арада бездің шығару өзгін бітеп, абсцесс дамуына алып келеді.
Клиникалық көрінісі: бартолинит кезінде науқас қабынған жердегі ауырсынуға шағымданады. Бездің шыға берісіндегі аумақтың қызаруы, ісінуі, басқан кезде іріңді бөлініс байқалады. Әлсіздік, бас ауруы, қалтырау (озноб), дене температурасының 39 С ге дейін жоғарылауы байқалады. Қараған кезде қынап кіріе берісі және үлкен, кіші жыныс еріндерінде қызару, ауырсынбалы түзіліс қынап кіреберісін жауып тұрғаны байқалады.
Емі: Бартолинит кездінде қоздырғышқа сезімтал антибиотик тағайындайы. Жергілікті қабынуға қарсы майлар (левомеколь) жағып, мұз басып, қабыну белгілерін азайтуға болады. Қабынудың жедел түрінде физиоем арқылы (УВЧ) емдеуге де болады.
Абсцесс болса, бартолин безін хирургиялық жолмен ашып, ішіндегі іріңдікті сыртқы шығару көрсетілген (марсупиализация).
Кольпит— қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Бұл репродуктивті жастағы әйел, қыздардағы ең жиі кездесетін қабыну ауруларының бірі. жыныс ағзаларының қабынуы
Клиникалық көрінісі: аурудың жедел сатысында науқас қынаптағы қышу, ашыту, жыныс жолдарынан іріңді-серозды бөліністердің бөлінуіне, сонымен қатар жыныстық қатынас кезінде қынаптағы ауырсыну сезіміне (диспареуния) шағымданады. Гинекологиялық зерттеу кезінде қынаптың гиперемияланып қызаруын, бір затты тигізгенде қанап, іріңді бөліністерімен болатыны көрінеді. Дерттің ауыр түрінде шырышты қабаттың эрозиясы және жарасы (язва) пайда болады.
Ауру созылмалы түріне өткенде қышу және ашу сезімдері аса мазаламай, науқасты тек периодты түрде қынаптан бөлінетін іріңді -серозды бөліністер ғана мазалайды. Кольпиттің диагностикасы үшін кольпоскопия арқылы зерттеу кезінде қабынудың белгілерін көреміз.
Емі. кольпит емі комплексті түрде өту керек. Бір жағынан ем инфекцияға қарсы бағытталған болса, екінші жағынан қосымша аурулармен күресу болу керек. Негізгі орынды инфекцияға қарсы антибиотиктер тағайындау.
Қынапты диоксидин, хлоргексидин ертінділерімен шаю күніне 2-3 реттен артық емес жүргізілуі керек. Ұзақ уақыт (3-4 күннен көп) шаю қынаптағы қалыпты микрофлораға кері әсерін тигізетінін ұмытпау керек. Антибиотик терді жергілікті вагинальді таблетка, жақпамай, гель түрінде қолданылады. Қазіргі уақытта кольпитті емдеуде кең қолданыс тапқан кең спекртлі әсер көрсететін (антимикробтық, саңырауқұлаққа қарсы) -тержинан, полижинакс, нео-пентран, макрирор секілді препараттар қолданылады. Антибактериалді емнен кейін қынап қалыпты микрофлорасын қалыптастырып, қалпына келтіру үшін эубиотиктер тағайындалады. Оларға: бифидумбактерин, лактобактерин, жлемик жатады.
Эндоцервицит -жатыр мойынының цервикальді каналының қабынуы. Жатыр мойының травмасы кезінде, мысалы: босану, аборт, диагностикалық қыру жүргізгенде пайда болуы мүмкін. эндоцервицит қазақшаКлиникалық көрінісі: ауру жедел сатысында науқас жыныс жолдарынан шырышты-іріңді, іріңді бөліністерге, кей кездерде іштің төменгі бөлігінің тартып ауруына шағымданады. Жатыр мойынын айнамен қарауда (гинекологиялық зерттеу кезінде) және кольпоскопия кезінде: сыртқы аран маңындағы қызару (гиперемия), кей кездерде эрозия пайда болуы, серозды іріңді бөліністерді байқауға болады.
Созылмалы цервицит кезінде жатыр мойынының қатаюы, шамалы түрде кисталардың пайда болуымен сипатталады.
Эндоцервицитті диагностикалау үшін бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеу көмектеседі. Емі: Жедел сатыдағы эндоцервицитті емдеу микроорганизім сезімталдылығына байланысты антибиотик тағайындау болып табылады. Емдеу жалпы жүргізіледі. Бұл кезде жергілікті ем қолдануға болмайды. Себебі жатыр мойынындағы инфекция жатыр ішіне немесе одан жоғары көтеріліп кету қауіпі бар
